Оқу тәжірибесі «RG Brands» АҚ
Автор: Zoya Umirzak • Март 10, 2020 • Отчет по практике • 20,474 Слов (82 Страниц) • 559 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
[pic 1] | |
0518000 «Есеп және Аудит» мамандығы |
2019 оқу жылына арналған
Оқу тәжірибесі
«RG Brands» АҚ
Оқытушы | Қамытбекова Эльмира Жарқынбековна |
Студент | Умирзак Зоя Махсетқызы |
Курс | 2 |
Семестр | 4 |
Алматы 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
- ҰЙЫМ ЭКОНОМИКАСЫ..............................................................................5
- Кәсіпорын ұйымының құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі......................................................5
- Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау..............................................8
- Негізгі және айналым капиталы....................................................................20
- ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП.......................................................................................27
- Ұйымның есеп саясаты..................................................................................27
- Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі............................................28
- Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі............35
- ТМҚ есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі...............................45
- АУДИТ...............................................................................................................48
- Аудиторлық фирма жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы. Аудиторлық қызмет міндеттері...........................................................................48
- Аудитті өткізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері.................52
- Ұзақ мерзімді активтер аудиті......................................................................60
- САЛЫҚ.............................................................................................................65
- Корпоративтік табыс салығын есептеу........................................................65
- Қосымша құн салығын есептеу.....................................................................70
- Мүлік салығын есептеу..................................................................................75
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................80
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
КІРІСПЕ
Мен, Умирзак Зоя оқу тәжірибесінен оқу бағдарламасына сәйкес «Ұйым экономикасы», «Қаржылық есеп», «Аудит», «Салық және салық салу» пәндері, Есеп және Аудит мамандығы бойынша 13 мамыр – 14 маусым 2019-жыл аралығында өттім. Оқу тәжірибесі бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 0518000–«Есеп және Аудит» (салалары бойынша) мамандығы бойынша дайындалды. Оқу тәжірибесін кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары арасында жасалған келісімшарттар негізінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы кәсіпорында өткізу орынды. Сәйкесінше мен «RG Brands» АҚ-мен оқу тәжірибесінде таныстым.
«RG Brands» АҚ Казақстандағы сусындар мен азық-түлік саласындағы озық компания. 1994-жылы негізін қалаған «RG Brands» компаниясының бүгінгі таңда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде жалпы қуаты жылына 750 миллион литрді құрайтын 4 өндірістік алаңы бар.
«RG Brands» күшті брендтер шоғырын өндіреді және барлық бизнес сегменттерінде жетекші нарықтық орындарды алады. Сауда бойынша ауқымды жалпы ұлттық жеке платформасы мен тікелей сатудың жоғары үлесті дистрибуциясы компанияға алдыңғы қатарлы позицияларды мықты ұстауға мүмкіндік береді. Орта Азиядағы 21 га аумақты алып жатқан алдыңғы қатарлы және заманауи зауыттардың бірі – «Ақсеңгір» өндірістік-логистикалық орталығы Компания мақтанышы болып табылады. «RG Brands» шамамен 2000 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қызметкерлер командасында жергілікті дарындар да, таяу және қиыр шетелден келген білікті мамандар да бар. Зауыт жұмысшыларының ұраны: «Әркімнің жоғары сапалы жұмысынан – ұжымның жоғары тиімді еңбегін дейін». 18 сауда филиалдары Қазақстанның ең ірі қалаларында орналасқан: Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент, сондай-ақ Бішкек (Қырғызстан) және Ташкент (Өзбекістан).
...