Шет елдерде баға белгілеу және бағаларды реттеу тәжірибесі
Автор: Dina Meiramgaliyeva • Май 9, 2018 • Эссе • 1,067 Слов (5 Страниц) • 1,150 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
ЭССЕ
Тақырыбы: Шет елдерде баға белгілеу және бағаларды
реттеу тәжірибесі
Орындаған: Мейрамғалиева Д.А.
ТУР-33 тобы
Тексерген: Жолжанова Н.Т.
Астана, 2017 ж.
Шет елдерде баға белгілеу және бағаларды
реттеу тәжірибесі
Шет елдердегі баға белгілеу тәжірибесі арқылы оның сипаты мен үрдістерін біле отырып, өз еліміздің баға белгілеу механизмі нарығында қолданып, экономикамызды арттыруға мүмкіндік береді. Тарихи даму жолында экономика көптеген өзгерістерге ұшырады. Еркін нарықтың орнына ұйымдастырылған нарық пайда болды. Құбылмалы экономикалы көптеген шетелдік мемлекеттер ортақ жоспар ретінде белгілі бір баға белгілеу стратегиясын ұстанады. Бұл жоспарлар белгілі бір құқықтық актілер жүзінде іске асырылады.
Баға белгілеудің методологиялық аспектілері дамыған елдерде мемлекеттік органдардың ортақ принциптеріне негізделіп, баға белгілеудің әдістері мен нормативтеріне сүйеніп жасалады. Мемлекеттік органдар стратегиялық және тактикалық сұрақтарды шешіп қана қоймай, нақты бағалардың функциясын тұрақтандырады. Олар елдің ұлттық экономикасына маңызды рөл атқарады.
Мемлекеттік органдар бағаларды белгілей және реттей отырып нарықтағы бағаларға қатаң бақылау жасайды. Аралас экномикалы дамыған елдерде баға белгілеу жалпы көлемі шығарылған тауардың 10-30% құрайды. Мемлекеттік баға белгілеудің әдіс-тәсілдеріне көптеген факторлар әсер етеді (ұлттық, климаттық, шикізттық, саяси), сонымен қатар, елдің әлемдік еңбек бөлінісінде алынатын орны әсер етеді.
Заманауи нарықтық шаруашылықты белсенді экономикасыз елесету мүмкін емес. Дамыған шетелдердің көбінде баға белгілеуге мемлекет өз ықпалын тигізеді.
Заманауи бағаларды мемлеттік реттеу шетелдере қарама қайшы келеді. Біріншіден, мемлекеттік институттар инфляцияны ұстауға тырысады, алайда инфляция ішкі және сыртқы экономикалық процесстерге жағымсыз әсерін тигізеді. Екіншіден, үлкен компаниялардың қызығушылығын білдіре отырып, мемлекет әр түрлі жолдармен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен, экономиканың тұрақты дамуы үшін мемлекет әр түрлі құқықтық, әкімшілік және қаржылық шаралар арқылы бағаға әсерін тигізеді.
Мемлекеттік реттеу тікелей және жанама әсер ету арқылы бағаны қалыптастырады. Бұл әсер ету формалары тікелей мемлекеттің экономикалық дамуына, ұлттық дәстүріне, саяси шарттарға, шикізат көздерінің қорына, әлемдік еңбек бөлінісінде алатын орнына байланысты болып келеді.
Алайда дамыған мемлекеттер жанама әсер ету әдісін пайдалана отырып, олар бағалардың өзіне емес, бағаны қалыптастыратын факторларға әсер ету арқылы бағаны реттеп отырады. Мысалы, жиынтық сұранысқа салықтық, несиелік, саяси валюта, сонымен қоса, ақшы эмиссиясы көмегімен әсер етеді.
Нарықтық қатынысқа ауысқан кездегі экономикалық кризистік кезең Батыс Еуропа елдерінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі аралықты қамтиды. Осы елдердің тәжірибесі арқылы байқайтынымыз әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға өтудің мүмкін еместігі. Ұзақ уақытқа дейін созылған өтімділік кезеңі қажет, бұл мемлекеттік реттеумен қоса еркін баға белгілеу арасында жүзеге асырылады. Батыс Еуропа елдерінде баға либерализация мен табысы шамамен 40 жыл бойы жүзеге асырылды.
Шет елдердегі баға белгілеу принциптері негізделеді:
- Утилитаризм, яғни, экономикалық басқару қызметіне негізделе отырып, қоғамдық пайдалылық әр жеке тұлғаға пайдасын тигізеді;
- Эгалитаризм, яғни, басқару қызметіне негізделе отырып, барлық қоғам мүшесі арасында әділетті болуы;
- Нарықтық қатынастардың дамуы мен өсуі;
- Әділ және қоғамға сай бәсекелестерге жағдай жасалуы;
- Тауарлар мен қызметтерді еркін орналастыруға жағдай жасау;
- Қаржылық қызметке қауіпсіздік орнату;
- Жеке, мемлекеттік, муниципиалды, акционерлік және тағы басқа меншікке қорғау жасау;
- Инфляциялық процестен шығу;
- Халықтың экономикалық және қоғамдық қауіпсіздігін қамту.
[pic 1]
Мысалы, АҚШ-тағы баға белгілеу әдістеріне тоқталатын болсақ, АҚШ бүгінде өзін мемлекеттік қаржыландырудан және тікелей реттеуден шектей отырып, көбінесе бағаларды жанама реттеуге көңіл бөледі, сондай-ақ жалпы мемлекеттің экономикалық жағдайын жақсартуға тырысады. Тікелей реттеу АҚШ-та тек жоғары монополизацияланған салада ғана жүргізіледі. Солай, арнайы комиссиялар электроэнергия мен кейбір коммуналдық қыметтерге тариф орнатады. Жалпы мемлекет ауылшаруашылығы мен өнімдердің арасында байланысты сақтап тұруға ұмтылады.
...