Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заңдық жауапкершіліктің методикалық мәселелері

Автор:   •  Январь 22, 2019  •  Курсовая работа  •  31,310 Слов (126 Страниц)  •  462 Просмотры

Страница 1 из 126

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заңдық жауапкершіліктің мәселелерін зерттеудің өзектілігі заңдық жауапкершіліктің Қазақстанның құқықтық жүйесінде ерекше орны мен маңызын анықтайтын методологиялық, теориялық және практикалық факторлардың жиынтығымен шартталады. Қоғам өмірінің көптеген салаларында орын алған өзгерістер оңды, заңдық әрекеттер ролінің өсуіне себепкер болды. Отандық заңнаманың кең көлемде және жылдам өзгеруі теориялық және қолданбалы сипаттағы бір қатардағы мәселелерді шешуді талап етті. Сонымен қатар, нормативті құқықтық актілерді орындауды қамтамасыз ету механизмін ғылыми тұрғыда ұғыну қажеттілігі туындайды. Осы механизмнің негізгі құқықтық элементтерінің бірі заңдық жауапкершілік болып табылады.

Заңнама мен құқық қолдану мәселелерін ғылыми зерттеулерін белсендіру Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында басым бағыт қатарына жатады. Оң және ретроспективті аспектілері бар әлеуметтік көрініс болып келетін заңдық жауапкершілік мәселелерін терең зерделеу құқық қолдану мен заң шығарушының іс-қызметі, адам мен азаматтың құқығы мен бас бостандығын қажетті түрде қорғау жағдайы заңдық жауапкершіліктің мақсаттары мен мүдделерін дұрыс анықтауына байланысты. Заң шығарушы қол жеткізуге талпынатын қоғамдық қарым-қатынастардың дамуының мінсіз үлгісі заңдық жауапкершіліктің мақсаты болып табылады.

Жауапкершіліктің бір түрі саналатын заңдық жауапкершілікпен байланысты мәселелерді тиімді шешу құқықтың саналы ролін көтеруге, құқықтық қорғау механизмін, алдымен ретроспективті заңдық жауапкершіліктің механизмін жетілдіруді ұйғарады.

Заңдық жауапкершілік құқық бұзушылықтың алдын алу мен деңгейінің төмендеуі кезінде ерекше маңызға ие болады, сол мезетте ол мемлекеттік және шенеуліктік бассыздықтан кепілгер болады, тежемелер мен теңестірулер жүйесінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын іске асыруға кепіл болады.

Қазақстандық заңнаманың кешенді дамуы және оның 2010-2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат концепциясы бекіткен басымдылықтарына сай қолданылуы заңдықлық режимін әрі қарай бекітуге, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бас бостандығын сақтауға, еліміздің баянды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қазақстандық мемлекеттілікті бекітуге мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында былай деп атап айтылған: «...құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қоғауға жұмымдыру керек...».

Елімізде заңдық режимді және құқық жүйесінің тұрақтылығын, сонымен бірге қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарқынды дамуын қамтамасыз ететін жүйелік шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас мемлекет дамуының жалпы стратегиясы контекстінде нормативті-құқықтық базаны жаңғыртуға, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен бас бостандығын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауын қамтамасыз ететін басқарудың нәтижелілігі, айқындығы және есеп беру міндеттілігі қағидаларында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құрастыруға мүмкіндік береді.

 Заңдық жауапкершілік – құқықтың жалпы теориясында, сонымен бірге салалас ғылымдарда қарастырылатын құқықтанудың маңызды ұғымдарының бірі. Сонымен бірге, егерде бұрындары бұндай қарастырулар құқықтануда қолданбалы сипатта болса, қазіргі таңда қоғамның жаңа дамуы кезеңінде заңдық жауапкершіліктің теориясы методологиялық мағынаға ие болды, келешекте дүниеліктанымдық мағынаға ие болып, ал ол өз кезегінде зерттеудің жаңа аспектісін анықтайды.

Соңғы жылдары ғалымдар заңдық жауапкершілікті салааралық құқықтық институт ретінде зерттеуді қарастырудаға әрекеттенуде. Ғылымға құқықтың регулятивтік және қорғау салаларының ішкі жүйелерін ажырату қайтарылды. Құқықты «жария» және «жеке» деп бөлу мәселелері өзекті болуда, құқықтың маңызы мен жүйесі, оның классификациялық белгілері туралы пікірсайыстар жандандырылуда.

...

Скачать:   txt (486 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (141.4 Kb)  
Продолжить читать еще 125 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club