Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Автор:   •  Март 12, 2019  •  Анализ учебного пособия  •  11,608 Слов (47 Страниц)  •  1,300 Просмотры

Страница 1 из 47

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

  Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

    Дайындаған: Қамза  Жаннұр

Ғылыми жоба тақырыбы:  

« Қазақ лингвомәдениеттанымындағы «ер-азамат» концептісі»

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.

                                                 Пікір

       Оқушылар    бұл зерттеу жұмысында  қазақ халқының танымындағы "ер-азамат"концептісіне  түсінік бере отырып,  қазақ ер-азаматтарының    қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, көркем шығармалардағы "ер-азамат" концептісін дәлелдейтін деректерді ғылыми тұрғыда зерделеген. Бүгінгі қоғамдағы өзекті  тақырыптардың бірі – ер-азамат мәселесін, әке тәрбиесіндегі   ұлттың болмыс-бітімін,  қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтастығын   көркем шығармалардағы кейіпкелер образы арқылы дәлелдеген.

     Қазақтың ұлттық танымындағы ер адамның гендерлік ерекшелігін, тектілік феноменін  салт – дәстүрмен байланыстырып, әке тәрбиесінің ұрпақ болашағы үшін  маңызды  рөл атқаратынын  Құнанбайдың Абайы,  Рысқұлдың  Тұрары,  Бауыржанның  Бақытжаны  т.б. ұлы  тұлғалар өмірімен  байланыстырған.    

   Қоғамдағы  әлсіз  тұстарды  жеңілдетуде жастар үшін  қоршаған ортаның және отбасындағы  тәрбиенің  маңыздылығына  тоқтала отырып,  ұлтжанды ер азаматтардың өсіп- жетілуіне   әке  тәрбиесін жандандыру  керектігі туралы өз ұсыныстарын білдірген.

   Көркем шығарма  адамның рухани азығы екенін көпшілік назарына ұсына  отырып, тақырыпты ашуда  нақты деректерді пайдаланған.  Өз пікірлерін нақты деректермен байланыстыра отырып, қоғамдағы өзекті мәселерді шешеуге  өз ұсыныстарын білдірген.

Аннотация

Зерттеудің  мақсаты:«Қазақ ер-азаматы» концептісін лингвомәдениеттану  тұрғысынан сипаттай отырып,  көркем шығармаларда ер-азамат бейнесінің сомдалуын тектілік феноменімен байланыстыру және ұрпақ тәрбиесіндегі әкелердің орнын жан-жақты  талдау.

Болжам: Көркем  шығармаларда ер-азамат образының  берілуі   және  бүгінгі ұрпақ  тәрбиесіндегі  ұлттық тәрбиенің құндылығын зерттеу.

Зерттеу кезеңдері: Кіріспе бөлімінде «қазақ ер-азаматы» концептісіне сипаттама  жасалған және  бұл – ұрпақтан-ұрапққа беріліп сақталған ұлттық таным мен ұғым екеніне түсінік беріледі.                                                        Зерттеу бөлімінде «тектілік» категориясын ұлттық  құндылық ретінде қарастырып, Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі мен                            Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе», М. Әуезовтың « Абай жолы»,                                  Б. Момышұлының « Ұшқан ұя»  романдарындағы кейіпкерлердің                        ер- азамат ретінде қалыптасуына  әке тәрбиесінің зор ықпалы бар екеніне жан- жақты талдау жасау.  Қорытынды бөлімде ұрпақтар  сабақтастығына  дәлелдер келтіре  отырып,        «Әкелердің  қоғамдағы орны» төңірегіндегі сауалнамаларды қорытындылау және ұсыныстар беру.                                                                                                                    Зерттеу әдістемесі:  Көркем  шығармалардың бүгінгі өмірдегі жасөспірім тәрбиесіне  зор ықпалының болатындығын теориялық жағдайда зерттеп,әкелер бейнесіне образдық талдау жасауды мұрат тұтып,жүйелі де жаңа, ұлттық тұғырнамалық әдіс-тәсілдерді басшылыққа алдық.                               Зерттеу жаңалығы:     Көркем   әдебиет жас жеткіншекке, жастарға, адамның қалыптаса бастаған шағына өте күшті ықпал жасайды. Көркем шығарма-жасөспірімдерді,ұлттық рухта тәрбиелеудің                                           бірден-бір    құралы.  Зерттеу жұмысында  көркем шығармада  ер-азамат образын жинақтап, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.                                                                                                            Жұмыстың нәтижесі: Көркем  шығармалардағы  әке  мен бала арасындағы  ұлттық  тәрбиенің негізінде қалыптасқан  азаматтық тұлғалардың  өмір жолдарына үңіле отырып, бүгінгі  отбасылық                                                 тәрбиеде  әке рөлінің маңыздылығы  туралы  салыстырмалы ой түйінделді.                                                                                          Жұмыстың қорытындысы:Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі — ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет –  елін сүйер ер-азамат  тәрбиелеу. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде . Сондықтан отбасылық тәрбиені яғни әке тәрбиесін ұлттық  тәрбие негізінде  ұштастыра отырып,  бүгінгі жастардың бойына кенже қалған рухани құндылықтарды  сіңіру қажет. 

...

Скачать:   txt (96.9 Kb)   pdf (357.5 Kb)   docx (43.6 Kb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club