Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ипотекалық несие беру дамуының дүниежүзілік тәжірибесі және оны Қазақстанда жетілдру стратегиясы

Автор:   •  Май 17, 2019  •  Дипломная работа  •  5,068 Слов (21 Страниц)  •  748 Просмотры

Страница 1 из 21

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1  Қолжетімді тұрғын үй бағдарламасының негізгі түсінігі

1.1 Тұрғын үй құрылыс кешенін  қалыптастыру және дамытудың теориялық негіздері

1.2 Ипотекалық несилендіру жүйесі:  ұғымы, бағыттары, түрлері

1.3. Ипотекалық несиелендірудің  Қазақстанда  дамуының рөлі мен  алғы-шарттары

2 Тұрғын үй құрылыс кешенінің қазіргі жағдайы және даму барысына талдау

2.1 Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй

2.2 Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер

2.3 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үй салуына талдау жасау

3 ҚАЗАҚСТАНДА«ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ  ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3. 1Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың басқа бағыттары

3.2 Ипотекалық несиелеу кезіндегі жеке тұлғалардың несиелік қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру мәселелері

3.3  Ипотекалық несие беру дамуының дүниежүзілік тәжірибесі және оны Қазақстанда жетілдру стратегиясы  

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында Үкімет қабылдап, бекіткен «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының мақсатты индикаторына сәйкес 2013 жылы бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 6,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс.

Қазір осы үндеуден шығу үшін жергілікті әкімдіктер дағдарыс кезеңінде тұралап қалған тұрғын үй құрылысын қайта жандандырып, бел шеше іске кіріскен  болатын.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары ішінде тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылды және жалпыұлттық сипаттағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Қазіргі кезде тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің қалыптасуы мемлекеттің тұрғын үй саясатының жаңа оңтайлы бағыты болып табылады.. Елбасының жоғарыда айтып кеткендей ипотекалық несиені әлі де экономикалық нарықтың басты бір құралы ретінде қарастыру қажет болып табылады. «Қолжетімді баспана– 2020» бағдарламасының іске қосылғанына көп уақыт өте қоймаса да өткен жылы оның алғашқы қатысушылары – бағдарламаның екі маңызды бағытын іске асырғалы отырған

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бірқатар салымшылары қоныс тойын тойлап үлгерді. Желтоқсан айының басында толық әрлеуден өткен немесе әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 1573 пәтер пайдалануға берілді. Тағы 6000-нан астам пәтер салынып жатыр. Оған 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаржыландырудың барлық көздері арқылы 281,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жолдауда айтылған міндеттерді толығымен орындау үшін ұзақ мерзімге жалға беру, одан кейін сатып алудың екі түрлі жолын қарастыру керек екені айтылған.

 Қаражаты мен мүмкіншілігі барлар жалдау ақысын төлеп, кейіннен үйді өздеріне сатып алады. Ал мүмкіндігі жоқтар жағдайы келгенше ұзақ мерзімді жалға ұстай бермек. Сәтін салса, 2020 жылға дейін бірінші бағыт бойынша 2,9 млн шаршы метр немесе 49 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Екінші бағыт бойынша аталған мерзім ішінде іске қосылатын тұрғын үй көлемі 1,5 млн шаршы метрден асады, яғни, 25 000-ға тарта отбасы баспаналы болады .

Қазіргі таңда Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен әкімдіктер арасында жалпы көлемі 529 мың шаршы метрден асатын 110 тұрғын үйдегі 8 021 пәтердің құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы 74 келісім жасалды.

Сол сияқты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Еліміздің дамудағы жаңа серпін жасау қарсаңындағы 2013 жылғы Жолдауындағы «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының мақсатты «...Ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша тұрғын үй сатып алуға табысы жетпейтін азаматтар үшін тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін одан әрі дамыту керек...»,-дегеніндей, бұл халқымыз үшін өзекті мәселе, негізгі міндет болып табылады.

Экономиканың салалық құрылымы мен өндірістік кешендерді басқару тетіктерінің өзгеруі, тұрғын үй құрылыс өнімдерін пайдалану төңірегіндегі қоғамдық көзқарастың өзгеруі және тұрғын үй құрылысы кешеніне байланысты басқа да мәселелердің барлығы мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет етеді.

...

Скачать:   txt (63.1 Kb)   pdf (254.7 Kb)   docx (33.7 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club