ХҮІІІ ғ. тарихи ахуал. Қазақ даласында билер мектебінің дамуы. Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау. Арнау өлеңдері
Автор: 12344tt • Май 8, 2022 • Реферат • 1,177 Слов (5 Страниц) • 300 Просмотры
ХҮІІІ ғ. тарихи ахуал. Қазақ даласында билер мектебінің дамуы. Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау. Арнау өлеңдері.
XYIII ғасырда қазақ елін сыртқы жаудан қорғау үшін күреске үндеуші және өзі де Абылай ханның жорықтарына үзбей қатысқан жортуыл жыршысы болып табылады. Ол қалмқтармен шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырларын – Жәнібек Шақшақұлы, Бөкей, Сағыр, Дербісәлі, Бөгембай, Жабай, Сары, Баян т.б. жырға қосты, мадақтады. Жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда», «Кебеже қарын, кең құрсақ», «Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар» т.б. толғаулары өзі өмір сүрген кезеңнің тарихи маңызын суреттеуге арналған. Тәттіқараның шығармашылығын ең алғаш зерттеген Шоқан Уәлиханов. Ол Абылай қолының бір шайқаста қатты қиын кезеңге тап болғандығы туралы айтқан Тәтіқара өлеңінің мазмұнын атап өтеді және батырдың сол қиын шақтан шығу жолын көрсетуі батырлығы деп таниды. Әлкей Марғұлан Тәтіқараны импровизатор ақын әрі жыршы деп атап көрсетеді. Ақын өмірінде ішер асқа, мінер атқа зар болған қара сирақ кедей бола тұра, ешкімге бас имеген қайсар ақын болған. Ақын Қостанай облысы өңірінде 1705 жылы туып, 1780 жылы дүниеден өткен. Руы – уақ арғын, тайпасы – қалмақ. Ақынның барша өмірі қазақ елі басына қиян-кескі, ұрыс-соғыс тақсіреті түскен кезінде орайлас өтеді. Тәтіқара Абылай хан ордасында әрі ұраншы ақын, әрі шашақты найза ұстаған орықшы ерлер санатында халқына еңбек етеді. Тәтіқара туралы Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайыловтар ерекше назар аударып, оның ақындық, ерлік істерін бағалап, пікір қалдырған. Ә.Марғұлан Тәтіқараны XYIII ғасырда асаған қазақтың ірі ақыны, жыршы-импровизатор деп көрсетеді. Ақынның өлеңдері ауыз әдебиетінің епекшелігі, сондай-ақ, жазба әдебиеттің сипатын танытады деп бағалайды. Ал Е. Ысмайылов Тәтіқараны Абылайдың қалмаққа қарсы күресін шындық түрінде жырлаған ақын және өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған «Ер Тарғын», «Қобыланды» сияқты жырларды халыққа таратушының бірі болған деп жобалайды. Тәтіқара Абылай маңында болған шағында ханды, оның тірегі болған Бөгенбай мен Олжабай сынды батырлардың халық үшін сіңірген ересен еңбегін, қалмақпен соғыста жасаған қаһарман ерліктерін мақтан етіп жырлап отырады. Соғыстың ауыр сәттерінде батырға дем беріп, оларға қиыншылыққы мойыма деп әрдайым жігерлендіреді.
Үмбетей жырау есімі тарихта Абылай Шайқастарымен, Бөгембай батыр ерліктерімен тығыз байланысты аталады. Ол Орта жүз арғын тайпасынан шыққан әйгілі жырау. Оның толғаулары Бөгембай өлімімен тікелей байланысты. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін естірту» атты екі толғауы қарт батырдың өлімін жоқтау және естірту үлгілерінде жырланған. Алғашқысында батырдың шыққан тегін, өскен ортасын, халқына істеген жақсылығын, ерлік істерін шолып, оның өлмес есімін мақтан етеді. Екіншісінде батырдың қазасы жайлы Абылай ханға естірте отырып, ханның өсу жолын, айналасындағы батырлардың, шешендердің, билердің қызметтерін мадақтайды. Соңында жырау ханға тооқтау айтып, батырдың өлім іне көңіл айтады. Бұл екі толғау қазақтың дәстүрлі салт жырларына жатады.
Үмбетей өз замандастары ішінде Қанжығалы қарт Бөгембай батырды ерекше құрметтеп, оның ерлігіне тәнті болған еді. Сондықтан да ол еліне сыйлы батырдың қазасына қабырғасы қайысып, оның сұлу да, ер тұлғасын сомдайды.
Алатаудан Ақшадан
Асып тудың, Бөгембай...
...Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгембай,- деп мадақтайды. Оны өз қолдарымен арулап жөнелтеді. Абылайдай ханына қарт батырдың қазасын естірту үшін оның айналасындағы батыр, би, шешендерінің қызметтерін, барлық сәтсіздіктері мен жеңістеріне ортақ сүйеніштерін атап өтеді. Ханды жұбатып, болашаққа жақсы тілекпен, үлкен үмітпен қарайды.
Жыламай тыңда, Абылай,
Жараға жақсы қас қарар,
Ойбайлап жаман бас салар.
Көзіңнің жасын тыя көр,
Жақсылық бата қыла көр.
Бөгембайдай жас берсін,
Өлшеусіз мал мен бас берсін.
Сабыр берсін халқына-ай,
Осы естіртуден Абылайдың ең сенімді серіктесі, қол бастаған батыры Бөгембай өлімін қатты аза тұтқанын байқауға болады.
Үмбетейдің бұдан басқа «Бекболат биге арнауы», «Бұқарға», «Бәкеге», «Ақтамбердіге» сияқты арнау толғаулары бар. Оларда жырау өмірдің әрбір кезеңін, белгілі бір жағдайларға байланысты өсиет сөздерін айтады. Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы Бекболатқа шежіре сыр шертсе де, Бұқарға отбасының, ондағы әйелдің рөлін айта келіп, арқалы бидің үй ішіндегі бақытын атап өтеді.
...