Заңды тұлғаны тарату тәртібі
Автор: tolkinka2000 • Январь 20, 2018 • Курсовая работа • 7,936 Слов (32 Страниц) • 1,452 Просмотры
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... .... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1. Заңды тұлға туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 -5
1.1 Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... …… 6-8
1.2 Заңды тұлғаның атауы және тұрған жерi …………………………. 9-10
2. Заңды тұлға түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... …11-12
2.1 Шаруашылық серіктестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... ... ... ... ... ... ... … 13-14
2.2 Акционерлік қоғам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-16
2.3 Өндірістік кооператив... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...17-18
3. Заңды тұлғаны тарату тәртібі………… ………………………………19-20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... … … … .. … … … … … … … ... ... ... .21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
КІРІСПЕ
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясынан көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессор С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық — құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы,азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.Сонымен жоғарыда айтылып кеткендей заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33 бабының 1 тармағының 1 бөлімінде баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.
Мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшы ларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар». 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз. АК-тің 35 бабының 1 тармағы жекелеген қызмет түрлерімен шұғылдануға шектеу мүмкіндігіне заңнамалық актілермен, сол сияқты құрылтай құжаттарымен жол берілетініне назар аударған жөн. Соңғысы заңды тұлғаның қатысушыларының өзі осы жоғарғы органмен тиісті шешім қабылдау арқылы (сонымен бірге құру кезінде, сол сияқты қызмет барысында – құрылтай құжаттарына өзгертуле енгізумен) әмбебап құқық қабілеттілігін арнау етіп өзгіртуі мүмкін. К.В. Мукашева атап өткендей, «мұндай шектеулер не аталмыш заңды тұлға үшін рұқсат етілетін қызмет түрлерінің жеткілікті тізімін белгілеу жолымен, не оның қаңдай да бір түрімен жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу жолымен белгіленуі мүмкін».Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің әр қилы салаларының субьектісі болғандықтан, оның құқық субьектілігіне көп салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек, азаматтық және өзге де құқық субьектіліктің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық субъектілігін білуге болады.
...