Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері

Автор:   •  Декабрь 1, 2023  •  Реферат  •  1,131 Слов (5 Страниц)  •  118 Просмотры

Страница 1 из 5

"Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері"

         Қазіргі жаһандану дәуірінде менеджмент қоғамдық даму жүйесіндегі өзіндік орны бар ғылым саласына айналып отыр. "Менеджмент" сөзін күнделікті өмірде жиі ести бермейміз. Сол себепті де болар, сөз болып отырған ғылым саласы төңірегінде сауалдар қойылған кезде абдырап қалатынымыз бар. Бұл заңды құбылыс. Тіпті қандай ғылым саласы екендігін, атқаратын қызметі мен ерекшелігін білетін жандар қатары саусақпен санарлық. Газет-журналдар, әлеуметтік желілер бетінде бір-екі рет көзіміздің шалып қалғаны болмаса, үңіліп, зерделеп көрмегеніміз рас. Ендеше, менеджмент саласының ерекшелігі мен басқа ғылымдардан өзгешелігіне көз жүгіртейік.                                                          

Менеджмент бірден ғылым саласы ретінде қалыптасып кеткен жоқ. Ал оның ғылым саласы ретіндегі ерекшеліктерін бір-екі ауыз сөзбен айтып, қорытынды шығару мүмкін емес. Менеджмент сауда мен өндіріске сенімділік пен кәсіптік бағдар беріп,  өнімді шешім шығаруына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар жоспарға сүйеніп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, мақсатқа жетуді көздейді. Бұл ұзақ жылдар мен өзгерістердің, тың идеялардың арқасында қалыптасқан ұғым. Оның үстіне Қазақстанда әлі де бұл ғылым саласының кең тарала қоймағандығы баршамызға мәлім. Десе де, әлем бойынша кең құлаш жайып отырған ғылым саласы екендігіне дауым жоқ. Сала төңірегі бір ғана қызметті қамтып қана қоймай, бірнеше ғылым саласының өркендеуіне, экономикалық әлеуетіміздің жоғарылауына септігін тигізу үстінде. Алғаш шетел инженерінің "өндірісті ғылым тұрғысынан алып, басқаруға болады" деген тұжырымынан кейін менеджмент ғылым саласы ретінде дүниежүзі халықтары арасында кең таралып кетті.

Менеджменттің басты ерекшелігі деп жеке де, ұйымда да екі түрлі қызметті атқара алуын айта аламыз.  Қандай да бір фирма, өндіріс орны табысқа, жетістікке жетуді көздеген жағдайда менеджмент жеке адамның бейімділігін талап етеді. Менің ойымша,  сала басты үш қағиданы негізге алады.  Ол- "құру, басқару, жету". Менеджмент өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайтуды көздейді. Менеджментті көбіне "басқару" деп пайдаланған тиімдірек. Кәсіпкерлікті "белгілі бір өнімді шығыру, сату, пайда табу" деп қарастыратын болсақ, басқаруды білмейтін кәсіпкер сәтсіздікке ұшырайды деп түсінгеніміз абзал. Шын туайтына келгенде де дәл солай. Яғни, басқару мен қадағалау болмаған жерде ілгерілеу болмайды.Менеджмент мемлекеттік басқару  ретінде қарастырылмайды, себебі бүгінгі күнде ғылым саласы ретінде орныққан. Менеджментке ғылым саласы ретінде қарауымызға толықтай негіз бар. Себебі, қазіргі таңда бұл сала мақсат қою, жоспарлау, саясатты қалыптастыру сынды бірқатар ерекшеліктерге ие. Осы айтылған ерекшеліктер мен қағидаларды ережеге сай дұрыстап, бейімдеп, мәлім етсе біздің мемлекетімізде де сөз етіп отырған ғылым саласының өркендейтініне күмәнім жоқ. Менеджменттің ғылым саласы болып қалыптасқаннан кейінгі түпкілікті мақсаты – өндірістік процесті ұтымды ұйымдастыра отырып, оның ішінде өндірісті басқару және техникалық-технологиялық базаны дамыту арқылы кәсіпорын қызметінде толықтай қамтамасыз ету. Сондай-ақ қатар келген еңбек ресурстарын жақсарту кезінде адам ресурстарын тиімді пайдалану. Әрбір қызметкердің дағдыларын, шығармашылығы мен адалдығын басты орынға қоя білу[1]. Ең қызығы менеджменттің ғылым ретінде сараланып, бір жүйеге келтірілуі тек жиырмасыншы ғасырдың ортасында ғана қолға алынып, ілгерілей бастады. Менеджмент көлемді ғылым саласы ретінде өзінің бар бағыт-бағдарын еңбекті басқару бөлімдерін түсіндіруге, ондағы себеп-салдар арасындағы байланысты орнатуға арнайды. Бірлескен жұмыстарды негізге ала отырып, пайдалы әрі тиімді болып табылатын факторлар мен шарттарды анықтауға бағытталады.
Менеджменттің ғылым ретінде дамуының маңызының зор екендігі әу бастан-ақ теориялық тұрғыдан дәлелденіп қойған. Оған мысал Фредерек Тейлордың «Ғылыми менеджменттің принциптері» еңбегі десем, артық айтпағандығым болар. Аталмыш кітап жұмыс орындарын оңтайландыра отырып, өнімділіктің жоғарылату жолдарына негізделген болатын. Бұл басылыммен шектеліп қана қоймай, ғалымдар өз тарапынан зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл ғылым саласы ретінде әлемдік кеңістікке енді-енді еніп жатқан менеджмент саласының үлкен мүмкіндіктер мен жаңалықтар алып келетіндігінің бір белгісі еді. Ал нақты ХХІ ғасырдың бас кезіне үңілер болсақ, менеджменттің алты салаға бөлінгендігін аңғарамыз. Ол әрине, біріншіден ақпараттық-технологияларды басқару, екіншіден қаржылық, үшіншіден адам ресурстары, төртіншіден маркетингті басқару, бесіншіден өндірістік, алтыншыдан стратегиялық менеджмент болып бөлінеді. Десе де, бұл басқару жүйесі менеджмент секілді көлемді ғылым саласы үшін тиімсіздеу болды. Біз көп жағдайда менеджментке мысал ретінде өзге мемлекеттерді алып қарастырамыз. Елімізде, яғни Қазақстанда да менеджментке ғылым саласы ретінде арнаулы көңіл бөлетіндігін естен шығарып алғандаймыз.

...

Скачать:   txt (15 Kb)   pdf (76.4 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club