Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
Автор: Anel2005050909 • Февраль 8, 2023 • Эссе • 509 Слов (3 Страниц) • 401 Просмотры
Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
"Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деген Әлихан Бөкейханов - халыққа қызмет етудің нағыз үлгісін көрсеткен қайраткер. Сертке адалдықтың, антқа беріктіктің, ұлт алдындағы жауапкершілікті көтере білудің үлгісін үйретіп кеткен тұлға деп ойлаймын. Себебі, қазақ үшін жаны қыл ұшында тұрған шақта да ол сертінен танбады. Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің саяси маңызды тұжырымы – тәуелсіздік жолында қарудың күшіне емес, білімнің күшіне сену болатын. Өзі адал қызмет етуге серт берген қазақты тәуелсіздікке бастайтын жол – заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру, қазақ қоғамын жоғарғы деңгейге жеткізу деп санады. Сондықтан да, осы мақсат жолында аянбай еңбек етті, ғылымда да, , мәдениетте де, саясатта да осы ұстанымынан айнымады. Дегенмен, «Бүкіләлемдік дара тұлға» деп танылған Әлихан Бөкейханов қазақ үшін кім?
Біріншіден, аса көрнекті қазақ зиялысы және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов XX ғасырда қазақ даласында құрылған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде танылды, қалдырған жазба мұралары да аз емес, алайда солардың ішінде, ерекше назар аудартатыны қанатты сөздері деп айта аламын. Себебі, бар өмірін халық қамын ойлаумен өткізген қайраткердің қанатты сөздеріндегі тәуелсіздік тағылымы ерекше. Халқымыздың басынан сан алуан қиындық өтті , алайда ең бастысы азаттық жолындағы күрес еді. Сондықтан да, ұлттың қамын ойлап, басын бәйгеге тігіп күрескен азаматтың әр кездері, әр жылдары айтқан қанатты қағидаттарының да бүгінгі жас ұрпақ үшін, тәуелсіз қазақ елі үшін берер ғибраты мол. Мысалға Әлихан Бөкейхановтың:
...