Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философия ғылым ретінде

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Реферат  •  1,306 Слов (6 Страниц)  •  1,644 Просмотры

Страница 1 из 6

             Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

                                                 [pic 1]

   Студенттің өзіндік жұмысы

       Мамандығы:Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

       Дисциплина:Философия

       Кафедра:Инновациялық білім беру

       Курс:1

       Тақырыбы:Философия ғылым ретінде

                                                                       

                                                                        Орындаған:Қадырова Сәбила

                                                                                  Тексерген:Төлегенова Айгүл

                                                        Атырау-2018

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Философиялық білімнің негізгі сипаттары

2.Философияның бағыттары мен әдістері

3.Дүниетаным және оның түрлері-мифологиялық,діни,философиялық

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді («филиа» — сүю, «софиа» — даналық).Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізді, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды.Бұл сөздің рухани мәдениетке,ғылыми білімге енуі Платонның есімімен байланысты.

Философия ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үндістан,Қытай,Грекияда бір уақытта пайда болды.Бұл кезеңді Карл Ясперс: «тарихтың осьтік уақыты» деп атады.Яғни К.Ясперстің сөзімен айтсақ, «философиялық пайымдау-философияның тарихына үңілу».

Философия пәні

Философия өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелері де айқындала түсті.

Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде, адам мен қоғам мәселелерін зерттейтін ғылым.

Философия пәні қоғаммен тығыз байланыста бола отырып,рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды.

Философиялық негізгі категориялар (ұғымдар): материя (бізді  қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар мен объектілер), сана, болмыс.

Философия білімінің құрылысы

  • Онтология-жалпы болмыс туралы ілім(қозғалыс,кеңістік,уақыт,сана,табиғаттың даму заңдылықтары)
  • Гносеология-таным теориясы.Әлем өз негізінде танымды ма;адамның тану мүмкіндіктері қандай деген сияқты мәселелердә зерттейді.Дүние танылмайды деу-агностицизм деп аталады.Ең әйгілі философ-агностик-И.Кант.
  • Логика(қисын)-дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым.Логиканың үш түрі бар:диалектикалық,математикалық,формальді.
  • Аксиология-құндылықтар мәселелері немесе адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.
  • Этика-мораль және адамгершілік жайындағы ілім.Басты ұғымдары-жақсылық пен жамандық.
  • Эстетика-адамның дүниені әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы.Басты ұғымдары-әсемдік пен ұсқынсыздық.
  • Психология-адам жаны мен психикасы туралы ғылым.Басты ұғымдары-психика,мінез,ес,қиял,іс-әрекет т.б.
  • Әлеуметтану-қоғам және әлеуметтік мәселелерді зерттейтін философия тармағы.

 

  • Философия тарихы-философияның даму тарихын зерттейді.Неміс философы Г.Гегель айтпақшы «Философия Шығыста басталып,Батыста аяқталады».

                                     

                                                 Философия әдістері[pic 2][pic 3]

                  Диалектика                                                        Метафизика

Диалектика әдісінде барлық заттар мен процестер дамиды,өзгереді,бір-біріне айналады.Яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.

...

Скачать:   txt (13.3 Kb)   pdf (200.1 Kb)   docx (40.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club