Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектептің тұтас педогогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару

Автор:   •  Ноябрь 4, 2018  •  Задача  •  392 Слов (2 Страниц)  •  1,432 Просмотры

Страница 1 из 2

БӨЖ №1

Тақырыбы: Мектептің тұтас педогогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару

(жағдаят құрастыру)

Орындаған: 

Топ: 

Тексерген:.

Мектептің тұтас педогогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару

№1 жағдаят

Жалпы орта білім беретін мектепте биология пәні мұғалімі мен химия пәні мұғалімі "Биология есігін, химия кілтімен ашайық" тақырыбында  кіріктірілген ашық сабақ өткізуді жоспарлады. Пән мұғалімдерінің бірі жиырма жылдық тәжіриебесі бар өте  білікті педагог,ал екіншісі енді ғана жұмысқа кірген жас маман. Сабақ өткізу барысында аға әріптесі өзінің басымдылығы мен маңыздылығын үнемі айтып,  жаңадан келген маманның кәсіби қасиеттерін алға тартып әрдайым оқушылар мен әріптестерінің алдында кемсітіп отырды. Алайда жас педагог ағылшын тілін жетік білетін, оқытудың жаңа озық әдістерін меңгерген, осылайша оның беделі сабаққа қатысушы басқа мұғалімдер арасында өсе бастады. Қарсыласы, яғни тәжірибелі ұстаз әріптесінің лайықты рөлін қабылдағысы келмеді. Ал жас маман осы кезде эмоционалдық дағдарысқа ұшырауға  шақ қалды.

Шешімі:

Бұл жағдайды шешу кезінде төмендегі кеңестерге назар аудару қажет.

  •   Қақтығысты жағдайда қарсыласыңызға ойша бейімделіңіз. Көзіне  қарап, бет-әлпетінің, тұрысының, қолының өзгеруін қадағалаңыз.
  •   Өзіңізді осы күйде және осы рөлде сезінуге тырысыңыз. Әңгімелесушіні тыңдап, зерделеп, сөзін бөлмей толық айтуға мүмкіндік беріңіз.
  •   Қарсыласыңызға жеке тұлға ретінде және беделді жоғары дәрежелі мұғалім ретінде сыпайылық көрсетіңіз.
  •   Кез келген қалыптасқан жағдайдан мүмкіндік болса қорытынды шығаруға тырысыңыз.

Нәтижесінде жас педагог пен тәжірибелі ұстаз бір-біріне зиян келтірмей, жаңа оқу бағдарламаларын меңгеруде одақтастық жасайды.

№2 жағдаят

Математика пәні мұғалімі қоңыраудан кейін оқушыларды біраз уақыт ұстап қалды. Нәтижесінде оқушылар келесі физика сабағына кешігіп келді. Физика пәні мұғалімі математика пәні мұғаліміне наразылығын білдірді, себебі бақылау жұмысы жоспарланған болатын. Ол өз пәнін өте күрделі екенін  және оқушылардың кешігуіне байланысты сабақ уақытын жоғалту дұрыс емес деп санайды. Математика пәні мұғалімі де өзінің пәні өте маңызды және қиын екенін айтты. Әңгіме дәлізде көптеген куәгерлердің көзінше жоғарғы тонда(жоғарғы дауыс ырғағымен) болып жатты....

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (121.3 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club