Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Органикалық қосылыстардың тазалау және бөлу әдістері. Олардың ең маңызды тұрақтыларын анықтау

Автор:   •  Октябрь 26, 2021  •  Контрольная работа  •  2,823 Слов (12 Страниц)  •  1,287 Просмотры

Страница 1 из 12

Зертханалық жұмыс № 2

Органикалық қосылыстардың тазалау және бөлу әдістері. Олардың ең маңызды тұрақтыларын анықтау

Органикалық химияда жеке затты таза күйінде бөліп алудың маңызы өте зор. Органикалық қосылыстар қатысында жүретін реакциялар нәтижесінде негізгі өніммен қатар қосымша өнім және бастапқы заттар қоспасы түзіледі. Таза зат алу қиын.

Табиғатта абсолют таза заттар (тазалық дәрежесі 100%) жоқ. Кез келген қосылыс көп немесе өз мөлшерде қоспадан тұрады. Қоспа неғұрлым аз болса, солғұрлым химиялық заттың сапасы жоғары болады. Қазіргі заманғы техника әртүрлі химиялық өнімдердің тазалық дәрежесіне жоғары талаптар қояды.

Заттарды тазалаудың көптеген әдістері белгілі: фильтрлеу (сүзу), дистилдеу, бөлшектеп айдау, возгонка немесе сублимация, қайтакристаллдау, хроматография және т.б.

Бұл тарауда келесі тазалау әдістері қарастырылады: дистилдеу (айдау), сублимация, фильтрлеу, қайтакристаллдау және хроматография.

Фильтрлеу (Сүзу)

Фильтрлеу (сүзу)- фильтр арқылы тұнбадағы қоспаның қатты компоненттерін ерітіндіден (сұйық компоненттен) бөлу процессі. Фильтр ретінде әдетте сіңіргіштігі әр түрлі фильтр қағазын қолданады және мата, кеуекті шыны, асбест, кәдімгі және шыны мақтаны қолдануға болады. Ескеретін жай фильтрдің материалы еріткішпен, бөлінітін тұнбамен әрекеттеспеуі қажет. Қатты затты сұйықтан бөліп алу үшін декантация да қолданылады. Ол үшін тұнбасы мен қатты заты бар сұйықты шайқамай жайлап құйып алады, бірақ бұл қоспадан толық айырылу мүмкін емес.

Еріткіштің табиғатына және бөлінетін заттың қасиеттеріне қарай әр түрлі фильтрлеу әдісін қолдануға болады. Фильтрлеуде әдетте екі әдісті қолданады:

а) кәдімгі (атмосфералық) қысымда фильтрлеу;

б) жоғары қысымда фильтрлеу.

Кәдімгі (атмосфералық) қысымда фильтрлеу - лабораториялық практикада күрделі құралдарды қажет етпейтін ең қарапайым және жиі қолданылатын әдіс. Ол үшін фильтр мен воронка қажет. Қағаз фильтр екі түрлі болуы мүмкін: жай (қарапайым) және қатпарлы. Қатпарлы фильтр қолдану оның көлемі жағынан үлкен беттік сіңіру қабілеті жоғары болғандықтан фильтрлеу процессін тездетеді. Жай (қарапайым) фильтр дайындау үшін төртбұрышты фильтр қағазын төрт бүктеп, оның жиегін конус тәрізді қияды. Дайын фильтр воронканың жиегінен 0,5 мм төмен болу қажет.

Қатпарлы фильтр күрделірек. Оны дайындау үшін дайын болған жай фильтрді тағы екі рет «гармошка» тәрізді бүктейді.

[pic 1]

Жай (қарапайым) немесе қатпарлы фильтрді штативке бекітілген воронкаға орнатады. Воронканың астына стакан қойып, салқын затты сүзу үшін прибор дайын. Ыстық ертіндіні сүзу үшін электр тогымен немесе ыстық сумен қыздыратын арнайы воронка қолданады. Балқу температурасы төмен заттарды сүзу үшін салқындатқышы бар воронка қолданады.

Жоғары қысымда фильтрлеу (сүзу) - фильтрлеуді тездету үшін қолданады. Ол үшін негізгі приборлар: су насосына қосылған сақтандырғыш ыдыспен (предохранительная склянка) байланысқан Бюхнер фарфор воронкасы мен қалың шыныдан жасалған

Бунзен колбасын алады. Сүзу кезінде жарылысты болған жағдайда да көп залал келмес үшін Бунзен колбасын сүлгімен орап қою қажет. Бюхнер воронкасына воронканың ішкі диаметрінен кішірек дистилденген сумен ылғалдаған фильтр қағазын орнатады. Сүзетін сұйықтықты тұнба бетін тегіс және біркелкі жабатындай етіп воронкаға құяды. Фильтрлеу аяқталған соң фильтрдегі затты кептіреді.

Кристалдау

Кристалдау - ерітіндіден, балқымадан және газ ортадан кристалдың өсуі жене түзілуі. Бұл органикалық қатты заттарды тазалауда қолданылатан бірден-бір маңызды әдіс. Кристалдау белгілі еріткіште әр түрлі температурада қоспа құрамындағы қосымша мен негізгі заттың әр түрлі ерігіштігіне негізделген.

...

Скачать:   txt (42.7 Kb)   pdf (213.7 Kb)   docx (82.8 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club