Заңды тұлғаның атауы және белгілері
Автор: Zhenis7Zhenis • Июнь 13, 2018 • Курсовая работа • 19,662 Слов (79 Страниц) • 1,105 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе --------------------------------------------------------------------3
1 Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі----------------------------------- 5
1.1 Заңды тұлға ұғымы және құқық субъектілігі------------------- 5
1.2 Заңды тұлғаның құрылуы, қайта құрылуы және таратылуы --------------------------------------------------------------------15
1.3 Заңды тұлғаның түрлері мен ұйымдық – құқықтық нысандары-------------------------------------------------------------------- 27
2 Заңды тұлғаның атауы және белгілері ---------------------------47
2.1 Заңды тұлғаның атауы--------------------------------------------47
2.2 Заңды тұлғаның белгілері----------------------------------------54
Қорытынды------------------------------------------------------------ 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------- 60
Кіріспе
«Заңгердің қалыптасуы тек азаматтық
құқықты оқумен қамтамасыз етіледі»
Рене Давид
Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылым және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары – заңды тұлғалардың мәнін түсінуге өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бұл шаралар өсіп – есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет» деп атап өтті.
Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі – жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.
Заңды тұлғаның құрылымының өзін, оның ұғымын, белгілерін, осы феноменның даму тарихын, сол сияқты ұйымның жекелеген нысандарының құқықтық жағдайын зерделеуге, шын мәнінде, әрі ғылыми-теориялық, сол сияқты оқу қолданбалы, кешенді әрі арнаулы кең көлемді еңбектер арналған.
Дипломдық жұмыстын жалпы мақсаты заңды тұлғаның түсінігін және белгілерін ашып түсіндіру. Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде мен, заңды тұлғаның ұғымы, құқық субъектілігі, заңды тұлғаны құру (құрылуы, қайта құрылуы және таратылуы) және түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысанына тоқталып өттім. Сонымен бірге материалдардың жүйелілігі, негізінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі баптардың орналасу тәртібіне сәйкес келеді. Ал екінші бөлімінде заңды тұлғаның атауы мен белгілерінің ерекшеліктерін қарастыру жоспарлануда. Қазақстанда бұл мәселелерге Басин Ю.Г., Грешников И.П., Диденко А.Г., Жакенов В.А., Жанайдаров И.У., Климкин С.И., Маметова Р.А., Мукашева К.В., Мұханова А.А., Покровский Б.В., Сүлейменов М.К., Ташмұхамбетова Ш.Ж., Худяков А.И және басқа авторлар өз еңбектерін арнаған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мен, Басин Ю.Г., Грешников И.П., Климкин С.И., Мукашева К.В., Мұханова А.А., Сүлейменов М.К., сияқты авторлардың еңбегін пайдаландым.
Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен (екі тараудан), қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.
1 Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі
1.1 Заңды тұлға ұғымы және құқық субъектілігі
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабының 1тармағының 1бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз.
...