Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұрын жырау және «Қырымның қырық батыры»

Автор:   •  Апрель 18, 2022  •  Реферат  •  1,578 Слов (7 Страниц)  •  374 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

                   Факультеті: «Филология»

                   Кафедрасы: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

СӨЖ

Тақырыбы: Мұрын жырау және «Қырымның қырық батыры»

       Орындаған: Жарылкапова Д.С.

                                                               Тобы: ҚТӘ-104

         Тексерген: Бисенбаев П.К.

Алматы 2022ж

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

Мұрын жырау

«Қырымның қырық батыры»

 III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер


I.Кіріспе

Қазақ халқы-түрлі ұлыстардың және тайпалық одақтардың қатарында өмір сүрген түрік руларынан жиналған халық.Осы секілді тілі,салт-санасы мен әдет-ғұрпы ұқсас рулардың бір тармағы халқымызға Ноғай ордасынан кірген.Бұл халықтың түп төркіні монғол басқыншыларының қатарына кірген ру-тайпаларымен тікелей байланысты.Олар сол жерде тұрақтаған қыпшақ тектес ұлттармен байланысып,кейін келе жекелеген ұлт ретінде тарих сахнасына оралған.Ноғай ордасы XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. «Ноғай», «Ноғайлықтар», «Ноғай ордасы» деген терминдер алғаш рет XVI ғасырдың басында ғана пайда болды.Ноғайлықтар өздерін «маңғыт жұрты» деп атаған.

Бұл күнде бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорында сақталып, оның төл туындыларына айналып кеткен.Мысалы, «Ер Төстік»,  «Жиренше шешен», «Қырымның қырық батыры», «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Шора», «Едіге», «Орақ-Мамай» сияқты эпостық жырлар сол ноғайлы заманының мұралары.

«Ноғайлы» дәуіріндегі  «қазақ» жырының өзгеруі зор қарқынмен жүрді. Ислам діні, Орта Азияда қалыптасқан суфистердің түркі-парсы тіліндегі «шілгендер поэзиясы» жыр тілінің қазіргі сақталған үрдісін қалыптастырды, осы кезде «қырық» сөзі, шілген, Баба Түкті тағы басқа сөздер кірікті.Ноғай ордасын билеген Едіге, оның ұрпақтары Муса, Нуретдин, Орақ, Мамай тағы басқа шаңғыт ру бектерінің саяси күштілігі, олар есімін ежелгі «қазақ» жырының батырларының есіміне айналдырса, ескі батыр есімдері ұмытылды, немесе екінші қатардағы «жыр батырларына» айналдырылды.

Мұрын жырау жырларындағы Едіге ұрпақтары – тарихи тұлғалар, ал Қарадөң батыр ұрпақтары мен «жеке батырлар» деп топтастырылған 13 ғасырға дейінгі көне алшын, қыпшақ, оғыз, печенег батырлары болатын.

Ноғайлы халқымыздың тарихи бел-белестеріне жүріп өткен бір кезеңі.Ғұн дәуірі, түркі дәуірі секілді, ол да тарихымыздың бір қатпары.Ноғайлы дәуірін Ш.Уәлиханов қазақ халқының «Алтын ғасыры» деп атаған.

II.Негізгі бөлім

Мұрын жырау

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы- Қырымның қырық батырын атанған ноғайлы жырларын ұмыт қалдырмай, осы күнг жеткізген ұлы жыршы.Қазіргі Маңғыстау түбегінің Бозашы алқабындағы Қоңырорпа деген жерде дүние есігін ашқан. Мұрын он жеті жасынан бастап біршола жыршылық жолға түсіп,әйгілі өнерпаздардың қасына еріп, жыр айтуға машықтанады.Кейін Қырымының қырық батыры топтамасындағы туындыларды Нұрым Шыршығұлұлы, Қашаған Күржіманұлы,Мұрат Мөңкеұлы сынды атақты ақын-жыршылардан үйренеді.

        Белгілі әдебиеттанушы ғалым Ж.Тілеповтың «Мұрын жырау- берісі қазақ халқының әрісі бүгінгі таңда 200 миллионға жуықтап отырған, отыздан астам ұлт пен ұлысты құрайтын бүкіл түркі  нәсілдерінің мақтан етуге лайық бірнеше ғасырда дүниеге бір рет келетін ерекше жаратылыс иесі» деп анықтама берген тамаша жаратылыс  пен ғажап құбылыс иесі - Мұрын жырау Сеңгірбекұлының рухани қазынасы ұрпақтар қорына қосылған баға жетпес асыл мұра» деген пікірі Маңғыстау жыраулық мектебінің дүлділдері Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашағандардың жыр көшін ілгеріге ұлылай, ұлықтай жалғаған ұлт мақтанышы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы тұлғасына берілген пайымды бағалардың бірі болатын.

...

Скачать:   txt (22.3 Kb)   pdf (157.6 Kb)   docx (61.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club