Грант иегері атану мен үшін неліктен маңызды?
Автор: Ayaulym Kurmangalieva • Апрель 30, 2018 • Реферат • 1,744 Слов (7 Страниц) • 1,615 Просмотры
Грант иегері атану мен үшін неліктен маңызды?
Биік мансап-биік жартас.
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндей ұшып қыран да шығады.
(Абай Құнанбаев)
Армансыз адам-қанатсыз құспен тең.Әр адамның жан дүниесіне тамыр жайған арманы бар.Ол арман адаммен бірге өседі,өркендейді. Менің арманым – мені мақсатыма жетелейді. Қай арманыма қолым жетіп,қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін, бірақ бар білетінім арманымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы окып, тек алға ұмтылуым керек деп ойлаймын. Ал сол армандарымның менің грантқа түсуіме қандай әсері бар немесе оқу грантының иегері атану мен үшін неліктен маңызды?
Менің ойымша грант иегері атану менің өткім келетін белестердің алғашқы баспалдығы. Ғабиден Мұстафин: «Арман деген көп белес, біріне шықсаң бірі бар» - деп айтқандай менің шыққым келетін тұңғыш баспалдағым, білімімнің өркендеуіне жол ашатын менің алғашқы бастауым ол – Тұран университеті. Әр өзеннің өз бастауы бар, және ол өзен алдындағы кеселдерге қарамастан үлкен жол жүріп теңіздерге құяды. Дәл сол секілді менің бастауым – Тұран унисерситеті болса, ал теңізім Қазақстан мемлекеті. Мен көп еңбек етіп, өзім секілді көп өзендермен бірге мойымай, жасымай өз мемлекетіме адал қызмет еткім келеді. Ал мен таңдаған мамандық қандай? Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Менің түскім келетін жаныма жақын сала – радиотехника, электроника және телекоммуникация. Бүгінгі таңда байланыс, ақпарат тарату саласы үлкен жаңалықтарға толы. Радиобайланыс және телекоммуникаия жүйелері ғылым мен техниканың жетістіктері мен озық үлгілерін заман талабына сай дамытуда. Бұл мамандық мені ерекше қызықтырғандықтан, таңдау пәнім физика және математикаға тыңғылықты дайындалу үстіндемін. Мен оқып жатқан Ш.Смағұлов атындағы мамандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты физика мен математика пәндерін тереңдетіп оқытатындықтан, мен үшін бұл пәндерді игеру еш қиындық туғызбайды. Сондықтан мен арманыма бір табан жақынмын де ойлаймын. Дегенмен әлі көп еңбек етуім керек, себебі мен салатын сара жол физика ғылымының жаңа бастауы болатынына сенемін. Сол дара жолда менің тіреуім болатын тұлғалар ата-анам және туған-туыстарым.
Мен мына дүние есігін ашқанда, анам: «Аллам мені мадақтап жатыр» деген екен. Қазақ халқы: «Ер бала өмірге келсе, Алла Тағаланың әйелді қорғағысы келгені, ал қыз бала дүниеге келсе, мадақтағысы келгені» дейді. Сол себепті де мені Алланың берген сыйы деп мәпелеп өсіріп, тәні ғана емес жаны да сұлу болсын деп «Аружан» атаған екен. Міне, сол күннен бастап, анамның жалғыз тілеуін тілейтіні де ,үміт артатыны да жалғыз – мен. Сондықтан да мен анашымның үмітін ақтап, халықтың қалаулысы болып, ұлы тұлға, Алланың анама ғана сыйға берген қызы емес, елге сыйлаған ұлы тартуы екенімді дәлелдеуім қажет.
...