Авторлық және сабақтас құқықтардық қылмыстық құқықтық қорғау
Автор: saulen01 • Май 27, 2020 • Курсовая работа • 20,004 Слов (81 Страниц) • 598 Просмотры
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына шолу жасалып, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жолдары аталып өтті. Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу қылмыстық құқық бұзушылығына сипаттама беріліп, осы салада бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Интеллектуалдық меншік құқығы демократиялық, құқықтық мемлекеттердің басты белгілерінің бірі болып табылады. Интелектуалдық меншік құқықтың бір саласы ретінде авторлық және сабақтас құқықтар жатады. Авторлық және сабақтас құқықтар ғылыми және тәжірибе тұрғыдан маңызды рөл атқарады. Осының негізінде мәселенің жай-күйі және қорғау жолдарын жетілдіру нысандарын анықтау жұмыстың өзекті мәселесі болады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында зияткерлік меншік құқығын құқықтық қорғау мәселесі де назардан тыс қалдырылмаған. Онда «зияткерлік меншік құқығын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді ұлттық мүдделерді сәйкес келтіруге баса назар аудару қажет» делінген [1].
Егер тарихқа зер салсақ, авторлық құқықтың алғашқы белгілері ежелгі дәуір мен орта ғасырларда пайда болған. Сол замандардың өзінде-ақ біреудің әдеби шығармасын өзге біреудің пайдаланып кетуі өрескел жағдай деп есептелген. Шығарма авторына өзінің экономикалық мүддесін қадағалау мүмкіндігі қиындай бастаған. Сондықтан да, әр түрлі заңдар қабылданып, авторлар құқығын қорғауға жағдайлар туғызылып бастаған. Туынды пайда болысымен (тауар өндірілісімен, яғни тұтыну құны пайда болысымен) автор басқа тұлғалармен қарым-қатынас жасай бастайды.
Қазақстан Республикасының «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 1-бабында санаткерлік меншік саласында «ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты» туындайтын қатынастарды реттейді [2].
Өкінішке орай, қазіргі таңда біздің елімізде заңға қайшы келетін лицензиясыз және адамгершілік-этикалық мазмұны жағынан өте төмен, сондай-ақ сапасы төмен өнімдер сататын бейнетаспа дүмбіршектері көбейіп тұр. Осының әсерінен, қалалар мен елді мекендерде «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заңнамасына қайшы келетін, мемлекеттік бюджетке қаржылық шығындар келтіретін контрафактілік дыбыс және бейне өнімдері, компьютерлік иеліктері, лазерлік компакт-дискілер еркін сатылуда.
Авторлық құқық ұзақ мерзім бойы және өзінің құнын мүлдем жоймайды, тұрақты айналымда жүреді. Үнемі айналымда болуына байланысты қандай да бір туынды тауар-ақша қатынасына түседі. Тауар-ақша айналымына көптеген тұлғалар қатынасқа түсетін болғандықтан, сәйкесінше, құқықбұзушылықтар саны да арта түседі. Осы құқықбұзушылар автордың туындыларын таратып, я оны пайдаланғаны үшін өзіне келіп-түскен кірістеріне еш салық төлемейді және туынды иелеріне де төлемақы аударып отырмайды.
Бір жағынан, осындай өнімдер дайындалмаса, қарапайым адамдар лицензиясы бар, сапасы жағынан өте жоғары бейне немесе дыбыс жазбаларын, соған қоса, компьютерлік ойындар немесе бағдарламаларын жоғары бағаға, яғни қолжетімсіз бағаға алуына көбінің жағдайынан келмейді. Соның нәтижесінен, құқықбұзушылық жолымен сол өнімге, туындыға қол жеткізуді ойластырады, не сондай жолдарға барады. Қазіргі таңда мұндай жолмен екінің- бірі қалаған нәрсесін тауып, соған қол жеткізеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыстың жазылу барысында көптеген отандық ғалымдар және шетелдік авторлардың еңбектері пайдаланылды. Атап айтқанда, Ағыбаев А.Н., Борчашвили И.Ш., Каудыров Т.Е., Зиманов С.З., Баймаханов М.Т., Сартаев С.С., Сулейменов М.К., Рахметов С.М., Алауханов Е.О., Бапанов Т.Е. еңбектеріне сүйендім. «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңды басшылыққа алдым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты − авторлық және сабақтас құқықтың басты ерекшелігіне назар аударып, оларды қорғаудың басты жолдарын қарастыру. Сонымен қатар, авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу қылмыстық құқық бұзушылықтарын шектеуге байланысты ұсыныстар тұжырымдау.
...