Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоңышқаның пайда болуы, таралуы, түрлері мен маңызы

Автор:   •  Февраль 7, 2018  •  Курсовая работа  •  19,778 Слов (80 Страниц)  •  1,711 Просмотры

Страница 1 из 80

ТЕРМИНДЕР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Агроценоз

Ауыл шаруашылығын жамыту кезінде адамзатпен жасалынған биоценоз

Қарашірінді

Жоғары молекулярлы қара түсті, бойында өсімдіктерге қажетті қоректтік элементтер бар топырақ заты

Топырақ құнарлылығы

Топырақтың өсімдіктердің қоректтік элементтер, ылғал және ауаға сұранысын қамтамасыз ете алатын қабілеті, сонымен қатар олардың қалыпты тіршілігіне жағдай жасайтын қасиеті

Өнімділік

Өсімдік шаруашылығының егістік аумағынының бірлігінен алынатын өнім мөлшері

ц/га – центнер 1 гектардан

г/см3 - грамм 1куб  сантиметрге

г/л – грамм 1 литрге

га - гектар

дана/м² - дана в 1 м²

м² - квадратты метр

% - пайыз

мм – миллиметр

млн/г – миллион дана грамм ға

мг/кг – миллиграмм килограммға

см - сантиметр

ºС – градус Цельсий бойынша

АМС – агрометеорологиялық станция

СЗС-2,1 – аңыздықты дән сепкіш ені 2,1 м

т – тонна

N – азот

P – фосфор

K – калий

Кіріспе

Жануарлардың өнімділігі жем-шөптік базаның жағдайымен тікелей байланыста болады, яғни, жануарларды азықпен қамтамасыз етуді олардың өнімділігі, жасы, салмағы мен физиологиялық жағдайын есепке ала отыра іске асыра алу. Мал азықтар көп деңгейде малдардан алынатын өнімнің тиімділігін анықтайды, өйткені шығындардың 50% жануарларды азықтандыруға кетеді[1].

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай айтылды: «Аграрлы секторда ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытатын теңдесіз жоба іске асырылады. Ет экспорты тек 2018 жылы 60 мың. тоннаны құрайды, ол дегеніміз 4 млн. тонна дән экспортына барабар».

Жануарлардың мал басын көбейту нық мал азықтық базамен байланыста. Қазіргі кездегі көпжылдық шөптердің өнімділігінің төмен болуы Павлодар облсының негізгі жайылымдық және шабындық дақылы болып табылатын еркекшөптің егістерінің ескі болуымен байланысты келеді. Облыста жүгері мен мал азықтық қызылша секілді сүт көбейтетін дақылдардың егістері жоқ деуге болады, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер оларды өсіруден шығыны көп болатын технологиялар үшін бас тартып отыр [2].

Павлодар облысы үшін Ертіс аңғарының шалғындары жем-шөптерді дайындаудың басты көзі болып табылады. Ертіс өзені аңғары аумағы Павлодар облысында орасан -370 мың. га [3]. Алайда соңғы жылдары Ертіс аңғарына су қоймалардан (Бұқтырма, Өскемен, Щульба) жіберілетін көктемгі судың мөлшері өте көп болып отыр және олар жазғы мерзімде, яғни, жайылым мен шабындық мерзімінде бірнеше рет қайталанып аймақ қожалықтарына орасан зор зиянын тигізіп отыр.

Сондықтан жем-шөптік дақылдардың белгілі бір егістік алаңдарын суармалы жерлерді орналастырған жөн, әсіресе бұршақты, бұршақты-астықты дақылдар егістерін. Бұршақты дақылдар ақуызға бай, мал азықтық бірлігі жоғары және оларды жануарлар сүйсіне жейтіні белгілі. Олардан құнды мал азық болып табылатын шырынды жем-шөп пішендеме дайындалады.

Облыстың далалық аймақтарында бұршақ тұқымдас мал азықтық шөптер ішінен өндіруге оңтайлы болып жоңышқа, эспарцет, түйебұршақ табылады[4].

Әлемдік егіншілікте көпжылдық жем-шөптік шөптердің ішінде ең танымалы және көп таралған болып табылатыны ол бұршақтұқымдас дақыл -жоңышқа. Ол жер шарының 80 астам елдерінде барлық құрлықтарда, түрлі табиғи-экономикалық аудандарда және экологиялық жағдайларда өсіріледі [5].

Бұл дақыл Қазақстанның шөп себілетін танаптарының ауқымды аумағын алып жатыр, әсіресе оңтүстіктің суарылатын жерлерінде. Мал азықтық дақыл ретінде жоңышқа өзінің құрамында аққуыздар мен дәрумендердің көп болуына қарай бағалы болып келеді. Жапырақтарында аққуыздың құрамы 19-20%, дәрумендердің көп мөлшері – А, С, РР және т.б., фосфор мен кальций 1,49%, сондықтан жоңышқа жас төлдер үшін баға жетпес мал азық болып табылады. Жоңышқаны жасыл азық, пішен, пішен ұны, пішендеме, жеңіл сүрленетін дақылдармен араластыра сүрлем және т.б. ретінде пайдаланады. Сонымен қатар ол ауыспалы егістерде барлық дақылдар үшін үздік алғы егіс болып келеді, оның ішінде бидай, мақта, темекі, күріш және қант қызылшасы үшін.

...

Скачать:   txt (283 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 79 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club