Психология дамуына үлес қосқан шетел ғалымдары
Автор: arnurrakhugai • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 978 Слов (4 Страниц) • 2,409 Просмотры
Қазақстандағы Республикасы білім және ғылым министірлігі
Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
[pic 1]
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Психология дамуына үлес қосқан шетел ғалымдары
Орындаған:
Тексерген:
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психология ғылымының даму тарихы
Антикалық дәуірдегі және орта ғасырдағы философтардың жан және сана туралы түсініктері. Тұрмыстық психология ғылыми психологияның негізі ретінде. Антикалық дәуірдегі ойшылдардың идеалистік және материалистік көзқарастары. Аристотельдің жан ғылымы. Сократ және Платонның жан туралы ілімінің молральдық-этикалық қырлары. Декарт дуализмі.
Сананы интроспекциялық тұрғыда қарастыру және өзін-өзі бақылау мәселесі. Рефлексия туралы Дж.Локктың ілімі. Интроспекциялық психология. ХVII-XVIII ғасырдағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы: Р.Декарт, Дж.Локк, Д.Юм, Ш.Монтескье, Х.Вольф т.б. Ассоциативтік психология.
Шет елдегі психологияның дамуы (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы, бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм). Бихевиоризм мектебінің өкілдері: Дж.Уотсон, Э.Торндайктың көзқарастары. Олардың психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым ретінде қарастыруы. Гештальтпсихология мектебінің психологияның дамуына тигізетін ықпалы, оның көрнекті өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Коффка т.б. Бейсаналық психологиясы (З. Фрейдтің ілімі).
Классикалық психоанализ. Психоанализдегі тұлғаның даму динамикасы және құрылымдары, зерттеу әдістері, тұлғаның даму сатылары, осы теорияға сынды талдау. Психологияда қолданудың теориялық-қолданбалы аспектілері. Фрейдтің психиканың қорғаныс механизмдерін ашуы. Ығыстыру, проекция және басқа қорғаныс механизмдері және олардың адаптивті мәндері. Тұлғаның мінез құлқын жеңетін механизмдер. Тұлға құрылымындағы ерік. Тұлғаның белсенділігі және қажеттіліктері. Психоанализдегі зерттеу әдістері. Фрейдтің ғылыми кредосы. Еркін ассоцациялар және түс көруді анализдеу. Фрейдтің өзін талдауы. Психоанализдің бүгінгі статусыф және оның бағасы.
Ресейде психологияның қалыптасуы. Ресейде психологиялық ой пікірлердің XVIII ғасырда дамуы. М.В.Ломоносовтың психологиялық көзқарастары. А.Ф. Лазурский, В.М. Бехтерев және т.б. Ресейде психологияның дамуына тигізген ықпалы. Кеңес психологиясының қалыптасуы. С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурияның психологиялық мектеп.
Психологиялық ой-пікірлердің Казақстанда дамуы. Әль-Фарабидің психологиялық көзқарастары. XI-XII ғ.ғ. Ю.Баласағүни, М.Қашғари, А.Яссауидің психологиялық ой-пікірлері. Қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. М.Мұқановтың, Ж.И.Намазбаева, В.К.Шабельников, Н.А.Логинова, С.М.Джакупов, Х.Т.Шерьязданова, Қ.Б.Жарықбаев және т.б. психологиялық зерттеулері. Қазақстанда психологияның қазіргі кезде дамуы. Психологияның экспериментальды ғылым ретінде дамуы (В. Вундт). Психологияның жаңа бағыттары (гуманистік психология, экзистенциалды психология, когнитивті психология т.б.). Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері: Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Х.Хайдер, У.Найсердің қосқан үлестері. Гуманистік психологияның негізін салушы А.Маслоудың көзқарастары.
...