Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның табиғи ресурстық жағдайы

Автор:   •  Декабрь 25, 2018  •  Реферат  •  2,748 Слов (11 Страниц)  •  2,511 Просмотры

Страница 1 из 11


ҚР географиялық орналасу жағдайы

Қазақстан ТМД аумағының оңтүстігінде орналасқан ел.

Аумағы: 2 724,9 мың шаршы шақырым.

Жер көлемі жөнінен әлемде 9 орынды алады.

Жер шары көлемінің 2%-ын, Азия аумағының     6,1%-ын, ТМД аумағының 12%-ын құрайды.

Батыстан Шығысқа қарай 3 000 км ге созылып жатыр.

Жалпы шекарасының ұзындығы 14 мың км-дей.

Құрлықтағы шекарасы 13 392,55 км.

Каспий теңізі арқылы шекарасы 600 км.

Ресеймен 7 591 км, Қытаймен 1 782,75 км, Түрікменстанмен 425,8 км, Өзбекстанмен 2 351,4 км, Қырғызстанмен 1 241,6 км шекараласады.

Каспий теңізі арқылы Иран, Ресей, Түрікменстан, Әзірбайжанмен 1 241,6 км шекараласады.

Қазақстан 14 әкімшілік облыстан тұрады.

Оның 12 облысы көршілес елдермен шекаралас.

Көлемі жағынан ең үлкен облыс Қарағанды, ең кіші облыс Солтүстік Қазақстан облысы.

Табиғат жағдайы мен ресурстары

Минералдық ресурстар

Қатты пайдалы қазбалар

Жер ресурсы

Су ресурстары

Табиғат жағдайы: климат, жер бедері, күннің жылуы.

Табиғат ресурстары: пайдалы қазбалар, жер, су, өсімдік және жануарлар дүниесі.

90% - Қазақстан жеріндегі жазық жерлер.

10% - Қазақстан жеріндегі таулы жерлер.

Климаты – шұғыл континетті.

Қантардың орташа температурасы солтүстігінде – 18ºC, оңтүстігінде – 3ºC.

Шілденің орташа температурасы – солтүстігінде 19ºC, оңтүстігінде 30ºC.

Жауын – шашын мөлшері солтүстікте 300 – 400 мм, орталықта 200 – 250 мм, ал оңтүстігінде 100 мм шамасында, биік тау беткейлерінде 1500 мм асады.

Солтүстітен оңтүстікке қарай бірнеше топырақ, өсімдік зоналары – орманды дала, дала шөлейт және шөл зоналары кезектесіп созылып жатыр.

272 млн га – Қазақстанның жалпы жер көлемі.

222 млн га – ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.

Табиғат ресурстары – сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасы барит, вольфрам – 1 орын, хромит, уран, фосфорит рудаларынан – 2 орын, марганец рудасы – 3 орын, барит молибденінен – 4 – ші, темір рудасы – 8 орында.

Пайдалы қазбалардың бүкіл әлемдік қорындағы Қазақстанның үлесі төмендегідей:

Отын энергетикалық ресурстар:

Мұнай – 3.2% (әлемде 11 орында), Газ 1,5%;

Көмір – 3,1% (әлемде 6 орында);

Уран – 26% (әлемде 2 орында);

Алтын – 2,7% (әлемде 8 орында);

Күміс – 16% (әлемде 2 орыында);

Мыс – 7,1% (әлемде 3 орында);

Қорғасын – 22% (әлемде 1 орында);

Мырыш – 15,2% (әлемде 1 орында);

Никель – 1,4% (әлемде 12 орында);

Кобальт – 3,9% (әлемде 5 орында);

Боксит – 1,4% (әлемде 10 орында);

Темір – 6% (әлемде 8 орында);

Марганец – 30% (әлемде 3 орында);

Хромит рудасы – 37,6% (әлемде 2 орында);

Барит – 47,2% (әлемде 1 орында);

Фофорит – 4,5% (әлемде 3 орында).

Рудалы қазбалар кен орындары Кенді Алтай, Іле алатауы, Тянь – Шань, Қазақстың ұсақ шоқысы, Торғай үстіпті магмалық және метаморфтық жыныстарына сай келеді.

Рудасыз пайдалы қазбалар кен орындары Каспий бойы, Тұран ойпаттарының шөгінді жыныстарына сай.

272 млн га Қазақстан жер көлемінің 222 млн га жері ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.

Ауыл шаруашылық жерінің 80%, яғни 182 млн га мал жайылымы, 15% немесе 36 млн га жыртылған жерлер, 4 – 5,6% млн га шабындық.

XX ғасырдың 70 жылдың  басында ұзындығы 500 шақырымдық Ертіс – Қарағанды каналы Қарағанды – Теміртау көмір – металлургиялық базасын сумен қамтамасыз ету мақсатында салынды.

1978 жылдан бастап жылына 13 – 14 см орташа жылдамдықпен Каспий теңізінің деңгейі жаппай көтерілуде.

Арал теңізі XX ғасырдың 30 жылдарында 65 мың шаршы км құраған.

Балқаш көлі ТМД бойынша бесінші орында алады. Ол Балқаш мыс балқыту зауытын сумен қамтамасыз етеді.

Агроклиматтық ресурстар. Қазақстанның климаты суық қысымен және ыстық жазымен,  – 35ºC қысқы ең төменгі, 40ºC жететін жазғы температурасымен шұғыл континентті болып келеді. Жауын – шашын мөлшері 50 – 1500 мм арасында.

Орман ресурстары. Орман қоры 4,2%. Орман алқабы көлемі 13 млн га, соның ішінде сексеуіл ағашы 8 млн га.

Шығыс Қазақстанда 50 – 70% орман үлесі тиеді.

Қазақстан халқы мен еңбек ресурстары

1897 жылы ең алғаш халық санағынан Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде өтті, одан кейін 1926, 1939, 1959, 1970, 1979,1989 жылдары Бүкілодақтың құрамында болған кезде өткен.

1989 жылғы халық санағы бойынша 16,5 млн адам;

1999 жылғы санақ бойынша 14 млн 952 мың 400 адам болды.

2009 жылғы санақ бойынша Республика халқының саны 1022,9 мың адамға өскен (16196,8мың).

2011 жылы 16 млн 433 мың адам.

Халық саны бойынша Қазақстан ТМД елдерінде 4 – ші орын, әлемде 51 – ші орында.

Халықтың табиғи өсімі. Қазақтар туу көрсеткіші 60% астамы, ал орыстарға 20% тиеді.

Ішкі көші – қон. Көші – қон беруші аудандарға Алматы, Ақмола, Павлодар және Маңғыстау облыстарын Алматы қаласын жатқызуға болады.

Сыртқы көші – қон. Қазақстаннан кетуші халықтардың 80% - ы жақын шетелдерге кетіп, соның 72,4% - ы Ресейге, алыс шетелдерге кетушілерден 18,2% Германия үлесінде.

1993 жылдан бастап экономикалық мигранттардың қоныс аударуын квота арқылы реттеу іске асты.

1991 – 2009 жылдар аралығында Республика 1 млн астам этникалық эммигранттар қабылдады.

Халықтың орналасу тығыздығы бойынша бір шаршы шақырымға 5,9 адам болып, бұл көрсеткіш бойынша ТМД – да ең соңғы орында.

Қазақстанда 130 ұлт өкілдері тұрады.

Қазақ халқы саны 95% келеді.

1999 – 1989 жылдармен салыстырғанда 431 мың адамға азайған.

2004 жылы ауыл халқы керісінше 6,6 адамға өсті.

2009 жылғы халық санағы бойынша ауыл халқы 827,8 адамға немесе 12,7% өсті.

Шаруашылықтың даму тарихы

19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басы - Көшпелі шаруашылықты дағдарыс басты;

1917 ж дейін - Патша үкіметі қазақтардан 45 млн.га жерді тартып алды;

1917 ж бастап - Шаруашылықтың 3 түрі: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы түрлері қалыптасты;

Ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушілік пен қайшылықтардың нәтижесінде мал саны 1913 ж  30,5 млн.нан 4.5 млн.ға түсті,ірі қара саны 77 пайыз, қой мен ешкі 90 пайыз, жылқы саны 86.6 пайызға төмендеді.

Қазақ еліне орыс капиталы енген соң:

( 1917 ж ) Қарағанды көмір кеніші, Успен мыс өндірісі, Спасск мыс қорыту зауыттары, Қалба алтын кен орындары п.б.

Батыс Қазақстанда Доссор, Мақат кен орындары мұнай өндірді.

1913 ж Қаз-н шаруашылығында жетекші орынды а.ш. алып,мал шар-ң үлесі 10%, егіншілік 30 пайыз, өнеркәсіп үлесі 10 пайыз болды.

Ірі жәрмеңкелер:  Қоянды, Троицк,Шар, Қарқара

Бірінші бесжылдық ( 1929-32 ж) Қазақстанда өнеркәсіп іске қосылды.

Екінші 5 жылдық   ( 1933-37 ж)Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, Ақтөбе химия комбинаты, Қарағанды көмір шахталары, Ембі мұнай кәсіпшілігі;

Ұзындығы 1500 км болатын Түркісіб темір жолы іске қосылды.

Екінші д.ж. соғыс жылдары (1941-45 ж)1941 ж желтоқсаны мен 1942 ж басында Орта Азияға КСРО-дан көшірілген 250 кәсіпорынның 142-сі Қаз-ға орналастырылды.

Жаңа өнеркәсіп салалары п.б.: қара металлургия, мұнай өндіру, а.ш. машиналарын жасау т.б.

Соғыстан кейінгі 5 жылдық ( 1946-60 ж) 200-ге жуық ірі кәсіпорын жұмыс жасады.

Қарағанды металлургия зауыты, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты салынды.

Жаңа көмірлі аудандар: Саран, Шерубай- Нұра,Екібастұз көмір кен қимасы, Шахан п.б.

Өскемен СЭС іске қосылды, Бұқтырма СЭС салына бастады.

1960-85 ж - Одақтағы мыс, қорғасын, қалайы секілді металдардың өндірісінің 30-70 пайызы Қаз-ға тиесілі болды.

Соколов-Сарыбай, Лисаков кен байыту комбинаттары іске қосылды.

А.ш. 1979 ж жоғары көрсеткіш көрсетті,тың жерді игерген 25 жыл ішінде ең мол астық өнімі алынды. Республика мемлекетке 1 млрд. 262 млн.пұт яғни 20 млн.т астық берді. Қазақстан экспортының 97 пайызы шикізаттар мен материалдар, жартылай шикізаттар болды.

1991 жылғы мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары: 1) социалистік экономика;  

2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;        

3) макроэкономикалық тұрақтандыру;    

4) д.ж. экономикалық дағдарысты еңсеру;      5)экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету;

Бірінші кезең ( 1991-92 ж) Негізгі бағыттары: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуіштерді енгізу,сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртіпті тұрақтандыру.

Екінші кезең (1993-94 ж) Экон-қ дағдарыстың түйінді кезеңі. Кәсіпорындардың өзараборыштары 1993-94 ж және 95 ж басында 634913 млн.теңге болды, инфляция өршіді.

Үшінші кезең (1995-97)

Төртінші кезең ( 1998-99 ж) Микроэкон-ны тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды.

2030 ж дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Қазақстан 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы.

Бесінші кезең ( 2000 ж-дан қазірге дейін )Экон-қ өрлеу жолына түсті, стратегиялық міндеттеріне сәкес ҚР әлемнің дамыған 20 ел қатарына қосылу тиіс.

Отын-энергетика кешені.

  1. Көмір өнеркәсібі:

Мұнай өнеркәсібі:

Газ өнеркәсібі

Электр энергетикасы

Отын энергетика кешеніне: отын өнеркәсібі (көмір, мұнай, газ) және электроэнергетика жатады.

Елімізде жалпы қоры – 176,6 млрд.т. Дж-да – 8 орын , ТМД-да – 3 орын.

Қарағанды көмір алабы. Оған: Абай, Шахта, Шахан, Бөрілі көмір кен орындары кіреді. Жылына – 50млн.т. көмір өндіріп отыр.

Екібастұз қоңыр көмір алабы

Мұнда, «Богатырь»,  « Центральный» ,

« Восточный»,  «Северный» , « Степной» ашық өндіру разердері бар.  Майкөбен кен орны кіреді. Сонымен қоса,

  • Төменгі Іле қоңыр көмір бассейні.
  • Ақтөбеде Біршоғыр, Жайсаң кен орындары бар.

Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының 3.3%, ТМД қорының 15% шоғырланып, оны өндіру көлемінен дүние ж. 8, ал ТМД-де Ресей мен Украинадан кейін 3 орында;

Қазақстанда көмірдің жалпы қоры 176,6 млрд,т құрайды, оның 100-ден астам кен орындар ашылып,40-тан астамы жан-жақты зерттелген;

Қазақстанда Екібастұз, Қарағанды, Торғай, Төменгі Іле бассейндері мен көптеген жергілікті кен орындары кездеседі.

Қарағанды көмір алабын 1831 жылы қойшы бала Апақ Байжанов тапқан.

Қарағанды көмірінің жалпы геологиялық қоры 51 млрд.т. Ауданы 3 мың шаршы км, тереңдігі  50-300 м. Көмірінің қалындығы 1,5-15 м, құрамында күкірт,фосфор аз, кокстелінетін көмірдің 100% береді.

Қарағанды бассейіне Абай, Шахта, Шахан, Қушоқы, Бөрілі,Дубовка,Михайловка т.б көмір кен орындары кіреді.

1931 жылдан бастап Орал-Кузнецк  металлургиялық комбинатының жасалынуы және үкіметінің «Елде көмір және кокс байлықтарын арттыру» қаулысына байланысты Қарағанды бассейні оңтүстік және орталық Оралдың металлургиялық зауыттарына негізгі көмір беретін бассейн ретінде қаралудан рөлі арта түсті.

Екібастұз көмір алабын 1867 жылы Қасым Пішенбаев ашқан.

Көмірдің  геологиялық қоры 12 млрд.т. Қабатының қалындығы 100-120 м.  

Ең ашық карьері Богатырь разрезі 50 млн.т көмір шығарады.

Центральный, Восточный, Северный, Степной, Майкөбен ашық өндіру разрездері бар.

Экономикалық талдаулар Екібастұз көмір бассейінде жалпы қуаты 20-25 млн. Киловат ЖЭС салудың тиімді екенін растады.

Торғай қоңыр көмір алабындағы Приозерный, Обаған және Құсмұрын кен орындарында көмір өндірілуде.

Алматы обл. Іле өзенінің төменгі ағысында Төменгі Іле қоңыр  көмір бассейні, жоғарғы ағысында Қалжат, Ойқараға көмір кен орындары орналасқан.

Ақтөбе обл. Жергілікті маңызы бар Баршоғыр, Жайсан кен орындарында көмір өндіріледі.

Семей полигонында 1995 Қаражыра тас көмір кен орны

ашылған. Көмірдін қоры 1 млн.т.орташа  күлділігі 16.7%

Қазақстанның болжамды мұнайы қоры 13 млрд.т.. ал жер астынан алынатын қоры – 2.76 млрд.т

Дүниежүзілік қордың – 1,92% құрайды.

Қазақстан әлемде мұнайдың анықталған қорынан 11, ал болжамды қорынан 12 орында.

Мұнай қорының едәуір  үлесі мына ірі кен орындарына: Теңіз және Королевке-1,9 млрд.т, Қарашығанақта – 1млрд.т, Өзенге- 213 млн.т, Қаламқасқа-114,5 млн.т, Жетібайға – 93,9 млн т. келеді.

Қазақстан аумағында 14 мұнай бассейні белгілі, солардың ішінде ең ірілері Атырау-Ембі және Маңғыстау бассейндері.

Алғаш мұнай 1899 жылы Ембіде өндірілген.

1999 жылы Қазақстанда мұнай өндірудің 100 жылдық меркесі атап өтілген.

1991 жылдан бастап Доссор,  Мақат кен орындарына мұнай тұрақты өндірілуде.

80 жылдын басынан Атырау облысында қоры өте мол Теңіз кен орны ашылып, осы уақытқа дейін әліде игерілуде.

Теңіз мұнайгаз кен орының геологиялық қоры 1,7 млрд.т. Тереңдігі 4000-6000 м.

1993 жылы оны игеруге АҚШ –тың «Шеврон» фирмасы көмектесіп, «Теңіз-Шеврон » компаниясы құрылған.

«Теңізмұнай »акционерлік қоғамы, Мобил, Шеврон және Лукойл «Теңіз-Шеврон » бірлескен кәсіпорын құрамына кіреді.

ХХ- ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай кен орындарынан мұнай өндіріле бастайды.

1990 жылы республикада 25,9 млн.т мұнай, оның ішінде 4,4 млн. Т газды кондесант өндіріліп, 98%Бат.Қазақстан  обл, 2%- Маңғыстауда өндірілді.

1992-1994 жылғы экономикаға байланысты мұнай өндеу Қз-тан аумағында күрт төмендеп, 1995 жылы қайтадан өсуі байқалды.

2000 жылы мұнай көлемі 35,3 млн.т.құрады.

2005 жылы – 59.4 млн.т., 2010 -80 млн т.  2015 жылы –100 млн.т мұнай өндірілді.

Қазақстанда газдың қоры-2,5 трлн, Каспий қайрандарын қосып алғанда 6 трлн текше м. Әлем бойынша 12-ші орында.

Қазақстанда газ қосалқы газы және табиғи газ ретінде кездеседі. Қосалқы газ Ембі- Атырау, Маңғыстау бассейіндерінде және табиғи газ  Теңге, Дүнге жіне Үстірт кен орындарында шоғырланған

1980 жылдардан бастап Бат.Қаз.облысының солтүстігінде Қарашығанақ газ-конденсант кен орны игерілген. Қаршығанақты игеріге 9 млрд доллар шетел инвеститциясы бөлінген.

1997 жылы Вашингтогда қол қойылып, Қарашығанақ мұнайөгаз  кен орны шетелдік компониялардың бірлескен одағы КИО-ға 40 жылдық мерзімге беру тіралы келісім шарт жасалған.

2000 жылы маусым айында Жамбыл облысының Амангелді газ кен орнын  өнеркәсіптік игеру басталды.

2005 жылы «Газпром» және Қазақстан магистралды  труба құбырғыларының операторлары «Орталық Азия ИнтерГаз» компаниясы арасында 2006-2010 жылдарға арналған орташа мезгілді екі келісімге қол қойылды.

2006 жылы Қазақстан Ресеймен бірлесе отырып  Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында  біріккен кәсіп орын құрып, әлемге өндірген газды экспорттаумен шығарумен айналысты.

2006-2007 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ Айрақты, Анбай жәнеЖарқұм кен орындарында сейсмикалық барлау жүргізіп, жаңа газды бұрғылау  жұмысын істете бастады.

2010 жылы газ өндіру көлемі 400 млрд.м³ жетіп, Ал экспорт 15 млрд.м³ құрады.

Қ.Р-ның «Мұнай туралы » Заңы 2005 жылдың 1 қаңтарынан  бастап мұнай-газ орындарындағы қосалқы газды жағып жіберуге шек қойған.

1918-45 ж. Ірі электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.

1946-58 ж. Аймақтық электрстанцияларында электр қуатын бір орталықтан өндіру күрт артып, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды

1953-90 ж,. Энергетикалық база жедел қарқынмен дамып ,аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.

1990 жылдары  КСРО экономика-ның құлдырауында оеспублика электр станцияларының қуаты 18 млн кВт –тан асты.

2000 ж. Қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткіші 85602 мВт-қа дейін төмендейді.

Электр энергетикасы: ЖЭС, СЭС,АЭС деп бөлінеді.

ЖЭС   мемлекеттік аудандық электр стансалары( МАЭС)және электр энергиясы мен жылуэнергиясын өндіретін орталығы деп бөлінеді.

 ЖЭС Қарағанды және Екібастұз көмірінде жұмыс істейді.

 Екібастұз маңында қуаты 4 млн.кВт МАЭС-1толық және МАЭС-2 жұмыс істеуде.

СЭС 8% электр энергиясын береді.

Ресей мен Қазақстандағы ең бірінші 4 турбинды СЭС 1892 жылы  Зырян руднигінде суды шығару мақсатында Алтайда салынған.

1990 жылы Маңғыстау атом энерго комбинаты жабылып, бұл аймақта электр энергетикасы өндірілмейді.

Қазақстан аумағында ұз-ғы  450 мың шақырым электр линиялар жүйелері бар, соның 200 мың шақырымы ХХ-ғасырдың 60-70 ж жүргізілген.

Республика аумағында жылына 2200-3000 сағат күн энергиясын пайдалануға болады.

Металлургия өнеркәсібі

Түсті металлургия

Қара металлургия

Түсті металургия ХҮІІІ ғасырдан бастап қалыптасқан.

1917 жылы металлургия  Спассу мыс балқыту, Екібастұз мырыш және Қызылеспе күміс-қорғасын  зауыттарымен әйгілі болды.

Түсті металлургия 2009 жылы барлық өнеркәсібі Қ.Р 7703.8 млрд.тг өнімін шығарған.

Қазақстан аумағында 25 түсті, сирек, шашыранды және бағалы металлдар түрлері қайтадан өнеделіп шығарылды.

Мыстын жалпы қоры 37 млн.т.

2009 жылы «Қазақмыс» компаниясы үлесіне Қазақстанда шығарылатын концентратының 85,5% келді.

Мыс заводы жыл сайын 285 мың т мыс шикізатын өндеуге жобаланып, 220 мың т мыс концентратын алатын болды.

Қорғасын айқындалған қоры 11.7 млн т., әлемдік қордың 10.1 % құрайды.

Құрамында қорғасын бар руда 15 кен орындарында өндіруліде.

Аллюминий 20 боксит кені орындарында барланған. Бокситтің 10 кен орны игерілуде.

Титан  Қазақстанда титан қоры шағын болып келетін 7 циркони-рутильменит  шашылымдарында барланған.

 2006 жылы магний өткізуден түсетін табыс  2,5 млн долларды құрып, Өскемен титан-магний комбинаты сатқан жалпы көлемі 2,1% алды.

Степногорск кен-химия комбинаты ЖШСның байыту фабрикасының бірінші кезегі  2006 жылы сәуірде іске қосылды.

1996 жылы Ақшатау кен-байыту комбинаты жабылып,вольфрам шығару тоқтатылған.

2004 жылы  Шоқош кен орнының тантао-цирконий  шашырандысын байыту фабрикасы концентратты өндеу бойынша цех ңске қосылды.

Қазақстанда алтын өндіру 2007 жылы 21,4 т құрады.

Шламнан күмісті шығарып алу 1997 ж іске қосылып «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігі аффинажды заводында жүзеге асады.

  1930 ж бастап  Қ.Р алтынды кен орындарында жүйелі барлау жұмысы жүргізіліп, солт және шығ аймақтарда жұмыс жүргізген «Қазақалтын»  және «Алтайалтын» кәсіпорындарының құрылуына әсер тигізеді.

Уран кен орнын  1976 жылы Волков экпедиц-ның геологтары  Н.Петров пен Л.Павлов ашқан.

Темір рудасы өнеркәсібі жалпы мөлшері 16,9 млрд.т деп болжам жасалынған.

Қазақстан аумағында темір рудасының 73,3 % экспортқа кетеді.

Соколов-Сарыбай  өндірістік бірлестігі 1995 ж. Испанияның «Айведон» фирмасына берілгелі, рк экономикалық тиімді кәсіпорындарына айналады.

Хром жылына 3,7 млн,т өндіріліп, оның басым бөлігі экспортталынады.

Теміртау қаласында Қарағандының толық циклді қара металлургия комбинаты орналасқан, оны «Миттал Стил Теміртау» дейді.

Прокат табақшасын шығаратын жаңа стан-1700 «Слябингтің» құрылысы іске қосылды.

1942 жылы соғыстың қажетіне сай Ақтөбе ферроқорытпа зауыты берік металлдар шығару мақсатымен салынды.

Ферроқорытпа өндірісін толыққ іске қосып, жобалық қуатына шығу 2009 ж жүзеге асты.

2008 ж  қыркүйек айында ферроқорытпаны шығару 1200-ден 2 мың т артты.

1999 жылы Алматы қ. «Меридиан» фирмасы өнімділігі жылына 5 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы шығарылды.

2002-2004 жылы мұнай газ түржиыны құбырларын импорттау 260 мы т. деңгейіне тұрақтанды

 Қазақстанда сұрыптап прокаттау импортының жалпы көлемі соңғы бес жыл ішінде 7-ден аса өсті және 2004 жылы кедендік статистика бойынша 766 мың т. жетті.

Машина жасау

Машина жасау –машина жасау  мен металл өңдеуді қамтитын Қазақстан экономкасындағы техникалық  прогресті анықтайтын, салааралық  күрделі құрылым.

Түрлері: Ауыр, Жалпы, Орташа, Прибор жасау.

Машина жасау саласының жалпы 200 ге жуық түрі бар. Кең тарағаны 70 саласы. Соның 30 түрі бізде дамыған.

XX ғасырдың  90-шы жылдарында Қазақстан машина жасау өнеркәсібі бүкіл өнеркәсіп өнімінің  15% берді.Ал қазіргі  нарық жағдайында оның үлесі төмендеп,4% -ды құрайды.

Машина жасау саласына  дүние жүжілік өнеркәсіп өндірісі құнының  және өнеркәсіп өнімінің   24-36% келді.

Қазақстандағы  машина жасаудың  37 іріленген  ішкі саласы номенклатурасының  ішінен 14 ішкі  сала және темір өңдеу  дамыған.Бірақ , ҚР ЖҰӨ-де машина жасаудың үлесі 1990 ж. 15,9% төмендеді және 2010 жылы  3,1 % құрады.

Машина жасаудың  ірі және майда кәсіпорындарының  саны қазір  200-ден астам.

Негізгі қордың тозу деңгейі -43%.Машина жасаудың экспорттық үлесі экспрттық  жалпы көлемінен  2%, машина мен жабдықтардың  импортттағы үлес  салмағы  -43 пайыз құрайды.

Өндірістік  мамандану  машина  жасау  өнеркәсібінде  мынадай топтарға бөлінеді:

- заттық мамандану салалары:станок , прибор жасау, энергетика ,көлік , ауыл шаруашылығы т.б машиналарын жасау.

- бөлшектік мамандану: подшипник,қосымша бөлшектер мен детальдар, узельдер , металдық конструкциялар ,т.б

- технологиялық мамандану : металды құю ,өңдеу және жөндеу, ұсталық-престік  бұйымдар,т.б

Технологиялық процестің стадияларына  және орналасу  ерекшеліктеріне  байланысты машина жасау  өнеркәсібі мынадай топтарға  бөлінеді:

Ауыр машина жасау өнеркәсібі:мұның құрамына металлургиялық , тау-кен көтерме  көлік құрал-жабдықтары ,энергетикалық блоктар,металды көп жұмсайтын  габариттік құрал жабдықтар.

Жалпы машина жасау өнеркәсібі: әр тәрлі металдық конструкция жинау ірі габаритті,бірақ жиналуы қиын емес.

Химия өнеркәсібі

Кен химиясы

Негізгі химия

Органикалық синтез бен полимер химиясы

Фосфорит, күкірт,калий тұздары т.б.шикізаттарды өндірумен айналысады.

Фосфарит:  Жамбыл облысы Қаратауда, Ақтөбе облысы Шилісайда.

Күкірт:  Көкшетау маңы Алексеев кен орны.

Ас тұзы: Арал, Балқаш, Шу, Павлодар облысында Қалқаманда.

Калий тұзы: Атырау облысы Индер көлінде.

Минералды тыңайтқыш, қышқыл, сілті, сода өндірістері, тұз өңдеу жатады.

Фосфор тыңайтқышы: Жамбыл облысында.

Азот тыңайтқышы: Ақтау мен Теміртауда өндіріледі.

Жасанды талшық, жасанды каучук,бояу, пластмасса.

Повлодардағы мұнай-химия зауыты пластмасса шығарады.  

Пластмасса зауыттары: Атырау, Ақтау, Алматы, Астанада жұмыс істейді.

Химия-фармацевтика өнеркәсібінің ірі  кәсіпорындары: Шымкент, Алматы, Қаскелең, Семей және Қарағандыда жұмыс істейді.

Мұнай-химия: Атырау, Шымкент,Павлодарда мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді.

«Қазфосфат» ЖШС еліміздегі ірі химия компаниясы.

...

Скачать:   txt (37.5 Kb)   pdf (165.8 Kb)   docx (28.5 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club