Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін заңды жауаптылық.
Автор: ShukakovaMoldir • Март 28, 2022 • Реферат • 376 Слов (2 Страниц) • 285 Просмотры
Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін заңды жауаптылық.
1-есеп
Табиғи ресурстарды пайдалану мақсатындағы ауыл шаруашылық кәсіпорнының қызметкері Б.Рахымов атты лауазымды тұлға жұмыс барысында қасақана түрде табиғатқа аса зиянын тигізетін, қоршаған ортаға ірі залал келтіретінін біле отырып, кәсіпорыннан шығатын қоқыстарды сыртқы аулаға тастап кетеді. Ол қалдықтардың тек табиғатқа қана емес , адам өмірінеде тигізетін зяны бар болатын. Кейіннен осы әрекеттің әсерінен табиғат ресурстарына айтарлықтай зян келтірілді және ауыл тұрғындарының денсаулығы да зиян шеккенін баяндай отырып, кәсіпорын үстіне арыз түсті.
Жауап: бұл қылмыс Қ.Р Қылмыстық құқық кодексінің 13- тарауының 324 – бабына сәкес жауапқа тартылады. Яғни белгілі лауазымынан екі жылға дейін айырылып, 3000АЕК айыппұл төлейді. Немесе, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі
2-есеп
Каспи теңізі маңындағы мұнай шығаратын кәсіпорынның кезекті ауысымдық жұмысында қызметкер Саматов байқаусызда сыртқа шығатын зянды қалдықты Каспи теңізіне ағызып жібереді. Алайда ол зянды қалдық Каспи теңізіне айтарлықтай зянын тигізеді. Суды ластап, құрамын өзгертіп, су ішінде мекендейтін балықтар дүниесіне ауқымды шығын әкеледі.Осы жағдайда экологиялық қылмыс қозғалады.
Жауап: ҚР Қылмыстық кодексінің 13- тарауының 330-бабына сәкес Саматовтың үстінен қылмыстық іс басталады. Лауазымынан екі жылға дейін айырылып, 3000АЕК айыппұл төлейді. Немесе, 3жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
3-есеп.
Рахат шоколад шығаратын зауыт фабрикасының бас техник Н.Галымов фабрикадан шығатын лас ауаны қалаға еш өңдеусіз сыртқа шығатын тетікті абайсызда басып, қала атмосферасын ластап жібереді.
Жауап: бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 13- тарауының 329-бабына сәкес Н.Галымов үстінен қылмыстық іс басталады. Лауазымынан екі жылға дейін айырылып, 3000АЕК айыппұл төлейді. Немесе, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
...