Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасының әлеуметтік - экономикалық мәселелері және даму болашағы

Автор:   •  Июнь 8, 2019  •  Статья  •  806 Слов (4 Страниц)  •  1,026 Просмотры

Страница 1 из 4

Абдыгалиева А, Көпеш С, Тилек Л. 3 курс

(академика Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ)

                          Ғылыми жетекші – аға оқытушы Жумашева А.Б

Қазіргі таңдағы Қазақстан  экономикасының әлеуметтік -            экономикалық мәселелері және даму болашағы

       Өткенімізге көз жүгіртпей болашақты болжау қате болар. Жалпы Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикасына тоқталмай тұрып тарихына тоқтала  кетейік. Тәуелсіздік алған жылдарымыздан бастап   экономиканы бiр орталықтан басқарып келген шаруашылық механизмiмiз Кеңес Одағының ыдырауымен оның құрамындағы елдердiң барлығы саналарына тым жат болып келетiн нарықтық экономикаға өттi. Бұл біздің алеуметтік экономикалық жағдайымызға  теріс әсерін  тигізбей қоймады. Елiмiзде 1990 жылдан бастап жаппай өндiрiстiң құлдырауымен байланысты өнеркәсiп орындары жаппай банкротқа ұшырауы және өндiрiстiң қысқаруы салдарынан жұмыссыздық жаппай орын алды. Халықтың табысы, еңбекақысы төмендеп, қоғамда кедейлiктiң өсуi орын алды. Инфлияция деңгейі күрт төмендеді. Осы мәселеге мемлекетiмiз әр түрлi саясаттарды iске асыра бастады. 1991-1993 жылдар өзiмiздiң ұлттық валютамыз болмауы себебiнен қаржы жүйемiз ақша-несие және валюталық саясатты толық түрде жүргiзе алмады. Осылайша 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура келдi. Осыдан бастап елiмiз экономиканы ақша-несиелiк және валюталық түрде реттей бастады, ұлттық валютамызды тұрақтандыру саясатын жүргiзудi қолға алды және жаппай мемлекеттiк меншiкке жекешелендiру сяасаты, яғни кәсiпкерлiктi дамыту реформалары жүргiзiлдi Сөйтіп, экономикамыз 1994жылдан бастап қарқынды дами бастады.

       Еліміздің экономикасының тарихына көз жүгіртсек қаншама белестерді артта қалдырғанымызды көруге болады. Осыдан оң жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырып қарасақ ЖІӨ 2016 жылы 8,6 мың долларға өсті , ал 2020 жылға қарай 11,5 мың доллар дейін өседі деп болжанып отыр.  Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Рыноктың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Әлеуметтік-экононмикалық мәселелер әрбір елдің басты проблемаларының бірі. Биліктің қайнар көзі, елдің басты байлығы-халқы болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, яғни жұмыссыздық мәселесiн шешу, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.

       Бәсекеге қабілетті, экономикасы жоғары деңгейде дамыған әлем елдері қатарына кіруде көптеген еңбектер жасалып жатыр. Осы жолда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев аянып қалған жоқ Қазақстан Президенті өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика және бәсекеге қабілетті халық» деген Жолдауында атап өткендей «экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып табылады. Біз бұған экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың  2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Мен бұл ретте мемлекттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымды жасау және басым салаларды дамытуға жекеменшік салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін» деген еді. Елдің экономикасының дамуы барысында елбасымыз  "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың  2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" бекітті. Бұл бағдарламаның негізгі миақсаты елмізді тек шикізаттық бағыттан бас тарта отырып, инновациялық технологияларды дамыта отырып тұрақты дамуға жол ашу. Бұл бағдарлама ҚР-ның әлем елдері арасындағы орнын айқын көрсетеді. Отандық өнімдерімізді тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар басқа шет елдерге де экспортқа шығара аламыз. Осы орайда отандық компаниялар мен кәсіпорындар да өз үлестерін қосуда. Негізгі мәселе технология және кәсіби мамандардың жетіспеушілігі. Бірақ бұл олқылықты жөндеуге болады. Осы орайда мемлекет  шағын және орта бизнеске  көп артықщылықтар беруде. Негізгі басым бағыттар ауыл шаруашылығы, дәнді дақылдар, минералды қазбалар болып отыр. Бұл жерде мемлекеттің жас кәсіпкер буынға және өз ісін осы бағытта бастаймын деген азаматтарға берген артықшылықтары мепн жеңілдіктерін айта кету керек. Еңбек еткісі келген азаматттар мен азаматшаларға мемлекет зор мүмкіндік беріп отыр. Тегін оқу, мемлекеттен арнайы бөлінген субсидиялар, пайызы аз несиелер т.б көптеген жеңілдіктер қарастылырған. Тек өзініздің ынтаныз бен уақыынызды бөлсеніз  сізде жеке кәсіпкер бола аласыз. Бұл тек өз басынызға емес, сонымен қатар мемлекетке, еліміздің экономикасына тигізген көмегеніз болады. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. 

      Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген барлық экономикалық шаралар, бағдарламалар өз өнiмiн берiп, мығым экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және қызмет ету механизмiн саралап оларды ұлттық экономика дамуына қолдана бiлсек, бұл бiздiң дамып келе жатқан елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауы.

2.Н.Ә.Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы.

3.Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдау, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (87.4 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club