Мұрын жырау музейі
Автор: Akbilek1994 • Февраль 5, 2024 • Лекция • 2,519 Слов (11 Страниц) • 105 Просмотры
«Бекітемін»
Әбіш Кекілбайұлы
атындағы Маңғыстау
облыстық тарихи-өлкетану
музейінің директоры
______________ Э.Абланова
«____»____________ 2023 ж
Өнері өрге өрлеген Өскінбай
(Дәріс)
Дайындаған: А.Табихова
Мұрын жырау музейі
Форт-Шевченко қаласы
Жоспар
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
1. Өмірбаяны 4
2. Шығармашылығы 6
Қорытынды 7-8
Пайдаланылған әдебиеттер 9
Кіріспе
Ежелден Маңғыстау аймағында жыршылық-жыраулық дәстүр кең қанат жайған. Ақындықтың ұлы мектебі қалыптасып, қарыштап гүлдеген. Қашаған ақын Абыл, Ақтан, Махамбет, Мұрат, Нұрым, Қалнияз, Марабай, Шернияз сынды сұңқар дауысты саңлақтардың үздік дәстүрлерін мықтап көкірегіне тоқып, жетілдіре, көркейте сабақтастырған. «Адайдың жеті қайқысы», сондай-ақ Балаораз, Қоспақ, Қашқынбай, Ізімшайыр, Мұрын, Нұрпейіс, Өмір, Ығылмандармен өнер көгінде, елдің төрінде жарқырап салтанатты жиын-мәслихаттарда, қызықтарда жыр дүкенін қыздырған. Маңғыстау, Хорезм аймағындағы, Еділ-Жайық, Қобда, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойындағы арғы-бергі ғасырларда өмір сүрген жыршы-жыраулардың шығармашылығын жан-жақты талдап тексерген оқымысты Қабиболла Сыдықов: «Қашағанның ақындық, жыршылық өнерін Өскінбай мен Аралбай, Ығылман мен Нұрпейіс, Мұрын мен Өмір Көкшекбайұлы, Сүгір Бегендікұлы мен Сәттіғұл, Шәдіман мен Шамғұл, Көшен мен Құмар сияқты ақын-жыршылар өнеге тұтқан», деп жазады.
19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Маңғыстау түбегінде өмір сүрген халық өнерпаздары, сал-серілері, ешкімге бас имей, өздерін тәкаппар (қайқайып) ұстағандықтан ел ішінде «Адайдың жеті қайқысы» атанған: Шолтаман, Тұрсын, Әділ, Досат, Жылгелді, Тәстемір және Өскінбай. Осы жеті өнерпаз жұбын жазбай бірге жүріп, Маңғыстау, Хиуа мен Хорезм аймағын, Жем мен Жайық бойын аралап, өнер көрсеткен.
Осы «Адайдың жеті қайқысының» бірі Өскінбай Жаңайдың-Әлі-Байт-Қалмамбетінен тарайды. Ол 1860 жылы Маңғыстауда туылып 1925 жылы дүние салған. Жетібай ауылының қасындағы Қырғын қорымына жерленген. Өскінбай халықтың сазгері, сал-сері, әнші, күйші-домбырашы, ақын, жыршы. Мергендік, аңшылық-саятшылық, атбегілік те өнерлері болған. Маңғыстау, Хиуа аймағына әйгілі Абыл, Есір, Мылқайдар, Ілекер, Жоламан күйшілерден, Нұрым мен Қашаған ақындардан тәрбие алады. Түрікмен дутаршысы Құлбай бахшымен күй сайысына түсіп үздік өнерімен танылады. Сапармәмбет, Өдеулі сияқты атақты түрікмен күйшілерімен, Тәңірберген, Жолды, Арал, Сәулебай, Жәкен, Көпеш сияқты халық күйшілерімен бір жүріп өнер қуады. Өскінбайдың біздің дәуірімізге өзі шығарған 50-ге жуық қана күйлері жеткен. Олардың бастылары "Жастық дәурен", "Шөлмек сынған", "Ыңғайтөк" т.б. Өскінбай шығармашылық бағытында да, орындаушылық дәстүрінде де Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл дәстүрлерінен бөлек өзіндік өрнек-ерекшелігі мол сазгер. Оның "Балқасым биді жеңуі", "Ырзабек, Бурабек байларды әшкерелеуі", "Алмағамбет байды тілдеуі", "Қоштасу", "Жирен жорға", "Жеті бұлбұл", "Ақерке", "Қаракөз", "Кербез Айша" тағы да басқа өлең-толғаулары бар. Өскінбай шығармаларының негізгі идеясы өнерді ардақ тұту, елдік, ерлікті, кісілік, адамгершілікті насихаттау. Өскінбай "Балқасым биді жеңуі" термесінде Маңғыстаудың жер-су атауларын жырлап өтеді. Бұл жыр қазіргі ұрпақ үшін географиялық атау жөніндегі құнды мәлімет. Және атақты күйші Дәулеткерейдің "Көроғлы" күйі Өскінбайдың қасында дүниеге келгені туралы ағамыз Сержант Шәкрат айтады.
...