Тұрғын үй шаруашылығын басқару жүйесінің мәні, сипаттамасы, негізгі реттеу құралдары мен әдістері
Автор: RustamQ • Апрель 26, 2018 • Курсовая работа • 17,257 Слов (70 Страниц) • 1,714 Просмотры
1.ТҰРҒЫН ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Тұрғын үй шаруашылығын басқару жүйесінің мәні, сипаттамасы, негізгі реттеу құралдары мен әдістері
Тұрғын үй шаруашылығы – ол халық шаруашылығы жүйесіндегі жеке бір сала және оның негізгі мақсаты халықтың және кәсіпорындардың қолайлы өмір сүруі мен жұмыс істеу шарттарын қамтамасыз ететін қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.Тұрғын үй-коммуналдық қызметкетұрғын үймен қамтамасыз ету, жылумен, салқын және ыстық сумен жабдықтау және су бұру, газбен және электр энергиямен жабдықтау жатады [1, 115 б.]. Яғни, қаланың коммуналдық шаруашылығы кең, әрі көп функционалды, оған өмірді қамтамасыз етудің инженерлік жүйелері: су жүргізу және сумен қамтамасыз ету; жылумен, энергиямен, газбен қамтамасыз ету; арнайы территорияларды жайландыру (ҚТҚ-ныжинау, шығару және қайта өңдеу) және территорияларды жайландыру (көшелерді жинау, жарықтандыру, құрылыс, қалдықтарды тазалау) жатады [2, 218 б.].
Халықтың өмір сапасы және өмір сүру жағдайы жайлы тұрғын үйдің болуымен тікелей байланысты. Себебі өмір сүру сапасын талдауда маңызды орынды халықтың тұрғын үймен қамтылу көрсеткіштері алады. ҚР-сыКонституциясының 25-бабынасәйкес, «ҚР-да азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасалады, заңда көрсетiлген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретiн ақыға берiледi» делінген [3, 6 б.]. Меншік қатынастары кез-келген қоғамның экономикалық қатынастарының негізін құрайды. ҚР-да тұрғын үй қоры меншік нысанына қарай екі түрге бөлінеді: жеке (95%) және мемлекеттік (5%) тұрғын үй қоры[4, 40 б.].
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реттеу құралдары екіге бөлінеді: 1) тікелей немесе әкімшілік реттеу әдістері экономикалық процесс пен оның параметрлеріне әсер етуімен байланысты. Олар белгілі бір адрестік сипатта болады және қандай да бір объектіге бағытталады. Мысалы, мемлекеттік сатып алу; орталықтандырылған күрделі қаржы салу; кәсіпорындар мен салаларға бөлінген дотациялар мен субсидиялар; әлеуметтік саясат; бағалар мен табысты реттеу; 2) жанама немесе экономикалық әдістер адрестік сипатта емес, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін міндетті. Олар экономикалық қызмет жағдайлары мен нәтижелеріне әсер етеді. Экономикалық әдістер жиынтық сұраныс пен ұсыныс, капиталдың шоғырлануы, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды тұрақтандыру, экономикалық өсімге қол жеткізу, нарықтық байланыстарға әсер етуге негізделеді. Экономикалық реттеудің негізгі құралдарына: мемлекеттік сатып алуды ұлғайту немесе азайту; әлеуметтік төлемдерді өзгерту; салық мөлшерін өзгерту; мемлекеттік шығындар көлемін ұлғайту немесе азайту жатады [5].
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқарудың ерекшелігі – оның әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде меншік иесімен немесе атқарушы билік жүйесінің бағынысты буындарымен жүзеге асырылуында.Оны басқарудың қиындығын елестету үшін коммуналдық қызметтердің түрлерін, осы қызметтерді көрсетуші ұйымдардың жеткіліксіз дәрежеде техникалық жабдықталуын, меншік иелері санының көп болуының өзі де жеткілікті[6, 135 б.]. Осыған байланысты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын басқару жүйесінің үш деңгейін ажырата аламыз (сурет 1).
Сурет 1.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқару жүйесінің деңгейлері
1-суретке сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқарудың үш деңгейі бар, осы деңгейлерде өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар ТКШ саласын басқаруды, реттеуді, дамытуды жүзеге асырады. Мысалы, республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Президенті, Парламенті, Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар орналасқан. Осыған сәйкес, ҚР-дағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
...