Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жобаларды басқаруға кіріспе

Автор:   •  Февраль 8, 2019  •  Лекция  •  8,555 Слов (35 Страниц)  •  2,248 Просмотры

Страница 1 из 35

1-тақырып. Жобаларды басқаруға кіріспе.

1. Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу.

2. Ақпараттық жүйелердің  жобасын басқару түсінігі.

3. Жоба  және жобаларды басқару анықтамасы.

4. Жобаның ерекше белгілері.

5. Жобаларды басқару функциялары.

Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқару түсінігі.

Шетелдерде жобаны басқару түсінігі ХХ ғ.30-50 ж. пайда бола бастады. 1937 ж. американдық ғалым Л. Гулик күрделі жобаларды басқару және оны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырудың алғашқы матрицалық құрылымын жасады. Ол  1953-1954 ж. алғаш рет АҚШ әскери-әуе күштерінің бөлімдерімен бірлескен жоба ретінде толық көлемде қолданыла бастады. Ал 1955ж АҚШ әскери-теңіз флотының арнайы жобаларында да қолданысқа ие бола бастады. Бұл ауқымды күрделі жобаларды басқару кезінде интеграцияға жету үшін ұйымдастырылған ең алғашқы механизм болды.1956ж. DuPont de Nemours & Со компаниясы жобаларды басқару әдістері мен жабдықтарын жасау үшін арнайы топты құрды. 1957 ж. бұл жұмыстарға UNIVAC зерттеу орталығы және  Remington Rand фирмасы қосылды. 1957 ж. аяғына қарай Дж. Келли мен Р. Уолкер жетекшілігімен UNIVAC ЭЕМ-де программалық қамтудың сыни жол (Critical Path Method – СРМ) әдісі жасалынды. 1957-1958 жж. аралығында Buz, Allen and Hamilton фирмасы СРМ-нан кейін Polaris (US Navy) программасы үшін жобалар мен программалар (Program Evaluation and Review Technique – PERT) жоспарын бағалау және қайта қарау жүйесі сынақтан өткізілді және аяқталды. Осы жылдары құрастырылған желілік жоспарлау, басқарудың әдістері мен техникасы жобаны басқарудың дамуына зор үлес қосты. 1958ж. өзінде жұмыстарды жоспарлау, тәуекелдікті бағалау, бағаны бақылау және ресурстарды басқару үшін АҚШ-дағы ірі әскери және азаматтық жобалар қатарында PERT пен СРМ қолданылды. 1959ж. Андерсон комитетімен (NASA) өмірлік кезеңнің әр кезеңінде жобаны басқаруға арналған  жүйелік тәсілдеме дайындалды. PERT/COST базасында IBM фирмасы жобаны басқару үшін жүйе ретінде программалар пакетін құрастырды, желілік техника негізінде жобаларды бақылаудың алғашқы жүйелері жасалынды және т.б. Еуропа мен Америкада жобаларды басқарудың желілік әдістері қолданыла бастады. Шынында, 70-ші жылдар желілік жоспарлау мен басқарудың даму, ендірілу жылдары болып саналады. Жүйелер теориясы мен жүйелік тәсілдемеге негізделген мақсат функциясын оңтайландыру кезінде тиімді қолданылатын әдістер мен жабдықтар құрылды. Жобаны басқару (80-жылдар) нақты тапсырыс берушіге бағдарланған кәсіби сала ретінде дами бастады. 90-жылдары жобаны басқару кәсіби деңгейде пән аралық сала ретінде қалыптасты.

АЖ-дің жобасы д/з қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке немесе алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар және сапалы  жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. АЖ-ді құру жобасы – шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені. Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады.

Көрсеткіштер:

–жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы;

–жұмыстың еңбекөнімділігі;

–жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны;

–құны;

–коммерциялық тәуекелдік;

–өміршеңдік қабілеті;

–бәсекелестік қабілеті;

–қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі.

Жобаның орнықты сипаттамалары:

–жаңалығы;

–заманауилығы;

–кешенділігі;

–жүйелілігі;

–сенімділігі;

–техникалық жүзеге асуы;

–практикалық жарамдылығы және т.б.

Жоба және жобаларды басқару анықтамасы. Жобаның ерекше белгілері. Жобаларды басқару функциялары.

Жоба – бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі.

...

Скачать:   txt (130.8 Kb)   pdf (235.9 Kb)   docx (42.3 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club