Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық,әлеуметтік және саяси әлеуеті

Автор:   •  Февраль 11, 2020  •  Реферат  •  2,781 Слов (12 Страниц)  •  902 Просмотры

Страница 1 из 12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, кадастр және жерге орналастыру кафедрасы

[pic 1]

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық,әлеуметтік және саяси әлеуеті»

                                                                       

                                                                         

                               

Орындаған:Жақсыбай А.С.

Қабылдаған:Мылқайдаров Ә.Т.

                                          Алматы-2020 ж

Мазмұны:

Кіріспе------------------------------------------------------------------------------------3        

1.Қазақстан Республикасының географиялық орны----------------------------4-5

2.Қазақстан Республикасына экономикалық география тұрғысынан сипаттама---------------------------------------------------------------------------------6-7

3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік географиясы----------------------8-10

4.Қазақстан Республикасының саяси әлеуеті-------------------------------------11

Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------12

Пайдаланылған әдебиеттер---------------------------------------------------------13

                                                              Кіріспе

         Қазіргі уақытта қоғамдық-географиялық ғылым үш бөлімге бөлінеді:

 1.Экономикалық география адамдардың тіршілігі мен қоғамдык өн- дірісті ұйымдастырудың кеңістік формалары мен процестерін және олардың экономикалық тиімділігін, еңбек өнімділігін арттырудың жолдарын зерттейді. Зерттеу объектісі - шаруашылықтың территориялық құрылымы мен оның элементтері: экономикалық аудан, территориялық өндірістік кешен, экономикалық (өнеркәсіп) тораптар т. б. өндірістің орналасу формалары. Шаруашылықтың жеке салаларының орналасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін арнаулы пәндер: өнеркәсіп географиясы, ауыл шаруашылығы географиясы, транспорт географиясы, сауда географиясы т. б. зерттейді. Экономикалық географияның зерттеу тақырыбына табиғат және еңбек ресурстарының орналасуы мен пайдалануына баға беру де кіреді.

         2.Әлеуметтік география халықтың өмір сүруі тіршілігін, өндірісті ұйымдастырудың формалары мен үрдістерінің адамның тұрмысына әсері және территориялық ерекшелігін (еңбек, тұрмыс. демалыс, мәдениет, білім, өсіп-өну т.б.) анықтайды. Зерттеу объектісі - адамдардың әр түрлі территориялық ұйымы, ортақтығы мен олардың тарихи даму ерекшелігі, ішкі құрылымы, сыртқы ортамен, өндіріспен өзара байланысы т. б. Әлеуметтік география адамдардың тұрмыстық тіршілік ету жағдайындағы территориялық айырмашылықтарды (табиғаттық, экономикалық, әлеуметтік) және олардың аудандар, елді мекендер бойынша даму жолдарын,еңбек ресурстарының ұдайы өсіп-өнуінің территориялық ерекшеліктерін,халықтың көші-қонын т.б. зерттейді.

         3.Саяси география – геосаясаттық кеңістіктің таксономиялық біртектес бөліктерінде тарихи әр кезеңдеріндегі саяси-географиялық факторлардың ара қатынасы ерекшеліктеріне байланысты геосаясаттық тұрғында саяси-территориялық ұйымдастыруды зерттейтін ғылым.

         Экономикалық және әлеуметтік географияның зерттеу объектілері:

Объект(нысаны):

  • кең мағынада (жер планетасы)
  • нақтылы мағынада(табиғаты,экономикалық географиясы ,

экономикалық және әлеуметтік географиясы)

  • спецификалық (өзіне тән):территориялық өндіріс кешендері,қалалық

агломерациялар мен топтар,территориялық салалық,салааралық құрылымдар,халықтың орналасуы мен қоныстану жүйелері,экономикалық аудандар [2]

...

Скачать:   txt (34.5 Kb)   pdf (630.1 Kb)   docx (514 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club