Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік бағдарламалар ̶ Қазақстанның болашақ дамуының кепілі

Автор:   •  Сентябрь 17, 2021  •  Доклад  •  1,286 Слов (6 Страниц)  •  2,101 Просмотры

Страница 1 из 6

«Мемлекеттік бағдарламалар ̶ Қазақстанның болашақ дамуының кепілі». Тақырып бойынша жоспар әзірлеу.

Маңызы: Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары, реформаларды аяқтау, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу, Қазақстан барысын қалыптастыру. Ол мемлекеттік шаралардың нақты жоспарларын әзірлеуге негіз болған ел дамуының жеті шешуші бағытын айқындап берді.

Бұл жоспардың мақсаты: Жастардың өзін-өзі табысты дамыту үшін құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарды жетілдіруді, оның әлеуетін елдің одан әрі дамуына бағыттауды мақсат етеді.

Жоспардың негізгі міндетітері:

  1. Мемлекеттік жоспарларды іске асыруға жастарды тарту тетіктерін айқындау.
  2. Қазіргі заманғы жағдайларда жастармен жұмыс істеу бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындау.
  3. Жастардың еңбек, білім және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін айқындау.
  4. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін жаңа кезеңде қанағаттандыру үшін жағда жасау.

ЖОСПАР:

  1. Іске асыру кезеңдері және межеленген нәтижелер.
  2. Жастар саясатын іске асырудың базалық қағидаттары.
  3. Жастар саясатын іске асырудың негізі бағыттары.
  4. Жастарды мәдени құндылықтарға тарту.
  5. Жастар ортасында моральдық-рухани бағдарлардың сабақтастығын қамтамасыз ету.
  6. Ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету және мемлекеттік жастар саясатының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.
  7. «Қазақстан-2050» Стратегиясын» іске асыруға жастарды тарту.
  8. ҚОРЫТЫНДЫ

Барысы:

1) Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту кезең-кезеңімен былайша жүзеге асырылатын болады:

2013 – 2015 жылдар аралығындағы кезең.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының және бизнестің құзыретті өкілеттілік аймағын нақтылайтын салааралық өзара іс-қимылдың тиімді үлгісі құрылатын болады.

Көрсетілген міндетке қол жеткізу мақсатында барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы консультациялық-кеңесші органдар арқылы мемлекет пен жастардың өзара іс-қимыл жасау әдістерін жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес жастар саясатын тұрақты негізде жетілдіруге негізделген ұсыныстарды әзірлеу мәселесінде үйлестіруші рөлін арттыруға бағытталған жұмысын жалғастыратын болады.

Жастар саясатының бағдарламаларын іске асыруға Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және жастар ұйымдары жұмылдырылады.

Алдағы кезеңде орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың республикалық және өңірлік жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауының жобалық тәсіл мен әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу қағидаттарына негізделген жаңа схемасы іске асырылады. Орталық және жергілікті деңгейлерде жастардың барлық санатын қамтитын орта мерзімді болжамды негізде әлеуметтік жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік тапсырысты орналастырудың салалық қағидаты белсенді қолданысқа ие болады. Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңінде жастар саясатының бірінші кезекті іс-шаралары әзірленетін болады.

Жастарды жұмыспен қамтуға, жұмысқа орналастыруға, қолжетімді тұрғын үйге және перспективалы бизнес-идеяларды тәжірибеде қолдануға бағытталған жобаларға қатысу және өту шарттары дәйекті түрде жетілдірілетін болады.

Тұжырымдаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде жастармен тұрғылықты жері, оқуы және жұмысы бойынша мекенжайлық өзара іс-қимыл жасауға бағытталған біртұтас инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша жұмыс басталатын болады.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру процесінде мемлекеттік жастар саясатындағы мониторингінің, талдаудың және реттеудің жаңа құралдары әзірленетін болады.

...

Скачать:   txt (20.6 Kb)   pdf (101.1 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club