Жасыл экономика «Қазақстан» дамуының болашағы
Автор: Aikonti Tolegenova • Июнь 13, 2023 • Доклад • 962 Слов (4 Страниц) • 232 Просмотры
Жасыл экономика «Қазақстан» дамуының болашағы
Төлеген А.Е. ЭК-921 студенті, есеп және аудит мамандығы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университет жанындағы көпсалалы колледжі.
Аннотация: Бүгінгі таңда дүние жүзінің көптеген елдері өнеркәсіптік экономикалық өсуден болмай қоймайтын экологиялық шығындарды түсінді, осыған байланысты кейбір елдер тұрақты дамудың әртүрлі тұжырымдамаларына, «жасыл» экономика моделін қолдануға көшіп жатыр. Бұл бағыттағы «жасыл» өсу тұжырымдамасын ұлттық стратегия ретінде жүзеге асыруды жариялаған бірінші мемлекет Оңтүстік Корея болды. Қазақстан да басқа елдер сияқты Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын қабылдаған болатын.
Кілт сөздер: жасыл экономика, экология, табиғи ресурстар, тиімді пайдалану.
Tолеген А.Е. Студентка ЭК-921 по специальности бухгалтерский учет и аудит многопрофильного колледжа при Кокшетауском университете имени Ш.Уалиханова.
Аннотация: Сегодня многие страны мира осознали неизбежные экологические издержки промышленного экономического роста, и в связи с этим некоторые страны переходят к иным концепциям устойчивого развития, к использованию модели «зеленой» экономики. Южная Корея стала первой страной, объявившей о реализации концепции «зеленого» роста в качестве национальной стратегии в этом направлении. Казахстан, как и другие страны, принял концепцию перехода к «зеленой» экономике Республики Казахстан.
Ключевые слова:зеленая экономика, экология, природные ресурсы, эффективное использование.
Tolegen A.E. Student of EK-921, accountant-economist specialty Kokshetau University multidisciplinary college named after Sh. Ualikhanov.
Abstract:. Today, many countries around the world have realized the inevitable environmental costs of industrial economic growth, and in this regard, some countries are moving to different concepts of sustainable development, to the use of the «green» economy model. South Korea was the first country to announce the implementation of the concept of «green» growth as a national strategy in this direction.
Key words:green economy, ecology, natural resources, effective use
Мазмұны
1. Қазақстандағы жасыл экономиканы дамыту тұжырымдамасы
2. Қазақстан жасыл экономика жолында: идеялар және шешімдер
3. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі:
1.http://startinfo.kz/buisness/shasul-economica-damyu/
2.https://egemen.kz/article/166830-zhasyl-ekonomika-dganhghyryghy
3.ihttps://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/12027
4.https://strategy2050.kz/amp/news/1211/
5.https://www.inform.kz/kz/senat-zhasyl-ekonomika-modeline-katysty-zan-kabyldady_a3987532
Қазақстандағы жасыл экономиканы дамыту тұжырымдамасы
2013 жылдың мамыр айында еліміздің «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші 2013 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды. Екінші кезең 2020-2030 және үшінші кезең 2030-2050 жылдар аралығына жоспарланған. Тұжырымдаманың бірінші кезеңінде мемлекет «жасыл» инфрақұрылымды құруға, ресурстарды оңтайландыруға, сондай-ақ табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға басымдық берді. 2013 жылы Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды. Жоспар 141 іс-шарадан тұрды, оның ішінде нормативтік, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету; су ресурстарын үнемді пайдалану шаралары; тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту шаралары; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары; атмосфералық ауаның ластануын азайту шаралары; биологиялық ресурстарды дамыту, сақтау және үнемді пайдалану жөніндегі және т.б. өзекті мәселелерге қатысты шаралар мен жобалар.Екінші кезеңде бірінші кезеңнің іске асырылған шараларын негізге ала отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, жаңартылатын
...