Арқалықтық тақтасы бар тұтасқұймалы қырлы аражабындыны жобалау және есептеу мысалы
Автор: 011025500033 • Октябрь 21, 2021 • Реферат • 1,792 Слов (8 Страниц) • 539 Просмотры
Нұрмұхан Мереке. 70-вариант
- Ғимараттың ені мен ұзындығы: LxB(м), 16,2×58,5 м.
- Ұстындардың ұя аралығы: lxb(м), 5,4×6,5 м.
- Қабат саны, n=3
- Қабаттың биіктігі, hқ= 3,6 м
- Сипаттамалық уақытша жүктеме V= 10,7 кН/м2
- Құрылыс орны: Қызылорда
- Бетон материалы: С22/30 немесе В30
- Арматура материалдары: 1) тақта S500; 2) басқалар S400;
2 Арқалықтық тақтасы бар тұтасқұймалы қырлы аражабындыны жобалау және есептеу мысалы
2.1 Аражабынның конструктивтік схемасы
Арқалықтық тақтасы бар тұтасқұймалы қырлы аражабындыны есептеп құрастыру керек. Ғимараттың жоспардағы өлшемдері 16,2×58,5 м. Ұстындар торы 5,4×6,5 м. Пайдалы жүктеме мәні 10,7 кН/м², оның ішінде ұзақ мерзімді - 8 кН/м² (жүк бойынша сенімділік коэффициенті γf =1,2). Аражабын элементтерін жобалау үшін төмендегідей конструктивтік схема қабылданды (2.1-сурет). Бас арқалықтар көлденең бағытта (lб.а =5,4м), көмекші арқалықтар бойлық бағытта (lк.а=6,5 м) орнатылды, тақта аралығы lТ =2,25м.
[pic 1]
2.1-сурет. Арқалықтық тақтасы бар тұтасқұймалы қырлы аражабындының есептеу мысалына
2.2 Элементтердің көлденең қималарының өлшемдерін тағайындау
Элементтердің өз салмақтарын және есептік аралықтарын анықтау үшін алдын-ала арқалықтардың және тақтаның көлденең қима өлшемдерін 1.1 тарауының талаптарына сәйкес тағайындаймыз:
Бас арқалық қимасының биіктігі: h= ÷ lб.а = ÷ 650= 1018,7≈1020 см[pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]
Қима биіктігін тағайындаймыз: hб.а= lб.а= = 54≈55 см[pic 6][pic 7]
Қима енін тағайындаймыз: bб.а= = = 22 см ≈ 20 см. [pic 8][pic 9]
Көмекші арқалық биіктігі: hк.а = ÷ lк.а = ÷ 540= 900 см[pic 10][pic 11][pic 12][pic 13]
Көмекші арқалық биіктігін тағайындаймыз: hк.а= 540=41,5≈40 см[pic 14]
Көмекші арқалық ені: hк.а = (0,3 ÷ 0,5)· hб.а=(0,3 ÷ 0,5)· 55= 33≈ 30 см
Тақта қалыңдығын h’f = 80 мм қабылдаймыз.
2.3 Жобалауға арналған мәліметтер
Құймалы қырлы қабат аралық жабынға ауыр бетон C22/30 немесе В30 класы алынды. Бетонның есептік кедергісі 13 кестеден [1] fcd = 12,46 МПа, fctd = 1МПа.
Тақтаны А-III клас сымынан жасалған дәнекер тормен темірлейді.
Көмекші арқалықтың бойлық жұмыстық арматурасы А-III класынан. Есептік кедергілері 22* кестеден [1] (fyd=435 МПа, fyd=348 МПа, Es=2,0·105 МПа).
2.4 Арқалықтық тақтаны есептеу және құрастыру
Есептік аралықтарды және жүктемелерді анықтау
Тұтасқұймалы арқалықтық тақтаның негізгі өлшемдері конструктивтік схемасында көрсетілген (2.2.а сурет). Арқалықтық тақтаны есептеу үшін ені 1 м жолақты алып (2.1 суреттердегі 1-ші жолақ) көп аралықты кесілмеген арқалық ретінде қарастырамыз. Аралығы бестен көп болғандықтан, бес аралықты деп есептейміз (2.2.в сурет).
Орта аралықтардың мәнін (1.2) формула бойынша анықтаймыз (2.2.а сурет):
leffорт. = ly = ln + a1 + a2= 1600+40+40=1680 см;
мұнда ln – тақтаның орта аралығындағы көмекші арқалықтардың қырлар арасындағы арақашықтық 1800-200=1600мм
a1 =min (0.5h ; 0.5t)=(0.5*80; 0.5*200)=40мм.
Тақтаның ұзын бағыттағы есептік аралығы бас арқалықтардың қырлары арасындағы қашықтыққа тең:
lx = l2 – bб.а = 650-20=630 см;
мұнда l2 – тақтаның орта аралығындағы бас арқалықтар арасындағы арақашықтық
...