Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары және экотуризм келешегі

Автор:   •  Ноябрь 10, 2019  •  Курсовая работа  •  6,717 Слов (27 Страниц)  •  884 Просмотры

Страница 1 из 27

Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық Университеті

Экология және бағалау кафедрасы

«Қазақстан Экологиясы» пәні бойынша

  «Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары және

  экотуризм келешегі» тақырыбына

  КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған:

Эко-31к  тобының студенті                                                     Мырзабек А.М.

Қабылдаған:

ғылыми жетекші:                                                                       Оспанова Г.Қ.

х.ғ.к., доцент

Қарағанды 2018ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................3

  1. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАРДАҒЫ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ САҚТАУДАҒЫ РОЛІ
  1. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды  ұйымдастыру мақсаты мен құрылымы.........................................................................................................5
  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ өнімдерін пайдалану.......................7
  3. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды  ұйымдастырудың шетелдік тәжірбиелері.....................................................................................................8

  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ
  1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.....................................................................................10
  2. Қорықтар – биосфера эталоны.................................................................11
  3. Жергілікті аймақтардың Қызыл кітапқа енгізілген жануарлары мен өсімдіктері........................................................................................................22

  1.  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  1. Экотуризм даму факторы ретінде............................................................23
  2. Қазақстандағы экотуризм негіздері.........................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................26

КІРІСПЕ

Адамзат баласының қазіргі биосферадағы өмір тіршілігі үшін ең басты проблемасы биологиялық түрлерді сақтау, бұл ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрмай жету мүмкін еместігін өркениетті мемлекеттер экономикасы мен әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр.

Әрбір экожүйе және биосфера бүтіндей алғанда оған табиғи орта элементтерінің бір- бірімен байланысқан миллиондаған, миллиардтаған өсімдіктер мен жануарлар және оларды қоршаған табиғи орта элементтерінің жиынтығынан тұрады. Мұндай күрделі жүйе динамикалық тепе- теңдікте ішкі және сыртқы процестердің әсерімен баяу дамып, табиғаттың сапалық сипаты өзгермейді. Егер белгілі бір себептермен шұғыл түрде бұл байланыстар бұзылса, онда эволюциялық процестер айтарлықтай сандық өзгерісті жинақтап, биосфера басқа сапалық өзгеріске көшеді. Бұл дегеніміз –территорияның өмір сүруін тоқтатпайды. Бірақ, ондағы өзгеріп жатқан флора мен фаунаның біршамасының түрі мен саны жойылады, соның ішінде ең бастапқа кезінде өзінің белсенділігі сол жүйенің бұзылуына үлес қосқандар өзгеріске ұшырайды.

Адамзат баласының жер бетіндегі саулығы экожүйенің жағдайына бүтіндей тәуелді. Өйткені, адам баласы сол жерде өмір сүреді. Экожүйедегі климаттық, биохимиялық аз ғана өзгерістер өзі экология- экономикалық шығындар алып келеді. Адам баласының организмдері өзгерістерге бейімделу деңгейі жағынан құмырсқа, маса, өрмекші сияқты жәндіктерге қарағанда осал. Қажетті экологиялық тепе –теңдікті сақтауға міндетті түрде ең алдымен, мүмкіндігіншілігіне толықтай биологиялық түрдерді сақтау керек.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар келесі мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін:

  • ғылыми;
  • мәдени-ағартушылық;
  • оқу;
  • туристік және рекрациялық;
  • шектеулі шаруашылық.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мынандай негізгі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуі мүмкін:

  • мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін түгендеу және зерделеу, оларды қорғау мен қалпына келтіружөніндегі ғылыми негізделген шаралар әзірлеу;
  • табиғи процестердің табиғи ағымын және қорғау режимдерінің экологиялық жүйелерге әсерін зерделеу;
  • мониторингтің экологиялық және басқа түрлері, «Табиғат жылнамасын» жүргізу
  • қорық ісінің, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
  • сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды өсірудің, өсімдіктердің жабайы және дақылды түрлерінің тұқымын сұрыптау мен көбейтудің ғылыми негіздерін әзірлеу.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мынадай мәдени- ағартушылық мақсаттарда пайдалану мүмкін:

  • табиғи-ғылыми білімдер мен қорық ісі, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы жетістіктерді насихаттау;
  • «өлі» табиғат, өсімдіктер мен жануарлар объектілерін, тарихи-мәдени мұра объектілерін көрсету;
  • Табиғатты қорғау мекемелерінің қызметтерімен таныстыру.

Қазақстан Республикасы көлемі жөнінен Еуропамен шамалас территориясы 2717,3 мың км2. Халық саны 18 млн 195 мың.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тәртібі заңмен қорғалған. Тәртіп заңдарын бұзғандарға Қазақстан Республикасының әкімшілік және құқықтық жауапкершілігі бекітілген. Жүргізілген экология-экономикалық зерттеулер және әлемдік тәжірбиеде жинақталатын ерекше қорғалатын аумақтарды пайдалану жөніндегі бұл табиғи экожүйені сақтаудың тиімді формасы және еліміздегі оның алып жатқан территория көлемін көбейту қажеттілігін алға тартып отыр.

...

Скачать:   txt (99.4 Kb)   pdf (279.5 Kb)   docx (44.5 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club