Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менеджментке кіріспе

Автор:   •  Сентябрь 29, 2022  •  Реферат  •  1,223 Слов (5 Страниц)  •  211 Просмотры

Страница 1 из 5

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Экономика және құқық факультеті

                               

                               [pic 1]

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Менеджментке кіріспе

Орындаған: Бауржанова К.Ж.  

Тексерген: Тлеубергенова М.А.

Ақтөбе 2022

Классикалық менеджмент көзқарасының алғашқы қолдаушылары ұйымдар мен жұмыс орындарын, шын мәнінде, механикалық тұрғыдан қарастырды; яғни олар ұйымдарды машиналар, ал жұмысшыларды сол машиналардың ішіндегі бұрандалар ретінде тұжырымдауға ұмтылды. Көптеген алғашқы зерттеушілер адамдар атқаратын рөлдерді мойындап, менеджерлер өз қызметкерлерінің мінез-құлқын бақылау және стандарттау жолдарын зерттеуге көңіл бөлді.

Мінез-құлық менеджменті көзқарасы жеке қарым-қатынастар мен мінез-құлыққа, топтық процестерге көбірек көңіл бөлді, сондай-ақ жұмыс орнындағы мінез-құлық процестерінің маңызын мойындады. Мінез-құлық менеджменті көзқарасы жеке қарым-қатынастар мен мінез-құлыққа, сондайақ топтық процестерге көбірек көңіл бөледі. Бұл көзқарасты бірқатар ізденушілер теориялық қозғалыстар ретінде алға тартты. Сол қозғалыстардың бірі – индустриалды психология, өнеркәсіптік жағдайларға психологиялық түсініктерді қолдану тәжірибесі. Неміс психологі Хьюго Мюнстерберг өнеркәсіптік психологияның негізгі өкілі ретінде 1892 жылы Гарвардта психологиялық лаборатория ұйымдастырды, ал оның «Психология және өнеркәсіптік тиімділік» атты жаңашыл кітабы 1913 жылы ағылшын тіліне аударылды. Мюнстерберг қызметкерлерді іріктеу және ынталандыру салаларында психологтар менеджерлер үшін бағалы үлес қосуы мүмкін деген ойды ұсынды.

Менеджменттегі мінез-құлық көзқарасының негізін қалаушылардың бірі – Мэри Паркер Фоллетт ғылыми менеджмент дәуірінде жұмыс істей отырып, жұмыс орнындағы адам элементінің маңызын түсінді. Шындығында, ол мінез-құлық менеджменті көзқарасын нақты жобалады, ұйымдардағы мінез-құлықтың рөлін түсіну қажеттігін жоғары бағалады. Мюнстерберг пен Фоллетт менеджменттегі мінез-құлық көзқарасының дамуына қомақты үлес қосқанымен, оның бастапқы катализаторы 1927 және 1932 жылдар арасында Чикагодағы Western Electric’s компаниясының Hawthorne зауытында жүргізілген бірқатар зерттеулер болды. General Electric компаниясының демеушілігімен жүргізілген зерттеуді Элтон Мэйо мен оның серіктестері жүзеге асырды. Алғашқы зерттеу қызметкерлердің жарықты өзгерткен және жарығы өзгермеген екі топтың өнімділігін салыстырудан тұрды. Таңғаларлығы – эксперименттік топ үшін жарық жақсартылған кезде, екі топта да өнімділік артқан. Эксперименттік топ үшін жарықты азайтқанда да екі топта да өнімділіктің өсуі жалғаса берді. Жарық ай сәулесінің деңгейіне дейін азайтылғанда ғана өнімділік төмендей бастады.

Бұл зерттеулерде Мэйо мен оның серіктестері жұмыс орнында адамның мінез-құлқы ертеректегі сенімдерге қарағанда әлдеқайда маңызды екенін дәлелдеді. Мысалы, жарық экспериментінің нәтижелері екі топқа бірінші рет ерекше назар аударып және ниеттестікпен қадағалау жүргізгендікпен байланысты болуы мүмкін.

Hawthorne зауытындағы зерттеулерден шыққан және менеджментте көптеген жылдар бойы танымал болған әдістеме – адами қарым-қатынас қозғалысы: жұмысшылар, ең алдымен, жұмыс орнының әлеуметтік жағдайына, оның ішінде әлеуметтік уағдаластық, топтық нормаларға және тұлғааралық әрекеттерге сай келеді деп ұйғарды. Адами қарым-қатынас қозғалысының негізгі көзқарасы менеджердің қызметкерлерге деген қамқорлығы қанағаттану деңгейін арттырады, бұл өз кезегінде өнімділікті жақсартады деген сенімге негізделді. Адами қарым-қатынас қозғалысын дамытуға көмектескен екі зерттеуші Абрахам Маслоу және Дуглас МакГрегор болды. 1943 жылы Маслоу адамдарды қажеттіліктер иерархиясы, оның ішінде ақшалай демеу және әлеуметтік қабылдау ынталандырады деген теорияны алға тартты.

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (97.3 Kb)   docx (21 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club