Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тəсілдер

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Лекция  •  323 Слов (2 Страниц)  •  501 Просмотры

Страница 1 из 2

Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тəсілдер Ғылыми мектебітің құрылуы мен дамуы. М.Х.Мэскон, М.Альберт, Ф.Хедоури кiтабында мектептiң 4 түрiн белгiледi:

-ғылыми басқару мектебi;

- əкiмшiлiк мектебi;

- психология жəне адамдар қарым-қатынасының мектебi;

- басқару ғылымының мектебi (немесе сандық мектеп).

Мектептiң төртке бөлiнуiне байланысты басқару мəселелері де төртке бөлiнедi, немесе басқарудын 4 түрлi көзқарасы қарастырылган деп айтсакта болады.

1.Ғылыми басқару мекебі.

Ғылыми менеджменттiң пайда болуы Ф. У. Тейлордың (1856-1915) есiмiмен байланысты. Оның басты еңбектерi “Фабриканы басқару”, “Ғылыми менеджмент принциптерi”, т.б. Тейлордың ғылыми менеджментi ұдайы бақылау, эксперименттеу жəне логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтiң көмегiмен бизнестi жандандыратын менеджмент түрi болып саналады. Ф. Тейлор ғылыми менеджменттi 4 салада дамытты: нормалау; уақыт пен мiндеттi зерттеу; ұдайы сұраныс жəне баулу; ақшалай ынталандыру. Ғылыми басқару» қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Францияда, Ұлыбританияда, Швецияда жəне басқа да европалық елдерде кеңiнен мəлiм болды, мұның өзi оларда«басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбектi ғылыми ұйымдастыру» т.б. аттармен жарияланды.

2.Басқарудың классикалық немесе əкiмшiлiк мектебi.

Əкiмшiлiк басқару мектебiн француз зерттеушiсi Анри Файольдiң (1841-1925) есiмiмен тiкелей байланыстырамыз. Файоль өзiнiң негiзгi «Жалпы жəне өнеркəсiптiк əкiмшiлiк» атты еңбегiнде капиталистiң əкiмшiлiк қызметке жалпы көзқарасын, мiндеттi принциптерiн тұжырымдайды. Басқару деп есептейдi ол, кəсiпорынды мақсатқа сай жолға қою, сөйтiп қолда бар ресурстарды пайдалана отырып барлық мүмкiндiктi пайдалану. Файольдiң пiкiрiнше, əкiмшiлiк ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бiр бөлiгi жəне де техникалық (технологиялық), коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлiк, жұмыскерлерге ықпал ету салаларын қамтиды.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (51.7 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club