Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.) cығындысы бар гигиеналық ерін далабының құрамын, технологиясын әзірлеу және сапасын бағалау
Автор: Student5 • Декабрь 6, 2023 • Реферат • 3,321 Слов (14 Страниц) • 179 Просмотры
Қазіргі уақытта дәрілік өсімдіктерден алынған сығындылар дәрілік препараттардың, емдік косметиканың және басқа да
косметикалық құралдардың құрамдас бөлігі ретінде белсенді пайдаланылады. Rosa туысына жататын өсімдіктер құрамындағы биологиялық белсенді молекулалардың жоғары құрамымен және емдік ,косметикалыққасиеттерінің кең спектрімен танымал болып табылады.Rosa platyacanthaSchrenk – Қазақстанның таулы аймақтарында кеңінен таралған жабайы өсімдік. Қазіргі уақытта R. рlatyacantha өсімдігінен алынған сығындылардың құрамы , олардың биологиялық белсенділіктері толық зерттелмеген.Rosa туысына жататын өсімдіктер бағалы құрамдас бөліктерінің арқасында косметикалық өндірісте кең қолданылады. Құрамыантиоксиданттар, қабынуға қарсы және ультракүлгін сәулелерден қорғайтын құрамдас бөліктерге бай. Жоғарыда
аталып өткен құрамға ие болғандықтан бұл өсімдіктен алынған сығындылардан теріні қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан, атап айтқанда ауаның ластануы, ультра күлгін сәулелену сияқты факторлардан қорғауда қолданылатын косметикалық өнімдер үшін жоғары потенциалды құрамдас бөлік болып табылады. Сол себепті құрамында жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.) cығындысы бар гигиеналық ерін далабын дайындау технологиясын және ерін далабының құрамын жасау өзекті тақырып болып табылады.
Жұмыстың мақсаты:Құрамында жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.) cығындысы бар гигиеналық ерін далабының құрамын, технологиясын әзірлеу және сапасын бағалау
Жұмыстың міндеттері:
1) Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.) дәрілік өсімдік шикізаты негізінде сығындысын алу;
2) Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.) cығындысы бар гигиеналық ерін далабының құрамын әзірлеу;
3) Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.) cығындысы бар гигиеналық ерін далабының өндірістік-технологиялық және аппаратуралық сызбаларын құрастыру;
4) Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.) cығындысы бар гигиеналық ерін далабының сапасын бағалау;
Зерттеу нысаны:Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.)
дәрілік өсімдік шикізаты мен Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.) негізіндегісығынды
Зерттеу пәні: Фармацевтикалық әзірлеу
Зерттеу әдісі:Ультрадыбысты экстракция, Хромотография
5
1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
1.1 Жалпақтікен итмұрын (Rosa platyacantha Schrenk.)дәрілік өсімдігінің биологиялық сипаттамасы және фитохимиялық құрамы
Жалпақтікен итмұрыны (Rosa platyacantha Schrenk.)-
тұқымдасы Rosa туысына жататынжабайы бұта түріндегі өсімдік.Негізгі таралу ареалы Орталық Азиядан Моңғолияға дейінгі аймақтар.Қазақстанның
Раушангүлдер тұқымдасы (Rosaceae) – дегеніміз қос жарнақты
Rosaceae
таулы аймақтарында кеңінен таралған [1].
өсімдіктерге жататын бұта немесе ағаш тәріздес болатын, біржылдық немесе екіжылдық өсімдіктер болып табылады. Бұл тұқымдас түрлері әлемде өте кең таралып кеткен, негізінен, олардың өсу ареалы – қоңыржай аймақта болып саналады. Бұл тұқымдастың әдебиеттік көздер бойынша 100-ден асқан
туысы, 3000-нан аса түрлері белгілі болып отыр.
36 туысы және де 200-ден астам түрлері тіркелген, ал оның
ішінде 12-і сирек кездесетін өсімдіктерге жатады, сол себепті бұл
өсімдіктерді қорғауға алып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Раушангүлдер(Rosaceae) тұқымдастарына жататын өсімдіктердің
морфологиялық құрылысына келетін болсақ, олардың жапырақтары күрделі, әрі кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, сонымен қатар, жапырақтарының қосалқы жапырақшалары кездеседі. Өсімдік гүлінің құрылымы: қос жынысты, кейде дара жынысты болып кездеседі, жеке-жеке орналасады немесе топтанып орналасқан. Гүлінің күлтесінің саны – бесеу,
...