Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономиканы мемлекеттік реттеу және басқаруда бағдарламалық-мақсатты ұстанымды қолдану тәжірибесі және болашағы

Автор:   •  Май 25, 2021  •  Курсовая работа  •  24,382 Слов (98 Страниц)  •  344 Просмотры

Страница 1 из 98

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр. Дамушы елдерді мүлдем өзге проблема – сапалық тұрғыдан жаңа инновациялық негізде ұзақ мерзімді тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуді мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты ретінде белгілеу ойландыруда. Экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатудың, қоғамның тұрақты дамуы үшін материалдық базаны қалыптастырудың негізі болуға, сондай-ақ дамыған елдермен қатар, дамушы елдердің әлемдік шаруашылық процестерге теңдей қатысуына кепілдік беруге тиіс.

Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасы ғаламдық дағдарыстың салдарын еңсеру проблемасын шешуде. Соңғы жылдары елімізде байқалған экономикалық өсу дүниежүзілік шикізат нарықтарының конъюнктурасына негізделді. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының жоғары қарқынмен өсуінің шамамен 90% дүниежүзілік шикізат нарықтарында қалыптасқан қолайлы баға конъюнктурасы негізінде қол жеткізілген. Сондықтан ЖІӨ-нің құрылымында негізінен өндіруші саланың, сауда-делдалдық қызметтердің, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың, өнеркәсіптің үлесі басым болып отыр. ЖІӨ-нің құрылымында қызметтердің үлесі айтарлықтай үлкен емес, бұл орайда көлік және байланыс саласында теріс динамика байқалуда, ал шамадан тыс ұлғайтылған қаржы секторы материалдық түпкі макроэкономикалық нәтижелерде қандай да болмасын қомақты роль атқармайды, мұндай жағдай экономикалық өсу проблемасын, ұлттық экономика дамуының баламалы факторларын кешенді зерттеудің өзектілігін арттырып отыр.

Зерттеу пәні Экономиканы мемлекеттік реттеу және басқаруда бағдарламалық-мақсатты ұстанымды қолдану тәжірибесі және болашағы болып табылады.

Жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономиканы реттеу жіне басқару институттары.    

Зерттеу жұмысының мақсаты – Экономиканы мемлекеттік реттеу және басқаруда бағдарламалық-мақсатты ұстанымды қолдану тәжірибесін анықтау және осы бағытта ғылыми негізделген іс-шараларды ұсыну.

Осы мақсатқа сәйкес, келесідей міндеттер белгіленді:

- экономиканы мемлекеттік реттеудің типтері, маңыздылығы мәселелеріне тоқталу;

- әлеуметтік-экономикалық процесті модельдеу перспективасы деңгейін бағалау;

- экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару жүйесін тұрақтандыру жағдайы дамуына байланысты тұжырымдар жасалып, тиімділігі негізделді.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық министрлігінің, Статистика агенттігінің ақпараттық мәліметтері, Қазақстан  Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, заңдық және нормативтік құжаттар, отандық және шетел  экономист-ғалымдардың еңбектері, экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты мәліметтері  және басқа да көздер  пайдаланылды. 

Тақырыптың ғылыми зерттелуі. Экономиканы мемлекеттік реттеу және басқаруда әдістемелік сұрақтары отандық авторлардың жұмыстарында көрініс тапты: Дюсембаев, К.К. Кеулімжаев, М.С. В.К. Радостовец, С.С. Сатыбалдин, К.Ш. Ержанов, Ф.С. Сейдахметова, Ж.С. Толпаков, Ф.С. Кокенова, Ә.Ә Әбдіманапов А.А. Галымжанов, К.Т. Тайғашинова және тағы басқалар.          

Зерттеу барысында ғылыми жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды: экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері талданып, экономиканы мемлекеттік реттеудің және басқаруда бағдарламалық-мақсатты ұстанымды қолдану тәжірибесі жаңғырту бойынша жеке ұсыныстар жасақталды.

...

Скачать:   txt (357 Kb)   pdf (624.3 Kb)   docx (136.3 Kb)  
Продолжить читать еще 97 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club