Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп географиясындағы геодемографиялық білім берудегі интерактивті әдістерді пайдаланудың тиімділігі

Автор:   •  Январь 11, 2022  •  Курсовая работа  •  8,606 Слов (35 Страниц)  •  326 Просмотры

Страница 1 из 35

 Мектеп географиясындағы геодемографиялық білім берудегі интерактивті әдістерді  пайдаланудың тиімділігі

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1.ГЕОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Геодемографияның  пән ретінде қалыптасуы  және зерттелуі

1.3 Геодемографияның географиялық білім берудегі орны

1.4 Геодемографияның маркетингтегі орны

 

2.ГЕОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

2.1 Географияны оқытудағы әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері

2.2 Интерактивті әдіс-тәсілдердің эффективтілігі

2.3Интерактивті оқыту ұғымы

2.2.Проблемалық оқыту технологиясы

2.3. Оқу-ойын қызметінің технологиясы

2.4. Интеллект-карта технологиясы

2.5. Модульдік технология

2.6. Оқушылардың жобалық қызметінің технологиясы

2.7. Сыни ойлауды дамыту технологиясы

2.8.Парацентрлік технология

2.9. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

2.9 .Технология-CASE STUDY әдісі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жаһандану кезінде материалдық құндылықтан адами құндылықа ауысқан тұста адами капиталдың маңыздылығы артты. Елімізде ғылым мен білімнің өркендеуіне, озық ойлы технократтар мен креативті ойшылдардың көбеюіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатты орындау үшін стратегиялар мен бағдарламалар құрылып жатыр. Соның ең басында «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасының Жолдауы тұр. Халыққа жолдау дамыған 30 елдің қатарына кіру стратегиясын ұстанып отыр. Дамыған елдерге көз салсақ, білімнің арқасында әлемге танылып отыр. Бір пұшпақ жердің астында мұнайы, үстінде күн мен айы болмаса да гүлдендіріп отырған мемлекеттер бар. Білім жүйесі жүйе болып қалыптасып, өз жемісін беріп отыр. Ғылым мен техника қарыштап дамыған ХХ ғасырда қазақ жері талай қырғынның куәсі болды. Демографиялық әл-ауқаты әлсіреді. Оқу жайына қалып, күн көріс қамытын киген кезеңдер болды. Осы аралықта кеткен олқылықтар қазақ ғылымын кешеуілдетті. Тәуелсіздіктің 30 жылында тек білім ғана қараны хан ететін күші бар екенін ұқтық. Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін бәсекеге қабілетті азаматтарымыз күн санап артуы қажет. Сондықтан мемлекет басшылары өз жолдауларында білім саласындағы мәселелерге міндетті түрде тоқталады. Тұңғыш Елбасының Жолдауында: «Біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді дамытуға көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді» - деп атап көрсетті [1]. Одан әрі алдыңғы қатарлы елдің санатына ену үшін нақты іс-әрекеттерге негізделген, қазіргі мемлекеттің түп қазығы – Елбасы ұсынған бес инстуционалдық реформа мен содан шығатын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары екені мәлім. Осы жобәсекеге қабілетті маман даярлау,  адам капиталын дамыту, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру және оның жолдарын мейлінше жетілдіру мәселесі талқыланды. Бұл құжаттың негнізгі мақсаттарының бірі – педагогикалық білім беруді заман ағымына сай оңтайландыруды көздейді[2]. 2017 жылғы Жолдаудың басты басымдықтарынң бірі – адами капиталдың құндылығы айтылады. Қоғамның негізгі құндылығы ретінде адамның ролі арта түсті. Адам басқа жаратылыстан ой-санасымен ерекшеленеді. Ой мен сананың қайнар бұлағы – білім.  Білімнің көкжиегі өте кең, миға сыймайды. Білімді ғана бәсекеге түсе алады. Қазір қара күштен гөрі ақыл-ойдың салмағы ауыр. Идеяның генераторы болу – үлкен артықшылық. Жас ұрпақты оқытуда сыни ойлау, өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, ұлтын сүюді үйретуге көп көңіл бөліну қажет.

...

Скачать:   txt (127.5 Kb)   pdf (869 Kb)   docx (618.9 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club