Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биохимияға кіріспе

Автор:   •  Март 2, 2019  •  Реферат  •  2,286 Слов (10 Страниц)  •  1,467 Просмотры

Страница 1 из 10

         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ТЕХНОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

   Реферат

                           Тақырыбы: Биохимияға кіріспе

                                        Орындаған: Асабаева Н. вет.мед 17-01

                                        Тексерген: Тәжібаева Қ.Ж

Астана 2019

Мазмұны

Кіріспе

3

  I

Негізгі бөлім

1.1 Биохимия

3

1.2 Биохимия ғылымының қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар

3

1.3 Ағзалардың химиялық құрамы

7

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

10


Биохимия  (биологиялық  химия)  –  тірі  ағзалардың  құрамына  кіретін  химиялық  табиғи  заттардың  құрылымын,  өзгерісін  жəне  тірі  материяда  болатын  химиялық  реакцияларды  молекулалық  деңгейде  зерттейтін  ғылым.  Сондықтан  да  биологиялық  химия-ны – тіршілік химиясы деп атайды.Биохимия үш бөлімнен тұрады:

Статикалық биохимия – ағзаның химиялық құрамына анализ жасайды;

Метаболиттік биохимия – ағзадағы энергия жəне зат алмасу-ын зерттейді;

Функционалды биохимия – тіршіліктің əртүрлі өзгерістерінің процестерін зерттейді.

Биохимия зерттеу түріне қарай шартты түрде жануарлар жəне адам  биохимиясы,  микроағзалар  биохимиясы  жəне  өсімдік  био-химиясы болып бөлінеді.Биохимия  өз  бетімен  ғылым  болып  XIX  ғасырдың  орта-сында  қалыптаса  бастады,  ал  ХХ  ғасырда  дербес  ғылым  болып  орнықты,  əсіресе,  соңғы  80  жыл  ішінде  биохимия  саласында  көптеген  жаңалықтар  ашылды,  ал  қазіргі  кезде  ол  молекулалық  жəне электрондық деңгейде дамып келеді. ХІХ  ғасырдың  басында  К.  Шееле  табиғат  өнімдерінен  гли-церинді, лимон, сүт, қымыздық жəне несеп қышқылдарын бөліп алды. И. Руэль адамның несебінде несеп нəрін, Ю. Либих – гип-пур, ал А. Маргграф фосфор қышқылдарын ашты. Өт құрамынан холестерин табылды. А. Маргграф қант қызылшасынан сахароза-ны анықтады. К. С. Кирхгоф 1814 ж. сұлы дəндерінің əсерінен крахмал дың қанттануы  ферментативті  процесс  екенін  жазды.  XIX  ғасырдың  ортасында   басқа   ферменттер   табылды:   сілекей   амилазасы,   асқазан сөлі - пепсин, ұйқы безінің сөлі - трипсин жəне т.б.

ХІХ  ғасырдың  50  жылдарында  зерттеу  əдістері  бір-бірімен  байланысты  болғандықтан,  физиология  биохимияға  жақындай  түсті. Заттардың химиялық табиғаты жөнінде ғылымда көптеген мəліметтер жиналды. Ю. Либих (1839 ж.) тірі ағзалардың негізгі заттары  –  белоктарды,  липидтерді,  көмірсуларды,  ал  Шеврель  (1832 ж.) майлардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеді. Метаболизм процестерін зерттеу 19 ғасырда басталды. Лавуазье  еңбектерінде  тыныс  алу  процестері  зерттеліп,  оттегінің  рөлі  көрсетілді.  Бұл  метаболизм  энергетикасын  зерттеуге  мүмкіндік  берді. XIX ғасырдың екінші жартысында орыс жəне шетел университеттерінің  медициналық  факультеттерінде  арнайы  медицина  кафедралары  ашылды.  Медициналық  химия  кафедраларын бірінші  рет  1863  ж.  Қазан  университетінде          А.  Я.  Данилевский,  ал  Мəскеу университетінде А. Д. Булыгинский ұйымдастырды. 20 ғасырда белоктар, липидтер, көмірсулар химиясы, метаболизм процестері, геном құрылысы мен функциясы зерттеліп, биохимияны фундаментальді ғылым қатарына қосты.   Соңғы  жылдары  тірі  ағзаларды  зерттеу  əдістері  көптеген  қағидалар мен фактілер жинағын толықтырды. Бұл биологияда молекулярлы  сатыда  метаболиттік  процестердің  зерттелуіне  мүмкіндік берді. Метаболизм - тірі жүйені сақтау үшін ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы. Биохимиядан алғашқы оқулықтар (И. Зимон, Ю. Либих, А. И. Ходнев)  шыққаннан  кейін  ол  ғылым  ретінде  өте  зор  қарқынмен  жан-жақты дами бастады.Орыс  биохимиясының  негізін  салушы  А.  Я.  Данилевский  (1838-1923)  болып  есептеледі.  А.  Я.  Данилевский  жəне  оның  шəкірттері   көптеген   белоктардың   құрамын,   құрылысын,   қа-сиеттерін   зерттеді.   Белок   молекуласының   полипептидтік   құ-рылыс  теориясының  негізін  құрды.  Ферментативтік  жолмен  белокқа  ұқсас  заттарды  синтездеу  іске  асырылды.  Ферменттерді  алу  жəне  тазалау  əдістері  ашылды.  Таза  күйінде  амилаза  жəне  трипсин  ферменттері  алынды.  Сондай-ақ,  ферменттердің  қайтымды  қасиеттерін  жəне  антиферменттерді  ашу  процестері  де                  А. Я. Данилевскийдің еңбегімен байланысты. 1891  ж.  Петербургте  М.  В.  Ненцкий  бірінші  биохимиялық  лаборатория  ашты.  Гемнің  құрылысын  зерттеп,  гемоглобин  мен  хлорофилдің ұқсастығын тапты. Белоктың шіруінен пайда болатын өнімдерді, бактериялардың химиялық құрамын зерттеді. В. Г. Гулевич бұлшық еттен карнитин, карнозинді тапты. С. С. Салазкин жануар ағзасындағы азоттық алмасуды зерттеді. Осылай    ерекше қарқынмен    өсімдіктер    биохимиясы    да    дами   бастады.   Санкт-Петербург   университетінің   профессоры   А. С. Фаминцын жəне оның шəкірттері проф. Д. И. Ивановский, И. П. Бородин (ол əрі композитор еді) өсімдіктер биохимиясының дамуына  орасан  зор  үлес  қосты.  Академик  С.  Н.  Костычев  көмірсулардың   өзгеруін   –   бір   түрден   екінші   түрге   айналуын  зерттеді,  əсіресе,  көмірсулар  метаболизміндегі  ашу,  тотығу  процестерін  зерттеулерінің  қорытындыларына  сүйене  отырып,  əлемге  əйгілі  бірнеше  баға  жетпес  ғылыми  еңбектер  жазды.  

...

Скачать:   txt (20.4 Kb)   pdf (185.7 Kb)   docx (56.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club