Қазтуған мен Доспамбет жырау толғауларының тақырыптары, идеялық, көркемдік қырлары
Автор: Гүлзира Мұрат Мұқсынқызы • Февраль 3, 2021 • Реферат • 1,273 Слов (6 Страниц) • 1,785 Просмотры
[pic 1]
«Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагикалық»
Университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Қазтуған мен Доспамбет жырау толғауларының тақырыптары, идеялық, көркемдік қырлары; Асан қайғы туралы аңыздар, олардағы ортақ сарын мен ұқсастықтар; Шалкиіз толғауларының басты тақырыптарын анықтау, жүйелеу
Орындаған: Мұрат К.
Қабылдаған: Абиыр Қ.
1. Қазтуған мен Доспамбет жырау толғауларының тақырыптары, идеялық, көркемдік қырлары.
Нағыз рух беретін, көркем тіркестері мол Қазтуған жырау мен Доспамбет жырау толғауларының тақырыптары өрнегі жағынан күрделі әрі әсерлі болып келеді. Қазтуған жырау – ақын жорық жыршысы, қазақ эпосының жасаушыларының бірі болса, Доспамбет жырау – қолбасшы батыр, ерлік істерді, бояуы өшпеген жырларды жырлаған.
Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс, туған жер туралы сан алуан жырдан құралған мұра қалды. Толғауларында елге дем беріп, рухтандыра түседі. Жауынгерлерге өз жыры арқылы жігер береді. Толғауларында ұлттық бояу өз құнын кетірмеген. Батырлық дәстүрді қолдап, мақтанышпен жырына қосқан. Халықты батырлыққа дәріптейді. Елін жерін қорғауға үндейді. Жырларында жауынгерлердің өмірін суреттеп те өтеді.
Доспамбет жырау қазақ жыраулар поэзиясының үздіктерінің бірі. Бізге жеткен мұра оның жыр жауһарының тұтас жарығы болмағанымен, айрықша мұраға толы, сұлу сәулелі оралымдары бар керемет дүниелер жетерлік. Жырау толғауларының көркемдік қырларын, асау мінезін арғымақтай ауыздықтап, еркін билеп төстейді. Дәстүрлі үлгілерді түлете түседі. Қамшының өріміндей өлең жасай біледі. Толғауларының басты тақырыбы үзілмей үдей түсіп жатқан бір сарын жауды жеңіп, бейбіт күнге жетсем деген арманы. Және соған өзі де үлкен үлес қосып, азаттық үшін күресіп жүріп қаза табады.
Екі жырау толғауларының басты тақырыбына келетін болсақ екеуі де отан қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік, ел бірлігі және батырлық істер туралы жырлап өткен. Өз заманының өткір тілді даналары бола білген. Жырауларымыздың жырларының тақырыбын алып қарасақ басты мақсаттары елі мен жерін жаудан азат ету турасында жазылған. Халқының тағдыры жырауларды бей-жай қалдырмағандығы көрініп тұр. Идеялық, көркемдік қырлары да ерекше суреттелген. Тағы да ескере кететін жайт елі үшін жарлаған, елі үшін жауға шапқан батыр бабалар екендігі толғауларында айқын көрінп тұр.
2. Асан қайғы туралы аңыздар, олардағы ортақ сарын мен ұқсастықтар
Асан қайғы – ақын, жырау, би, Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Кейінгі ұрпаққа әулие атанып, аты аңызға айналған, Ш.Уалиханов айтқандай «көшпенділер философы» атанған. Негізі азан шақырып қойылған аты – «Асан». Бірақ, аңызға байланысты Асан сөзіне «қайғы» тіркесі жалғанған. Ал бұл тіркестің жалғануының басты себебі, халық қайғысын, зар-мұңын ойлаумен өткендігі болып отыр.
Асан бабамыз туралы көптеген аңыздар бар. Мен бүгін сол аңыздардағы ортақ сарын мен ұқсастықтарын табатын боламын. Бірінші аңыз ол барлық қазаққа белгілі елінің еркін өмір сүруін аңсап, әрі ел-жұртын жаудан қорғау үшін желмаяға мініп, еліне шұрайлы қоныс – «Жерұйықты» іздегені. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын мен баға беріп отырады. Бірақта, ондай жайлы қоныс таба алмай өзі ұнатқан құт-ырысы мол «Жиделбайсынға» ел көшіремін деген үміті де өшіп, жігері құм болып, ақыры күші қайтқан қартайған шағында арманына жете алмай қаза табады. Бірақ қаза таппас бұрын да елі мен жерінің көркеюі үшін көптеген еңбек, қажырлы жұмыстар жасайды. Асан қайғының есейіп, егде тартқан кезінде Керей мен Жәнібек сұлтандарға еріп, Әбілқайыр ханның тобынан бөлініп шыққан, кейінірек қазақ халқының тұңғыш ханы Жәнібектің төңірегінен табылып, соның қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі болған.
...