Оқу тәжірибесі
Автор: Roseanna • Декабрь 20, 2020 • Контрольная работа • 6,686 Слов (27 Страниц) • 347 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
[pic 1]
ЕСЕП БЕРУ
Тақырыбы: Оқу тәжірибесі
Тобы: МенМар 3-1
Студент: Нурдан Н.
Практика жетекшісі: Демир Р. Б.
_____________________________________
Алматы 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе...................................................................................................................3
1.1.Техникалық қауіпсіздік ережесі.......................................................................4
2. Қызметкерлерді басқару......................................................................................6
2.1. Қызметкерлер және ұйым.................................................................................6
2.2. Кадрлық саясат және кадрлік қызмет..............................................................9
2.3. Ұйымдағы кадрлық құрамның қалыптасуы..................................................11
2.4. Қызметкерлердің бағасы мен аттестациясы.................................................14
2.5. Ынталандыру артықшылықтарының диагностикасы..................................18
3. Саладағы кәсіпорын экономикасы...................................................................21
3.1.Бизнес жоспар құру..........................................................................................21
3.2. Бизнес-жоспар құру және оның жеке көрсеткіштеріне есеп беру...............25
3.3. Ұйымның технико-экономикалық көрсеткіштерінің есебі.........................26
4. Қорытынды.........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31
Кіріспе
Практика оқу орынының ең маңызды кезеңі болып табылады. Практика студенттердің теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар студенттер өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, мамандығымен танысады. Оқу практикасының мақсаты негізгі құзіреттіліктерді шоғырландыру, оқытылатын мамандық бойынша практикалық дағдылар мен кәсіптік іс-тәжірибе жинақтау, сонымен қатар практика туралы есеп және болашақ дипломдық жұмыс үшін материалдар жинау болып табылады. Оқу практикасы өндірістік практиканың алдында болады, оны өтудің дайындау сатысы ретінде кіші курстарда өтіледі. Бұл оқу практикасында қарастырылатын негізгі бөлімдер – қызметкерлерді басқару және саладағы кәсіпорын экономикасы. Қызметкерлерді басқару бөлімінде ұйымдағы қызметкерлерді басқару, кадрлық саясат, қызметкерлерді бағалау, аттестациялау және т.б. тақырыптар негізделіп, қарастырылады. Ал, саладағы кәсіпорын экономикасы бөлімінде біз бизнес жоспарға қатысты тақырыпшаларды қарастыратын боламыз. Оқу практикасы - жоғары оқу орындарында студенттердің алған ғылыми-теориялық білімдерін тереңдету мен бекіту мақсатында жүргізіледі және тәжірибелік және зерттеу жұмыстарының дағдыларын ендіру.
1.1. Техника қауіпсіздік ережелері
Еңбекті қорғау – заңдар актілерінің, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық техникалық, гигиеналық және емдік, аурудың алдын алу іс-шараларының, сонымен бірге еңбек үдерісі барысында адам өмірінің қауіпсіздігінің, оның денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтау жүйесі.Қауіпсіздік техникасы – қауіпті өндірістік аймақтарда немесе факторларда жұмыс істеуге келтірілетін зияндардың алдын алатын ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдыр. ДЭЕМ-мен жұмыс істеген бөлмеде температура артады, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендейді. Сондықтан микроклиматтың келесі параметрлерін қадағалап отыру керек: ауаның температурасы 18°C-21°C арасында; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-62%; ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1м/с кем болуы керек. Ауа райына байланысты бөлмені желдетіп отыру керек, ұзақтығы 10 минуттан кем емес болуы керек. Есептеу техникасын қолдану бойынша нұсқаулар: тірек-қозғалыс аппараттары, көз, тері аурулары сырқаттары бар қызметкерлер, әсіресе аяғы ауыр әйелдер ДЭЕМ-мен жұмыс істеулеріне шек қою қажет;жоғары ажыратқыш қабілеті бар және экран өлшемі 14» (hi-resolution, non-interlaced) дисплейлер қолдану қажет;жоғары ажыратқыш қабілеті бар және кадрлік жиілігі 70~72гц арасында болатын бейнеадаптерді таңдау қажет;көздің шаршауын болдырмау, экран мониторын шаң-тозаңдардан қорғау үшін дислейге антистатикалық қабаты бар экрандар орнату қажет;экраннан 70 см қашықтықтан кем емес қашықтықта отыру қажет;дисплей экраны тура түскен жарықты шағылдырмайтындай орналасуы керек;дисплей жарық көзіне тым жақын немесе оның үстінде орналаспауы қажет;оператордың жұмыс орнының жарықталынуы бөлме жарықтануының 2/3 мөлшерінен артық болмауы қажет;дисплейдің артқы жағының жарықталынуы да экранның жарықталынуындай болуы керек; бір бөлмеде бірнеше ДЭЕМ болған жағдайда, әрбір оператордың жұмыс орнының көрші компьютердің артқы жағы мен бүйір қабырғаларының арасы 1,2 м-ден кем болмауы керек; жұмыс орны жұмыс істеуге ыңғайлы болуы керек; дисплеймен жұмыс істеу уақыты оператордың жалпы жұмыс уақыты 50%-н артпау керек; жұмыс жылдамдығы сағатына пернені 10 мың рет (1500 сөз) басу, осы мөлшерден арттырмау керек; компьютермен жұмыс істеген кезде әрбір 2 сағаттан кейін 15 минуттық үзіліс, ал ұзақ істегенде – әрбір бір сағат сайын үзіліс жасау керек.Компьютер жұмысының қауіпсіздігі үшін электр желісінде авария болған жағдайда үзіліссіз кернеумен қоректендіретін қоректену көзі болуы керек. Сонда компьютерде сақталған, өте маңызды мәліметтер жоғалмайды. Жүйелік блоктың артқы бөлігін қабырғаға өте жақын қоюға болмайды, себебі ол жүйелік блоктың «ауыр» салқындалуына немесе қызуына әкеліп соғады. Сол сияқты, дисплей үстіне қағаз, кітап және т.б. оның желдеткішін жауып қоятын нәрселерді қоюға болмайды. Бөлмеде тиімді шаң-тозаң режимін ұстап отыру керек. Қандай да бір иіс пайда болған кезде бірден жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру керек. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған маңызды жалпы мемлекеттік проблемалардың, республика халқының денсаулығын нығайту, оның тіршілік сапасы мен деңгейін арттыру, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау шараларын жетілдіру мәселелерінің сәтті шешілуі мемлекеттік органдардың да, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің де өзара әрекеттестігі мен ортақ күш салуы арқасында жүзеге асырылатынын айтуға болады.
...