Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды тиімді орындаудың әдіс-тәсілдері
Автор: Dinara Yakupova • Июнь 26, 2023 • Курсовая работа • 9,890 Слов (40 Страниц) • 297 Просмотры
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ
«Есік гуманитарлық экономикалық колледжі» МКҚМ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі
Мамандығы: 010500 - Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105033 - Шет тілінен бастауыш білім беру
0105061 - Тәрбиелеушінің көмекшісі
Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды тиімді орындаудың әдіс-тәсілдері.»
Орындаған: 4 курс 412 – топ студенті Якупова Динара
Жетекшісі: Азимжанова Л.К.
Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы
Есік қаласы, 2022-2023 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
KIPICПE...............................................................................................................3-4
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ: ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ГРАММАТИКАЛЫҚ РӨЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Шет тілінен оқытудың маңыздылығы. Шет тілін оқытуда грамматиканың рөлінің теориялык негiздерi................................................................................5-7
1.2. Тіл дамыту жұмыстарын тиiмдi жүргiзудiң әдiстерi...............................8-10
II.ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Грамматикалық материалдарды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері...............................................................................................................11-16
2.2.Грамматикалық материалды шет тілі сабағы барысында түсiндiру.....17-23
2.3 Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану.........................24-26
III. ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................32
ҚОСЫМША.............................................................................................................
КІРІСПЕ
Қоғамның дамуының қазiргi кезеңi елiмiзде болып жаткақ түрлі өзгерістер білім беру қызметiне жаңаша қарауды мұғалім іс-әрекетін жаңаша
ұйымдастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында "Бiлiм беру мазмұны шетел тiлiн және информатика негiздерiн ертерек оқытумен толықтырылатын болады" - деп қарастырылған. Сондай-ақ мектепте оқушыларды шетел тіліне баулу мәселесi кеңiнен қолға алынғанын көрсетеді. Бұл негізінен мектептегі балалардың жас ерекшелiктерiне сәйкес
психологиялық-педогогикалық әдiстемелiк арнайы даярлығы бар шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жетелдіруді алға тартады. Қоғамымыздың қазiргi
даму кезеңiндергi басты мәселелердiн бiрі - бiлiм беру жүйесiнде оқыту үдерiсiн технологияландыру. Осыған орай педагогикалық үдерiске қатысты ǝртүрлi технологиялар жасалып білім беру жүйесiнiң құрылымдарына кеңінен енуде.Шетел тілдерін оқу пәні ретінде оқыту кеңестік кезеңнен бастап алғанымен негiзiнен орта мектепте жүзеге асырылған. Осы бағытта көпеттен педагог - ғалымдардың еңбектерi (Пассов Е.И Старков А.П Комков И.В Гез Н.И Рогова Г.В Рахманов И.В Маркова Т.В т.б) жарық көрді. Олардың негiзгi мазмұны мектепте шетел тiлдерiн оқытудың мазмұнын анықтау оқытудың жетiлдiру т.б бағыттарды жүзеге асырды.Бiздiң зерттеу жұмысымыз үшiн болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлау мәселесiн басқа да бірқатар пән мұғалімдерін даярлаудың жалпы педогогикалық мәселелерiнен бөлiп қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан біз зерттеу мәселемiздiң өзектiлiгiн анықтауда С.И. Архангельский, О.А.Абдуллина, Ф.Н.Гоноболин, Э.А Гришин Т.А Ильина, Н.В Кузьмина, И.Т Огородников В.А Сластенин, Н.Д Хмель, А.И Щербаков және т.б iзденiс нәтижелердiң үлкен маңызы бар. Болашақ мұғалімдерді даярлаудың сала бойынша мәселесімен көптеген ғалымдар (Г.К Ахметова, Б.А Әлмуханбетов, У.Н Нишаналиев, В.И Гусев, т.б ) шұғылданған. Тiлдiң грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандыктан сабақ барысында таным процесiнiң белгiлi әдістерін (даярлау жинақтау жалқыдан жалпыға жалпыдан жалқыға бару салыстыру) мiндеттi түрде есте сақтау қажет. Яғни балалардың таным процесi ең алдымен жеке фактiлердi жинақтауға,содан соң жинақталған мағұлматты пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бұдан шығатын қорытынды жаңа грамматикалық ұғым туралы түсiнiк берген кезде мұғалiм балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйенiп тiлдiк фактiлердi байқату және бiр-бiрiмен салыстыру арқылы әлгi белгiлердi жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиiстi дәрежеде түсiнiп болған соң олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп қабылданған мағұлматты тілдің сөздердiң жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрену қажет. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қызметiнiң осындай психо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
...