Қазақстан табиғи ресурстарының әлеуеті
Автор: AqnietNurlan • Сентябрь 23, 2024 • Реферат • 3,125 Слов (13 Страниц) • 19 Просмотры
КІРІСПЕ
Табиғи-ресурстық әлеует - аумақтың экономикалық дамуының негізі болып табылатын табиғат ресурстарының жиынтығы. Елдің табиғи-ресурстық әлеуеті шикізат пен отынға деген қажеттілікті қамтамасыз етіп кана қоймай, экспорттан түсетін каржының көп бөлігін қалыптастырып, республика экономикасының болашақта өсуінің манызды көзі болып табылады. Табиғи-ресурстық әлеует — географиялық ортаның негізгі құрылымдык элементі. Ол өндірістік күштерді орналастыруда рөл атқарады. Табиғи-ресурстық әлеует (табиғат ресурстары) алуан түрлі. Оған энергетикалык, жер және топырақ, су, орман, биологиялық (өсімдік және жануарлар дүниесі), минералдық (пайдалы қазбалар), климаттық және рекреациялық жатады.
Табиғат ресурстарының бар болуы - мемлекеттің кызығушылықтары мен өз тәуелсіздігін қорғай алу мүмкіндіктерін анықтайтын фактор. Қазіргі таңда салыстырмалы түрде халықаралық бәсекеге қабілеттілікке Қазақстанның отын-энергетикалык ресурстары (мұнай, газ, көмір), қара (темір және хромит кендері, болат пен ферроқорытпа) және түсті металдар қоры (мыс, алюминий, мырыш және қорғасын) ие. Елдің ауылшаруашылық әсіресе егіншаруашылығы ресурстарының және малшаруашылығы өнімдері бойынша әлеуеті жоғары. Адам өмірінде табиғаттың рөлі зор. Белгілі бір аумақта табиғат жағдайларының өзгеруі заңды құбылыс болып табылады. Табиғат жағдайлары - бұл табиғат күштері мен нысандар, олардың сапасы. Олар өндірістік күштердің дамуы мен қоғамдық өмірде жоғары мәнге ие. Бірак табиғи жағдайлар шаруашылықта, адамның өндірістік және өндірістік емес әрекетінде тікелей қолданылмайды. Табиғи жағдайларға жергілікті жердің шаруашылыққа әсер ету тұрғысынан алып жаткан аумағы, құрлықтағы орны мен материктегі көлемі, жер бедері, климаты мен су режімі, топырақ жамылғысы жатады.
Табиғи ресурстар-бұл адам өзінің өмір сүруі мен дамуы үшін пайдаланатын материалдық және энергетикалық ресурстар. Оларға су, ауа, топырақ, минералды ресурстар, ормандар, балық қоры және т.б. кіреді. Табиғи ресурстарды қорғау және тұрақты пайдалану қазіргі әлемде болашақ ұрпақты қамтамасыз ету үшін маңызды бола түсуде. Қазақстанда табиғи ресурстарды қорғау бойынша түрлі іс-шаралар, соның ішінде қорықтар мен ұлттық парктер құру, өнеркәсіпте қатаң экологиялық стандарттарды енгізу, ормандарды кесу мен минералды ресурстарды өндіруді бақылау, сондай-ақ топырақты қалпына келтіру және биоәртүрлілікті қорғау бағдарламалары өткізіледі. Сонымен қатар, ел қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық бастамаларға белсенді қатысады.
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Табиғи ресурстар туралы жалпы мәлімет
Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты үнемі табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.
Біздің республикамыз табиғат ресурстарына бай ел. Оған пайдалы қазбаларға бай жер қойнауы, ормандар мен шалғындар, жануарлар, минералды шикізат, су, күн, жел энергиясы, жауын-шашын ылғалдары жатады. Республикамыз табиғи ресурстардың кейбір түрінің қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында (хром, темір, мұнай т. б.). Келешекте ұрпақтарымыз тапшылық көрмеу үшін табиғат байлықтарын сақтап, молайтып отыруымыз керек, әйтпесе ресурстардың кейбір түрлері таусылып қалуы мүмкін (мысалы,
...