Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті

Автор:   •  Февраль 3, 2019  •  Курсовая работа  •  6,993 Слов (28 Страниц)  •  896 Просмотры

Страница 1 из 28

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І бөлім. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

1.1 Қазіргі ғаламдану үдерісінде ұлттық экономиканың әлеуетін саралау.......4

1.2 Қазақстанның экономикалық-географиялық орнына  талдау.......................5

ІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІКТІК-ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІНІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

2.1 Инновациялық дамудың теориялық негіздері................................................6

2.2 Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму  бағдарламалары

мен жобалары...........................................................................................................8

ІІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІКТІК-ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІН САРАПТАУ

3.1   Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті..................................................12

3.2  Көліктік-транзиттік әлеуетінің даму болашағы..........................................17

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................23

Терминдермен қысқартулар

Курстық жұмыста сәйкесінше анықтамалығымен келесі терминдер қолданылды:

Ғаламдану – бұл интернационаланудың жаңа кезеңдегі немесе біріктірілген экономикалық тұрмыстың жай ғана деңгейі емес,əлем деңгейіндегі елдер өмірінің жəне экономиканың барлық салаларын қамти отырып, өзара қарым-қатынасты күшейту процесі.

       Жаһандану - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.

     Инновация - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту.

     Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.

  Транзит - тауарлар елдің екі кеден органы арасында кедендік бақылаумен, соның ішінде шет мемлекеттің аумағы арқылы кеден бажы, салығы алынбай, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданбай тасымалданатын кеден режимі; жүктерді (жолаушыларды) жөнелтілетін жерінен апарылатын жеріне аралық бекеттерде түсірместен тасымалдау. Жүктердің транзиті, темір жол транзиті, халықаралық транзит түрлеріне бөлінеді. 

   Экономика - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. 

КІРІСПЕ

      Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін ашық нарықтық экономикалық даму жолыны түсті. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзінің қалыптасқан орнын жаңғырту мақсатындаәлемде көптеген дамыған және дамушыелдермен қарым-қатынастар орнатып, халықаралық экономикалық және саяси аренада өзінің тұрақты ұстанымын қалыптастырды.

Әлемдік шаруашылықтың, ғылым мен техниканың дамуы күн сайын жаңарып, өзгеріп, дамып отыр. Міне осы күрделі, көп түрлі әлемдік нарықта Қазақстан өзінің даму жолын барынша айқында мақсатында экономиканың өркендеудің жаңа моделдерін іздестіруде. Себебі, Қазақстан Орталық Азиялық аймақта орналасқандықтан оның үстіне алып жатқан территориясы үлкен болғандықтан өзінің мол табиғи шикізаттың ресурстарын тасымалдауда теңізге шығар жолының болмауына байланысты көптеген қиыншылықтарғада ұшырап отыр. Осындай тығырықтардан шығуда Қазақстан Еуропаның Орталығындағы ел ретінде Батыс пен Шығыстың ортасында өзінің географиялық орналасу тиімділігін пайдаланып көліктік-транзиттік-дәліздік ерекшеліктерін пайдаланып ұлттық экономикалық дамумен әр тараптануына жол ашып отыр.

...

Скачать:   txt (101.2 Kb)   pdf (707.7 Kb)   docx (803.2 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club