Әлеуметтік салықты төлеу және есептеу бойынша проблемаларын шешу жолдары
Автор: a.dinara90 • Май 9, 2018 • Курсовая работа • 12,373 Слов (50 Страниц) • 1,231 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
1 Әлеуметтік салықты төлеу және есептеу жүйесінің теориялық аспектілері | |
1.1 Әлеуметтiк салықтың пайда болу тарихы | 5 |
1.2 Әлеуметтiк салықтың экономикалық мәнi | 7 |
1.3 Шетел тәжірибесінде әлеуметтік салықты төлеу және есептеу ерекшеліктері | 11 |
2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік салықты төлеу және есептеу механизмі және жағдайын талдау | |
2.1 Әлеуметтік салықтың есептелуі және төленуі | 13 |
2.2 Бюджет кірістерін қалыптастырудағы әлеуметтік салықты төлеу және есептеу | 16 |
2.3 Ақмола облысы бойынша әлеуметтік салықтың түсу динамикасы | 21 |
3 Әлеуметтік салықты төлеу және есептеу бойынша проблемаларын шешу жолдары | 25 |
Қорытынды | 32 |
Қолданылған әдебиеттер | 34 |
Мазмұны
Кiрiспе
1 Әлеуметтiк салықтың теориялық аспектiлерi
1.1 Әлеуметтiк салықтың пайда болу алғышарттары
1.2 Әлеуметтiк салықтың экономикалық мәнi мен мазмұны
1.3 Шетелдiк тәжiрибеде әлеуметтік салықтың қолдану ерекшеліктері
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кiрiсін қалыптастырудағы әлеуметтiк салықтың рөлi
2.1 Әлеуметтік салықты есептеу механизмі мен төлеу тәртібі
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірісіндегі әлеуметтік салықтардың орны
2.3 Қостанай облысы бойынша әлеуметтiк салықтың түсуiне талдау
3 Әлеуметтiк салық салудағы проблемалар мен оларды жетiлдiру бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елбасының жолдауында «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі әзірленді және былтырғы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының Салық жүйесінде 1999 жылы пайда болғаннан бері елеулі өзгерістер әкелді. Оның ставкалары да және қолданылатын тәсілі де өзгеріске көп ұшырады.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті салықтар мен төлемдер Салық кодексінде және басқа да басылымдарда айқын жазылу тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындаудьң, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді [1].
Салықтар баршаға белгілі көптеген ғасырлар бойы қоғамның экономикалық базалық құрамы және мемлекеттің кірісін қалыптастырудың маңызды қаржылық құралы ретінде қолданылып келеді. Теориялық жағынан салық салу жүйесі - қоғамның әлеуметтік құрылымын танып білудің шартты жағдайы және объективті қажеттілігі.
Қоғамның даму процессінде әлеуметтік-экономикалық жүйедегі салықтардың атқаратын рөлі күн өткен сайын жаңа нысанға айнала отырып, артып келеді. Бұл әсіресе нарықтық қатынастардың қалыптасып дамуы жағдайындағы экономикадағы өрлеу кезеңдеріне тән нәрсе, өйткені салық салу жекелеген тұлғалардан бастап мемлекетке жеткенге дейін оның барлық деңгейіндегі әлеуметтік процесстерге әсер ете алатын бірден бір макроэкономикалық құрал болып табылады. Бұдан да басқа, халықаралық экономикалық қарым қатынастардың ұлғаюуына байланысты салық жүйесі белгілі бір жекелеген елдердің ішкі жұмысы болудан қалды. Осылайша, салық салудың бір жағынан шаруашылық байланыстарға терең бойлауы, екінші жағынан оның жалпылығы қазіргі кезде салықтардың атқаратын рөлінің жан-жақты қанат жаюына жағдай жасап отыр.
...