ҚР салық жүйесінің қалыптасу және реформалану кезеңдері
Автор: Ерсултан Нурымбетов • Февраль 22, 2023 • Курсовая работа • 11,700 Слов (47 Страниц) • 173 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ
Экономика факультеті
«Қаржы» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Салық және салық салу» пәні бойынша
Тақырыбы: «ҚР салық жүйесінің қалыптасу және
реформалану кезеңдері»
Орындаған:
Қабылдаған:
э.ғ.д., профессор
Нұр – Сұлтан, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
- САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ .......................................4
- Салық жүйесі туралы түсінік және оның құрылымы ....................................4
- Салық жүйесін құру қағидалары ...................................................................10
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері ..........................................................................................................11
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ..20
- Салық қызметі органдарының бақылау қызметіне талдау..........................20
- ҚР мемлекеттік бюджетіне 2018-2020 жылдар аралығындағы салықтық түсімдерді талдау.............................................................................................25
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ...........................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәселелері .....................29
3.2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің жетілдіру жолдары .......31
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі.Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90%. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесінің қалыптасу және реформалану кезеңдерімен таныстыру және оның жетілдіру жолдарын ұсыну. Бұл мақсатқа қол жеткізу келесі міндеттерді орындауды қажет етеді:
- салық жүйесінің мәні мен түрлерін анықтау, Қазақстандағы салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы;
- салық жүйесінің болашағы мен мәселелерін зерттеу.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы.
...