Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды

Автор:   •  Апрель 18, 2018  •  Доклад  •  818 Слов (4 Страниц)  •  2,143 Просмотры

Страница 1 из 4

Алатау ауданы №180 ЖББМ

Тексерілді:________________

«17» сәуір  2018 ж.

 

СЫНЫП САҒАТЫ

Тақырыбы:«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды»

5 « Г » сынып  

Сынып жетекшісі: Айтжан С.Е.

Алматы 2018 ж.

Тақырыбы: «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды»

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға заң, құқық бұзушылық ұғымы жөнінде жан-жақты түсінік бере отырып, заң шеңберінде өз құқығын дұрыс пайдалана білуге дәріптеу;

Дамытушылық: оқушылардың өз құқықтары, заңға теріс келетін әрекеттер, заң алдындағы жауапкершілік жөніндегі ойларын, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жөніндегі ойларын дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды заң талаптарына сәйкес жүріп-тұруға тәрбиелеу, заңға теріс әрекет салдарынан өздеріне нұқсан келмеуін дәріптеу, бұзақылықтан бойын алшақ ұстауға тәрбиелеу  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті такта, арнайы дайындалған презентация, плакаттар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты. Өздерің байқап отырғандай, балалар, бүгінгі сынып сағатымыз  заң, құқықбұзушылық, заңға теріс әрекеттер төңірегінде болмақ.

Интерактивті тақтадан заңбұзушылық, мектеп қабырғасындағы оқушы құқығы мен міндеті, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы презентация көрсетіледі.

Балалар біз жаңа құқықбұзушылықтың не екендігін және оған қандай іс-әрекеттер жататынын түсіндірген болатынбыз. Құқықбұзушылық болмау үшін немесе азаюы үшін неге назар аударуымыз қажет деп ойлайсыңдар?

Айгерім: Мен құқықтық мәдениетке баса назар аудару керек деп ойлаймын. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.

Құқықтық тәрбие беру арқылы жасөспірімдер мен оқушыларды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді  тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады

А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін атап өткім келеді.

Сырым: Айгерімнің сөзін жалғай отырып мен құқықтық тәрбие беру жөнінде айтқым келеді. Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады.

Мұғалім: Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?

Сырым: Әрине бұл Заңдарды білу

Бала мен ата-ананың құқықтары  мен  міндеттері білгіленген заңдар – бұл

  1. Бала құқығының   Декларациясы;
  2. ҚР бала құқықтарытуралы Заңы;
  3. ҚР Конституциясы;
  4. Білім туралы Заң;
  5. Неке жәнеотбасы туралы Заң;
  6. Балалар  құқығының  Конвенциясы;
  7. Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс.

Жұбаныш: Мен Сырымның айтқанын толықтырғым келеді.  Осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар:

Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-ананың міндеттері де көрсетілген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы –еліміздің дамуына соны серпін беретін жаңару стратегиясы. Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытының бірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі.Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек»  атап көрсетті.

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (156.8 Kb)   docx (15.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club