Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардың криминологиялық сипаттамасы
Автор: Nessibeli77 • Апрель 25, 2023 • Дипломная работа • 20,479 Слов (82 Страниц) • 139 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
__________________
«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі,
з.ғ.к., қауымд.профессор Көшпенбетов Б.М.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардың криминологиялық сипаттамасы»
«5В030100 – Құқықтану»
Орындағандар:
Дәулетханова А.Е.
Нарман Б.П.
Абдраимов У.А.
Турганжанов А.А.
Ғылыми жетекші:
з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Калкаева Н.Б.
Алматы, 2022
КІРІСПЕ
1 САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Салық салу саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың криминологиялық сипаттамасының ұғымы мен құрылымы
- Салық салу саласындағы қылмыстылықтың себептері, жағдайлар мен шарттары
- Салық салу саласындағы қылмыстытықты алдын алу
2 САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ МЕН БАҚЫЛАУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ БІРІГІП ӘРЕКЕТ ЕТУІ
- Салық салу саласында қылмыстылықтың алдын алуда субъектілердің өзара әрекет ету ұғымы мен құрамы
- Салық салу саласында қылмыстылықты ескертудегі субъектілердің өзара әрекет етуінің құқықтық негізі және ұйымдастыру нысандары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халықтық Референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыздың 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген [1]. Бұл еліміздегі саяси түбегейлі өзгерістерді, азаматтардың тұрмыстық жағдайының тұрақтандыру үшін біздің мемлекетіміз әлеуметтік-эконмикалық өзгерістер мен демократиялық мемлекетті құру барысында қарқынды криминогендік үрдіске тап болғандығын көрсетті.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми дерегі бойынша 2019 жылғы көрсеткіш 128064 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, ол 2020 жылғы көрсеткішке (141 271) қарағанда 9,3 пайызға төмен. Одан басқа арнайы есепке 9572 қылмыстық құқық бұзушылық қойылған, бірақ тағылған айып-кінәні жоққа шығаратын негізсіз (2020 жылы -12 491) қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған.
Он мың адамға шаққанда қылмыс деңгейі 2020 жылғы көрсеткішке (92) қарағанда азайып, 83 қылмыстық құқық бұзушылық құрады. ҚР Бас прокуратурасының мамандарының жүргізген талдауы бойынша әйелдерге қатысты 40394-тен 35034-ке дейін, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты 6488-ден 6274-ке дейін қылмыс деңгейінің төмендегенін дәлелдейді. Жалпы тіркелген қылмыс санының 22,7 пайызын ауыр және аса ауыр қылмыс құрайды. Қылмыстың жоғары индекс көрсеткіштерін Шығыс Қазақстан (132), Павлодар (130), Қостанай (109) облыстары және Алматы қаласы (117) құрайды.
Өткен уақыт аралығында тіркелген көрсеткіш қасақана кісі өлтіру 4,7 пайызға азайған, сонымен қатар, әр төртінші кісі өлтіру отбасы, тұрмыс жағдайында кездеседі. Жалпы қылмыстық істі ашу көрсеткіші 63,4 пайызды құрайды (61). Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Батыс және аймақтық көлік орталықтары бойынша қылмыстық істі ашу пайызы нашарлаған. Өндіріспен қылмыс жайлы1056 қылмыстық іс тоқтатылды.
2021 жылы бұлтартпау шаралары анықталған 8364 кісіге, оның ішінде 2972 ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға сот және тергеу, анықтау органдарымен іздестіру жүргізілген. Құқықтық әрекет нәтижесінде 25 қылмыстық іс тоқтатылған, оның ішінде алтауы - Алматы қаласы, бесеуі - әскери басқарма, төртеуі - Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола және Қарағанды облыстарынан үшеуден және Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан біреуден.
...