Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Негізгі топ металдары мен олардың маңызды қосылыстарының қасиеттері

Автор:   •  Декабрь 5, 2023  •  Лабораторная работа  •  496 Слов (2 Страниц)  •  158 Просмотры

Страница 1 из 2

Лабораториялық сабақ 12.Негізгі топ металдары  мен олардың маңызды қосылыстарының қасиеттері.

МАҚСАТЫ: I-III негізгі топша металдары атомдарының құрылысы, оларды алу әдістері, олар түзетін жай заттар және олардың маңызды қосылыстарының қасиеттері мен қолданылуы туралы білімді жалпылау.

Тәжірибе 1. Сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі

Абайлаңдар!  Денсаулыққа зиянды.

Металл натриймен, сонымен қатар тағы да басқа сілтілік металдармен жұмыс істегенде міндетті түрде судан алшақ болу керек. Металдарды керосиннен шымшуырмен алыңдар, қолмен алуға болмайды! Метал кесінділерін қалдық салатын ыдысқа немесе қол жуғышқа тастауға болмайды! Жұмысты қорғағыш көзілдірікпен, тартқыш шкафта жүргізу қажет.

Кристализаторды сумен толтырып, тартқыш шкафқа қойыңдар да, сүзгіш қағаздан кішкене қорап (2х2см) жасап, оған көлемі дәннен кішірек натрий металының  кесегін салыңдар. Есігі жартылай түсірілген тартқыш шкафтың астындағы  кристаллизаторға қағаздағы натрийді салыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Түзілген ерітіндінің фенолфталеинге әсерін анықтаңдар.

Ұқсас тәжірибелерді басқа сілтілік металдармен жасаңдар. Реакция тееңдеулерін жазыңдар.

Тәжірибе 2.Литий, натрий және калий тұздарымен жалынның түсінің өзгеруі

Платина немесе вольфрам (нихром)сымын алдымен тұз қышқылында жуып, қыздыру керек. Сымды калий хлориді ерітіндісіне батырып алып, оны жанарғының түссіз жалынына жанастырыңдар. Калий тұздарының жалынды қандай түске бояйтынын жазып алыңдар. Осындай тәжірибелерді литий және натрий хлориді тұздары ерітінділерімен жасаңдар.

Тәжірибе 3. Сілтілік-жер металдардың тұздарымен жалынның түсінің өзгеруі

Платина немесе вольфрам (нихром) сымын алдымен тұз қышқылында жуып, қыздыру керек. Сымды кальций тұзының ерітіндісіне батырып алып, оны жанарғының түссіз жалынына жанастырыңдар. Кальций тұздарының жалынды қандай түске бояйтынын жазып алыңдар. Осындай тәжірибелерді стронций және барий тұздары ерітінділерімен жасаңдар.

Тәжірибе 4.  Магнийдің сумен әрекеттесуі.

Магний жолағының кішкене кесегін (1-2 см) зімпара қағазымен оксидтен жақсылап тазалап, 6-7 тамшы дистилденген су құйылған сынауыққа салыңдар. Сынауықты тұрғыға бекітіп, бөлме температурасында реакция жүрмейтінін байқаған соң, спирт шамымен немесе жанарғымен жаймен қыздырыңдар. Не байқалады?

Сынауықты суытып, оған 2-3 тамшы фенолфталеин қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Тәжірибе 5.   Магнийдің сұйытылған қышқылдармен әрекеттесуі. Үш құрғақ сынауыққа магний ұнтағын (микроқалақшаның ұшымен) салыңдар да, әрқайсысына  3-5 тамшыдан тұз, күкірт, азот қышқылдарын қосыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Металдардың кернеу қатарында магний қандай орын алады?

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (126.9 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club