Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының демографиясының қазіргі таңдағы жағдайы қандай және болашағын болжау

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Реферат  •  3,567 Слов (15 Страниц)  •  1,738 Просмотры

Страница 1 из 15

[pic 1]

Атырау қаласы

Химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Демография

Тақырыпша: “Қазақстан Республикасының демографиясының қазіргі таңдағы жағдайы қандай және болашағын болжау

(3200 сөз)

  Орындаған: Әміров Дәурен______________

        (аты-жөні, қолы)

        Жетекші: Тулешова Айтолқын _____________

        (аты-жөні, қолы)

        

                                                                        Ішкі модератор___________

         (аты-жөні, қолы)

Атырау,  2018

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы
  2. Қазақстан халқының демографиялық өзгеріс көрсеткіштері
  3. Демографиялық болжам
  4. Зерттеу сипаттамасы
  5. Бағалау

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

«Демография» термині 18 ғасырда А. Гийяра атты француз ғалымы еңбектерінде ең алғашқы рет байқалған және «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген ойды білдірген [1]. Демография ғылымының тамыры мыңдаған жылдар бұрын жайылып бастаған. Тіпті бұрынғы замандардағы адамдар халықты тіркеп отырған. Бірақ бұл ежелгі дәуірдегі тіркеу жүйесіз қалыптасқан болатын. XVIII ғасырда кейбір елдерде өлім мен туылудың және халықтың санының өзгеруін бақылауға алғашқы қадамдар жасалды.Соңғы жарты ғасырда демографияны зерттеуге назар аудару үрдісі айқын байқалады.

Терминнің қазіргі заманғы мағынасы - халықтың көбеюі туралы ғылым, оның әлеуметтік-экономикалық сипатынан, табиғи көші-қон жағдайына тәуелділіктен, аумақтық таралу мен халықтың құрамын зерттеу, олардың өзгеруі, осы өзгерістердің себептері мен салдары және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру болып табылады. Демографиялық процестер инерттілік және ұзақ уақыт кезеңімен ерекшеленеді. Демографияда, нақты анықталған зерттеу объектісі - халық. Демография халықтың мөлшерін, территориялық таралуын және құрамын, әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ биологиялық және географиялық факторлар негізінде олардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылғы қазанда «Қазақстан-2030» ел халқына арнаған жолдауында:«Күшті демография және көші-қон саясаты, ұлттық қауіпсіздіктің жетекші басымдықтарының деңгейіне қойылуы тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз осыған бей-жай қараса, ХХІ ғасырдың қарсаңында біз «демографиялық крест» жағдайында Ресейге қосыламыз, өйткені халық тек сыртқы көші-қон үрдістерінен ғана емес, табиғи түрде де азаяды. Бұл үрдісті бірден тоқтатукерек».Егерде Н.Ә. Назарбаев сөздеріне мұқият үңілетін болсақ, еліміздің демография жағдайы әрқайсысымызды ойландыруы қажет екендігін түсінеміз. Әлеуметтік тұрақтылық және елдегі этносаралық қарым-қатынастар, негізінен жақсы ойластырылған демографиялық саясат пен проблемалардың дер кезінде шешілуіне байланысты.

Демографиялық жағдайдағы жылдам өзгерістер барлық мемлекеттерге үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл мәселе Қазақстан алдында да, тууы төменгі және өлімі жоғарғы көрсеткіште тұрған мемлекет ретінде көрініс табады. Осы проблемаларды шешу демография саласындағы көптеген дәстүрлі идеяларды түбегейлі қайта қарауды талап етеді.

Елдегі қазіргі демографиялық ахуал халықтың табиғи өсуінің төмендеуі, туу деңгейінің төмендеуі, өлімнің өсуі, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және басқа да факторлармен сипатталады.

...

Скачать:   txt (52 Kb)   pdf (655.5 Kb)   docx (276.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club