Конфликтология. Қақтығыстардың түрлері. Қақтығыстарды шешу тәсілдері
Автор: Ersultan Kydyrbai • Ноябрь 10, 2020 • Реферат • 1,347 Слов (6 Страниц) • 5,153 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
“Астана Медициналық университеті” АҚ
Реферат
Тақырыбы: Конфликтология. Қақтығыстардың түрлері. Қақтығыстарды шешу тәсілдері.
Орындаған: Қыдырбай Е.О.
Тексерген: Хамзина М.Б.
Нұр-Сұлтан қаласы 2020ж
Мазмұны
1.Кіріспе.............................................................................................................3
2.Негізгі бөлім...................................................................................................4
2.1.Конфликт түрлері..............................................................................4
2.2.Конфликт түрлерінің пайда болу себептері....................................5
2.3.Конфликтті шешу жолдары..............................................................6
3.Қорытынды......................................................................................................9
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................10
Кіріспе
Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – тұлғааралық немесе адамдар тобы әрекеттесуі мен қатынасуы кезінде, олардың ойлары мен ықпалдарының бір немесе бірнеше сәйкес емес, қарама-қайшы келуі салдарынан, негативтік не эмоцианалдық әсерден екі жақты да уайымға, қобалжуға әкелу [1].
Конфликт диагностикалық және қалыптастырушы тәсіл ретінде – конструктивті және продуктивті қызметті педагогикалық және психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Сонымен қатар конфликтінің оқуда жетістікке жетудегі қажеттігін көрсетеді. Конфликт диагностикалық ситуация ретінде – осы контексте ол ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтауда психологияда қолданылатын термин ретінде емес, белгілі бір жетістіктерді тіркеп отыруға мүмкіндік беретін термин ретінде қолданылады.
Конфликт үйрету - оқыту ситуацияларының негізі ретінде – мұның позитивті мәні бала үшін оның өзінің мүмкіндіктерін ашып беруінде. Мінез-құлықтың қалыптасқан формасы «қажеттіліктер және мотивтер-нақты объект» байланысына сәйкестігін жоғалтқан кезде балаларда конфликт пайда болады[2].
Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын-ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау. Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері- конфликтіге түсуші жақтар, конфликтінің пәні, конфликтілі жағдайдың кейпі, конфликтінің мақсаттары, конфликтіге түсуші жақтардың позициялары[3].
Негізгі бөлім
2.1.Конфликт түрлері
Конфликттердің(қақтығыстардың) негігі түрлеріне жатады:
- тұлғааралық және тұлғаішілік қақтығыстар
- отбасы ішіндегі қақтығыстар
- басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар
- әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар
- ұлтаралық қақтығыстар және т.б.
Тұлғааралық қақтығыс адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі. Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді. Бұл қақтығыс түрінің пайда болу себептері: өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау, социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы; психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі; басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы), өзін өзгеден жоғары деңгейде санау.
Отбасы ішіндегі қақтығыстар – отбасы мүшелерінің өзара әрекеттеріне қарай негізделіп, ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары және т.б. болып бөлінеді.
Басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар басшының абыройы, өзара сый-құрмет, басқару стилі және ұжымдағы қолайлы климат (әлеуметтік-психологиялық климат) қалыптастыру мәселелерін қамтиды. Жалпы ғылым саласында да, практикада да кездесетін өзекті мәселе.
Әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар деп отырғанымыз – әлеуметтік іс-әрекет барысында қарсы жақтардың мүдделерінің, мақсаттарының, жеке тұлғалар мен топтардың қажеттіліктерінің қайшылыққа ұшырауы, күресі.
...