Кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігін арттыру қаржылық тұрақтылықтың маңызды факторлары
Автор: aida9906 • Декабрь 22, 2018 • Курсовая работа • 9,137 Слов (37 Страниц) • 1,493 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН РЕЗЕРВТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Кәсіпорын резервтерінің көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері 4
1.2 Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері 9
2 «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДА РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІНІҢ РӨЛІ 16
2.1. «Қазмұнайгаз» АҚ-ның жалпы сипаттамасы 16
2.2. «Қазмұнайгаз» АҚ-ның рентабельділігін және іскерлік белсенділігін талдау 25
3 РЕНТАБЕЛЬДІЛІКТІ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ РЕТІНДЕ 30
3.1 Кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігін арттыру қаржылық тұрақтылықтың маңызды факторлары 30
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру 32
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Осы қатынастарда зиян шекпеу мақсатында шаруашылық субъектің тұрақтылығын алдынала білген жөн, оның сенімділігін сипаттайтын көрсеткіші болып меншікті капитал қаралады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның меншікті қаражылық тұрақтылығына баға беру қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық сенімділігін нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде рентабельділікті талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізу мүмкін. Курстық жұмыстың өзектілігі осыменен байланыстырылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде оның рентабельділігінің атқаратын қызметі мен рөліне баға беру және жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
- кәсіпорын резервтерінің көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттерін қарастыру;
- экономикалық рентабельділік көрсеткіштерін топтастыру;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде рентабельділік және іскерлік белсенділікке баға беру;
- рентабельділік пен табыстылықты кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізі ретінде қарастыру.
Талдау объектісі ретінде «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамы қарастырылды.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның еңбектері болып табылады.
...