Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.)дәрілік өсімдігінің биологиялық сипаттамасы және фитохимиялық құрамы
Автор: Nuraistudent • Декабрь 5, 2023 • Реферат • 3,416 Слов (14 Страниц) • 182 Просмотры
1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
1.1 Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.)дәрілік өсімдігінің биологиялық сипаттамасы және фитохимиялық құрамы
Жалпақтікен итмұрыны (Rosa platyacantha Schrenk.)-
тұқымдасы Rosa туысына жататынжабайы бұта түріндегі өсімдік.Негізгі таралу ареалы Орталық Азиядан Моңғолияға дейінгі аймақтар.Қазақстанның
Раушангүлдер тұқымдасы (Rosaceae) – дегеніміз қос жарнақты
Rosaceae
таулы аймақтарында кеңінен таралған [1].
өсімдіктерге жататын бұта немесе ағаш тәріздес болатын, біржылдық немесе екіжылдық өсімдіктер болып табылады. Бұл тұқымдас түрлері әлемде өте кең таралып кеткен, негізінен, олардың өсу ареалы – қоңыржай аймақта болып саналады. Бұл тұқымдастың әдебиеттік көздер бойынша 100-ден асқан
туысы, 3000-нан аса түрлері белгілі болып отыр.
36 туысы және де 200-ден астам түрлері тіркелген, ал оның
ішінде 12-і сирек кездесетін өсімдіктерге жатады, сол себепті бұл
өсімдіктерді қорғауға алып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Раушангүлдер(Rosaceae) тұқымдастарына жататын өсімдіктердің
морфологиялық құрылысына келетін болсақ, олардың жапырақтары күрделі, әрі кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, сонымен қатар, жапырақтарының қосалқы жапырақшалары кездеседі. Өсімдік гүлінің құрылымы: қос жынысты, кейде дара жынысты болып кездеседі, жеке-жеке орналасады немесе топтанып орналасқан. Гүлінің күлтесінің саны – бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлдің қоршауы көбіне екі қатарлы болып келеді.Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Өсімдік жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы– эндоспермсіз. Кейбірөсімдіктіңтұқымы мен жемісіндеболатын, ұрықтың қоректенуінеқажеттіерекшеұлпаболмайды.Раушангүлдердің жемісі тамаққа қосуға пайдаланылады және де оларқұнарлы мал азығы, гүлінен ара
бал жинайды [2].
Rosaтуысына жататын өсімдік түрлері жер шарындағы ең танымал
сәндік, әсемдік түрлер болып табылады. Rosaтүрінің200 жуық түрлері бар, алайда тек 10-15 түрлері мәдени сорттарды көбейтуге қолданылғандықтан басқа да түрлеріне зерттеулер аз жүргізілген. Итмұрынның әртүрлі түрлерінен алынған сығындылар мен қосылыстардың қолдану аясы өте кең: халықтық медицинада , сонымен қатар тері аурулары, артрит , диарея , бүйрек бұзылыстары сияқты ауру түрлеріне қарсы көрсеткіштері анықталған. Итмұрын түрлері сонымен қатар косметика өнеркәсібі үшін белсенді ингредиенттердің ерекше бай көзі болып табылады. Басқа да түрлері косметикалық өнімдерде қолданылады және тері күтімінде ғылыми
дәлелденген белсенділікке ие [3].
ҚР аймағында бұл
тұқымдастың
Rosa туысына жататын өсімдіктердің фитохимиялық құрамы әртүрлі түрлерге жататын немесе бір түрге жататын өсімдіктер үшін де географиялық орналасуы, топырақ құрамы, экологиялық жағдайлар сияқты сыртқы орта
6
факторларына байланысты өзгереді
зерттеулерге сәйкес Rosa sp. өсімдігінің фитохимиялық құрамы гүлдің дамуына байланысты болатынын көрсетті [5]. Итмұрын өсімдігінің ең көп зерттелген бөлігі жемістері болып табылады.Итмұрын жемістерінің құрамында С дәрумені,жоғары қаныққан май қышқылдары, флаваноидтар, тритерпеноидтар, фитостеролдар, галактолипидтер кездеседі [6]. Соңғы жүргізілген зерттеулер бойынша R.rugosa өсімдігінің гүл бүршіктерінде антиоксиданттық және жасартатын әсер көрсететін қышқыл полисахаридтер бар екендігі және нейро белсенді депсид-гликозидтер мен иілік заттардың бар екендігі анықталған [7-8]. Флаваноидтар, соның ішінде кверцитин мен кемпферол туындылары R.damascena өсімдігінің гүл бүршігінен анықталған [9]. Итмұрынның
...