Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның табиғи аймақтарындағы дендроархеологияның потенциалы

Автор:   •  Декабрь 16, 2022  •  Курсовая работа  •  6,685 Слов (27 Страниц)  •  247 Просмотры

Страница 1 из 27

Павлодар мемлекеттік С.Торайғыров атындағы университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Қазақстанның табиғи аймақтарындағы дендроархеологияның потенциалы

                                

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................2

1 тарау. МӘСЕЛЕНІ ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ

  1. Тарихи дендрохронологиялық әдісті қолдану және зерттеу аудандарының физикалық-географиялық сипаттамасы....................4
  2. Дендрохронологиялық әдіс ..................................................................8

2 тарау. БЕРЕЛ ҚОРЫМЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ..10

2.1. Берел археологиялық ескерткішінің жалпы сипаттамасы.....................10

2.2. Берел қорымының дендроархеологиялық ерекшеліктері.....................12

3-тарау . БОТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРЫНДАРЫ ..16

3.1. Ботай  мәдениетінің жалпы сипаттамасы..................................................16

3.2. Ботай мәдениетінің дендроархеологиялық ерекшеліктері......................18

4-тарау. МАТЕРИАЛДАРДЫ ДЕНДРОХРОНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

КЕНДІ АЛТАЙ АЙМАҒЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ...20

4.1. Алтай өңіріндегі археологиялық нысандардың жалпы сипаттамасы.......20

4.2.Пазырық мәдениетінің жалпы сипаттамсы мен ерекшелігі.......................22

Қорытынды............................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................24

Кіріспе

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер ортағасырлық ғалымдарға, тарихшыларға, географтарға, саяхатшыларға тиесілі. Өз еңбектерінде олар өздері көрген, өзге тарихшылардан естіген ерекше бейнелерді, суреттерді өз еңбектерінде жарықтандырған.

Қазақстан аумағын ғылыми тұрғыдан зерттеу сонау Петр 1-дің тұсынан бастау алады. Ресей және Сібірге іргелес жатқан Қазақстан аумақтарын зерттеу мақсатында оның жарлықтары, әсіресе сирек кездесетін мәдениеттерді зерттеу, сипаттау, мәлімет жинау маңызды рөл атқарды. Осы идеясының нәтижесінде 1701 ж С.Ремезовтың «Сібірдің сурет кітабы» жарық көрді. Онда қазақ даласының географиялық деректерімен қатар, археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер шоғырланған.  Қазақ өлкесіндегі археологиялық ескерткіштер мен мәдениеттер ғалымдарды қызықтырғаны соншалық, қызықты мәліметтер өз кезегінде молынан жинақтала бастады. Мәселен, 1733 ж академик Г.Ф.Миллер бастаған Сібірге алғашқы академиялық экспедицияның негізінде жазылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л.Делаклоер, И.Фишер, геодизистер А.Красильников,А.Иванов, М.Ушаковта болды.

Қазақтандағы археологиялық зерттеуді 1768-1774жж Еділ, Орал, Сібір және Қазақстан халықтарының тарихын, географиясы мен этнографисын зерттеуді П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.Г.Георги, П.И.Рычков, Х.Барданес сынды көрнеті ғалымдар  жалғастырып, терең зерттеу жүргізеді.

19 ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазақстанның табиғи байлығына деген қызығушылық күшейе түсті. Геологтар, тау-кен инженерлері жоспарға сүйене отырып, ежелгі дәуірді зерттеп оларға сипаттама, эскиздер жасап, сол аумақтың ескерткіштері туралы мәліметтер қорын көбейтті.

19 ғасырдың ортасында Орталық, Солтүсітк, Шығыс Қазақстанның географиялық, этно-саяси, археологиялық, геологиялық тұрғыдан айтарлықтай мәлімет жинақтала бастады.

Осы уақыт ішінде кездейсоқ алынған ақпараттың бастапқы жинақталу фактісін анықтауға болады. Кейбір зерттеушілер қорғандарды қазды. Ол кезде қорғандарды қазу техникасы болмаған, дегенмен ол кезде жасалған зерттеулер күні бүгінге дейін маңыздылығын жоғалтпаған. Қазақстан археологиясындағы бұл кезеңді бастапқы кезең деп сипаттауға болады.

...

Скачать:   txt (100.2 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (983.1 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club